Несиелік саясат


Несиелік келісімшарт жасау жəне несие беру



бет13/15
Дата17.05.2023
өлшемі130,07 Kb.
#177012
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Документ Microsoft Word
КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС КАССА ҚҰЖАТТАРЫН ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ, Дебиторлық берешек есебі
9.5 Несиелік келісімшарт жасау жəне несие беру
Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.
Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін жəне жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
-несиелеу мақсаты жəне объектісі;
-несиенің мөлшері;
-несиені беру мерзімі жəне қайтару шарттары;
-несиені қамтамасыз ету формасы;
-несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
-несиенің қозғалысын жəне клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
-несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тəжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың орыны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер жəне мүліктік құқықтар жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:
1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
• тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі; ə) тауарлар жəне дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық құндылықтар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
•бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;
•сол банктегі депозиттер кепілі;
•жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).
2.Мүліктік құқықтар кепілі:
•жалгерлік құқық кепілі;
•авторлық құқық кепілі;
•жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісім-шартта мынадай мəселелер қарастырылады:
•Келісім-шарт жасасушы тараптар туралы мəліметтер;
•Келісім-шарт заты;
•Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
•Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
•Талап ету құқықтары;
•Кепілге қойған мүлікті қайта рəсімдеу, басқа мүлік есебінен;
•Кепілге қойған мүліктің бузылуына байланысты тəуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;
•Тараптардың жауапкершіліктері;
•Ерекше шарттар;
•Дауларды шешу;
•Басқа шарттар.
•Кепіл туралы келісімшарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де мəліметтері.
Бұл кезеңде ағымдық шот ашу, ссуданы беруді құжаттау тəртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тəсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру жəне техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты əр түрлі берілу тəсілдері болады. Біріншісі несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші - белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді).
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сəйкес анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет