103- бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану 1. Бала асырап алу:
1) бала асырап алу туралы сот шешiмі жалған құжаттар негiзiнде қабылданған;
2) осы Кодекстің
93- бабында
аталған адамдардың келісімінсіз бала асырап алынған;
3) некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) адам басқа жұбайының жазбаша келiсiмiнсiз
бала асырап алған;
4) осы Кодекстің
91- бабының 2-тармағында
көзделген ережелер бұзылған
жағдайларда жарамсыз деп танылады.
2. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
3. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы iстi асырап алушылардың,
прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен сот қарайды.
104-