129- бап. Қорғаншыларды немесе қамқоршыларды өз міндеттерін атқарудан босату және шеттету 1. Кәмелетке толмаған қамқорлыққа алынушы оның ата-аналарына немесе оны асырап
алушыларға қайтарылған жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншыны немесе қамқоршыны өз мiндеттерiн
атқарудан босатады.
Қамқорлыққа алынушы тиісті білім беру ұйымына, медициналық және медициналық-
әлеуметтік ұйымға немесе басқа да арнайы ұйымға орналастырылған кезде, егер бұл
қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган бұрын тағайындалған
қорғаншыны немесе қамқоршыны өз мiндеттерiн атқарудан босатады.
2.
Қорғаншы немесе қамқоршы дәлелдi себептер болған кезде (науқастануы, мүлiктiк
жағдайының өзгеруi, қамқорлыққа алынушымен өзара түсiнiстіктің болмауы және
басқалары) өз өтiнiшi бойынша немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша өз мiндеттерiн атқарудан
босатылады.
3.
Қорғаншының немесе қамқоршының өз міндеттерін тиісінше атқармауына, оның
ішінде қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жеке басының мақсаттарына
пайдалануына не қамқорлыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз
қалдыруына тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншыны немесе
қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттетуге және қажетті шаралар қолдануға
міндетті.