Заңымен
101-
бап жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
101-
бап. Асырап алынған баланың жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік
төлемдерге құқығының сақталуы
Өзі асырап алынған кезге қарай ата-аналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарына,
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік
төлемдерге құқығы бар бала осы құқықты асырап алынған кезде де сақтайды.
102-
бап. Бала асырап алу құпиясы
1. Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады.
2. Ата-аналары, туыстары, баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды
жүзеге асырған ұйымдардың және (немесе) бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеудi
жүзеге асырған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, бала асырап алу туралы
шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар
болған басқа да адамдар бала асырап алу құпиясын сақтауға мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: |