Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік


Несеп қышқылының түзілуі туралы түсінік



бет43/72
Дата08.11.2023
өлшемі485,23 Kb.
#190087
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
áõ ýêç (1)

Несеп қышқылының түзілуі туралы түсінік: Пуриндік және пиримидиндік негіздердің ыдырауы әр түрлі жолдармен өтеді. Адам ағзасында пуриндер гидролитикалық дезаминдену арқылы несеп қышқылына дейін ыдырап, осы түрде зәрмен сыртқа шығарылады. Несеп қышқылының түзілуі негізінен бауырда жүреді. Несеп қышқылы – пуриндік нуклеотидтер алмасуының соңғы өнімі, тәулігіне 0,5-1,0 г түзіледі. Несеп қышқылының тұздары (ураттар) – суда нашар еритін қосылыстар. Несеп қышқылының түзілуі күшейгенде (гиперурикемия) және оның шығарылуы төмендегенде подагра ауруы дамуы мүмкін.
Подагра-бұл гиперурикемиямен ,артритпен, тіндер мен буындарда несеп қышқылының натрий тұздарының жиналуымен сипатталатын пуриндік алмасудың бұзылуы.
Несеп қышқылы түзілуі:
Аденин ---- гипоксантин --- несеп қышқылы;
Гуанин ---- ксантин ----- несеп қышқылы.


Күрделі нәруыздар алмасуының соңғы өнімдері:
Күрделі белоктар қатарына мыналар жатады:

  • Фосфопротеиндер

  • Хромопротеиндер

  • Гликопротеиндер

  • Металлопротеиндер

  • Липопротеиндер

  • Нуклеопротеиндер

Нуколеопротеиндер- жай белоктан және простетикалық тобы(нуклеин қышқылынан ) тұрады.
Нуклеопротеиндер алмасуы адам ағзасында өте жақсы жүреді және заттар алмасуында маңызды рөл атқарады. Ең алдымен , нуклеопротеидтердің қорытылуы ас қорыту жолдарында ас қорыту сөлдерінің ферменттерінің әсерінен жүреді.Белоктык бөлік аминқышқылдарына дейін, ал нуклеин қышқылдары пуриндік және пиримидиндік негіздерге, пентозаға, фосфор қышқылына дейін гидролизденеді. Ары қарай, пуриндік және пиримидинддік негіздер ыдырайды. Пуриндік негіздер гидролитикалық дезаминдену арқылы несеп қышқылына дейін ыдырап, зәрмен сыртқа шығаралады.
Несеп қышқылы және несеп қышқылының тұздары- пуриндік нуклеотидтер алмасуының соңғы өнімдері.Тәулігіне 0,5-1,0 г несеп қышқылы түзіледі. Ал, несеп қышқылының тұздары- ураттар, суда нашар еритін қосылыстар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет