17-1-
тарау. БАЛАНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ОТБАСЫ
132-1-
бап. Баланы қабылдайтын отбасы
1. Баланы қабылдайтын ата-аналардың, жетім балалардың, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалардың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен білім беру ұйымы
арасында жасалған жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды
баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт жетім балаларды, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беруге негіз болып
табылады.
Аға-інілер мен апа-сіңлілерді (қарындастарды) қоспағанда, баланы қабылдайтын
отбасы тәрбиелеуге кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдай алады.
2. Баланы қабылдайтын отбасылар туралы ережені Қазақстан Республикасының
балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |