«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар



Pdf көрінісі
бет127/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   295
Байланысты:
Неке

бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар 
адамдар
Асырап алынған баланың ата-аналары, бала асырап алушының жұбайы, бала асырап 
алуға байланысты құқықтары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншылық немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган бала асырап алуды 
жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқылы. 
105-
бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп танудың салдары
1. Бала асырап алу туралы сот шешiмi шыққан кезден бастап бала асырап алу 
жарамсыз деп танылады.
2. Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерi 
үшін қажет болса, асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың, бала асырап 
алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен мiндеттерi тоқтатылады және бала мен 


оның ата-аналарының (оның туыстарының) өзара құқықтары мен мiндеттерi қалпына 
келтiрiледi. 
3. Егер олар асырап алу кезінде өзгерсе, ата-аналардың талап етуi бойынша балаға 
бұрынғы аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тегi берiледi, сол сияқты бұрынғы туған 
күні, айы, жылы мен туған жері қалпына келтіріледі.
4. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген 
күннен бастап сот үш күн iшiнде осы шешiмнiң үзінді көшірмесін бала асырап алуды 
мемлекеттiк тiркеу орны бойынша тіркеуші органға және қорғаншылық немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жiберуге мiндеттi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет