«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


-2- бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған



Pdf көрінісі
бет165/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   295
Байланысты:
Неке

132-2-
бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт
1
. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы 
қабылдайтын отбасына беру туралы шартта жетім балаларды, ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру 
жағдайлары, баланы қабылдайтын ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен 
жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар болған білім беру 
ұйымының баланы қабылдайтын ата-аналарға қатысты міндеттері, сондай-ақ осындай 
шартты тоқтатудың негіздері мен салдарлары көзделуге тиіс. 
Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар баланы қабылдайтын 
ата-аналарға көрсетілген шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. 
Баланы қабылдайтын отбасына берілген әрбір жетім балаға, ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балаға жеке шарт жасалады. 
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы 
қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың мерзімі аяқталған жағдайда, оның 
отбасында болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі. 
2
. Баланы қабылдайтын ата-аналарға еңбекақы және ақшалай төлемдер төлеу тәртібі 
мен мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 
3
. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы 
қабылдайтын ата-аналарға беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу: 
1) дәлелді себептер (ауруы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, 
баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалды қатынастар және 
басқалар) болған кезде баланы қабылдайтын ата-аналардың бастамасы бойынша; 
2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, 
тәрбиелеу және оларға білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде 
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның 
немесе жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар болған білім беру 
ұйымының бастамасы бойынша; 
3) бала ата-аналарына қайтарылған, туыстарына берілген немесе бала асырап алынған 
жағдайларда мүмкін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет