«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі



Pdf көрінісі
бет158/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   295
Байланысты:
Неке

72-
бабында
 
көзделген талаптар сақталған жағдайда, 
қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланы тәрбиелеудiң тәсілдерін өз бетінше 
айқындауға құқылы.
Қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрiн ескере отырып, баланың бiлiм алу 
ұйымын және оқу нысанын таңдауға құқығы бар және баланың міндетті орта бiлiм алуын 
қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. 
Қорғаншы немесе қамқоршы қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланы 
өздерiнде заңды негiздерсiз ұстап отырған кез келген адамдардан, оның iшiнде баланың 
жақын туыстарынан қайтарып алуды сот арқылы талап етуге құқылы.
3. Мұндай араласу баланың мүдделерiне сай келмейтін жағдайларды қоспағанда, 
қорғаншы немесе қамқоршы баланың өз ата-аналарымен және басқа да жақын 
туыстарымен араласуына кедергі келтіруге құқылы емес.
4. 
Қамқорлыққа алынушылар білім беру ұйымында немесе медициналық ұйымда 
тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке 
толмағандардың қорғаншылары немесе қамқоршылары өздерiнің қамқорлығына 
алғандармен бiрге тұруға мiндеттi. Бұл қамқорлыққа алынушының тәрбиесiне және оның 
құқықтары мен мүдделерiн қорғауға қолайсыздық туғызбайтын болса, қорғаншылық 
немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсатымен 
қамқоршының он алты жасқа толған қамқорлыққа алынушыдан бөлек тұруына жол 
берiледi.
Қорғаншылар немесе қамқоршылар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын органдарға тұрғылықты жерiнiң өзгергенi туралы 
хабарлауға мiндеттi.
5. 
Қорғаншы кемiнде алты айда бiр рет қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын органға қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы 
туралы және оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару жөнiндегi жұмыс 
туралы есептер беруге мiндеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет