«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі



Pdf көрінісі
бет75/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   295
Байланысты:
Неке

48-
бабында
 
көзделген қағидалар бойынша анықталады. Мұндай өтініш 
болмаған жағдайда бұл мәселе сот тәртібімен шешіледі.
5. Баланың анасымен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамның әке болуы 
баланың әкесi мен анасының тіркеуші органға бiрлесiп өтініш беруі арқылы анықталады. 
Анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабiлетсiз деп танылған, анасының болған жерiн 
анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда немесе ол ата-ана құқықтарынан айырылған 
жағдайда - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
органның келiсiмiмен баланың әкесiнiң өтініші бойынша, мұндай келiсiм болмаған кезде - 
сот шешiмi бойынша анықталады. 
Егер анасының жұбайы болып табылмайтын еркектiң әке екендiгi анықталған болса, 
баланың анасы босанғанға дейiнгi және босанғаннан кейiнгi кезеңдердiң iшiнде өзiн күтіп-
бағу жөнiндегi шығыстарға арналған тиiстi ақша қаражатын одан сот тәртiбiмен талап 
етуге құқылы. Сот ақша қаражатының мөлшерiн және төлемдердің кезеңділігін 
тараптардың материалдық, отбасылық және назар аударуға тұратын басқа да мүдделерiн 
негiзге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезiнде қолданылып жүрген айлық есептiк 
көрсеткiштiң еселенген арақатынасымен айқындайды. 
6. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасындағы баланың әкесі туралы 
мәліметтерді алып тастау туралы сот шешімі негізінде тіркеуші орган баланың анасының 
жұбайы немесе бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып көрсетілген туу туралы акт 
жазбасындағы баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастайды.
7. Он сегiз жасқа (кәмелетке) толған адамға қатысты әке болуды анықтауға - тек қана 
оның келiсiмiмен, ал егер ол әрекетке қабiлетсiз деп танылса, оның қорғаншысының 
немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
органның келiсiмiмен жол берiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет