132-5-
бап. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды
қаржыландыру
Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды,
ата-аналарының
қамқорлығынсыз
қалған
балаларды
күтіп-бағуды
қаржыландыру
Қазақстан
Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы
белгілеген тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
18-
тарау. ПАТРОНАТ
133-
бап. Патронат
1. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық
кәмелетке толмаған
жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру
ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға белгіленеді.
2. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген
адам мен қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган арасында жасалған
баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындауына негіз болып
табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР
Заңымен
3-
тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
3.
Патронаттық тәрбие туралы
ережені
Қазақстан Республикасының балалар
құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: