бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органдар
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жүргізеді.
2013.03.07. № 121-V ҚР
Заңымен
2-
тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
); 2014.29.09. № 239-
V
ҚР
Заңымен
2-
тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
2. Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде ауыл, кент, ауылдық округ әкімі өздерінің
аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге арналған құжаттарды
қабылдауды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және оларды осы Кодексте
көзделген мерзімдерде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу
үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың тіркеуші органына беруді, сондай-
ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер беру мен тапсыруды жүргізеді.
2013.03.07. № 121-V ҚР
Заңымен
3-
тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3. Ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарының азаматтық хал актілерін тіркеуді
ұйымдастыру тәртібін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті
атқарушы органдарының келісімі бойынша аумақтық әділет органдары айқындайды.
4. Тіркеуші органдардың лауазымды адамдары өздеріне, өздерінің жұбайларына және
жақын туыстарына қатысты азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізуге құқылы емес.
Мұндай жағдайларда азаматтық хал актілерін тіркеуді тіркеуші органның басқа да
лауазымды адамы немесе басқа тіркеуші орган жүргізеді.
180-
Достарыңызбен бөлісу: |