... Сен менің мәңгілікке өлмес атым,
Атымды ап алыс жылға жалғасатын.
Әкеде өсиет бар өмір жайлы,
Балада қасиет бар алға асатын.
Сен менің ұшар басым биіктеген,
Жолыңа тапқанымды үйіп-төгем.
Сен менің дүрсілдеген жүрегімсің,
Қай нөрсе сол жүректен сүйікті екен?
Сен мені өскен сайын ойландырып,
Заңдарын табиғаттың ойға алдырып.
Бір қадам басқан сайын өзің мені,
Барасың шежіреге айналдырып...
КДүние қандай жап-жарық
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=4465&Itemid=23
Дүние қандай жап-жарық!
Осындай ма еді бұрын да?!
Байқамаппын аңғарып
Ойдың тапшылығында.
Дүние қандай жап-жарық!
Көңілім неге жабырқау?
Көкірегіме дақ салып
Кетті ме соғыс, япырмау?!
Дүние қандай жап-жарық!
Жырдың алтын бұлағы,
Жалт-жүлт етіп жатшы ағып,
Жарқылдайын мен дағы.
|
|
|
|
Болды менің ермегім.
Тілсіз туыс болаттай.
He қадірлі калды зат.
Паналаған торғайдай.
Қараймын кеп күрсініп.
Шықтық үйден дүркіреп.
Аласұрып, күркіреп.
Келе жатты бір дауыл.
Күтіп тұрды жарлы ауыл.
Сықырлады сырғауыл.
Соқты ышқына көк дауыл.
Ілестім де мен кеттім.
Жігіт болдым, ер жеттім.
Айдалаға лақпассың.
Ақылды айтсын тұлғалы.
Соқса да дауыл дамылсыз.
1940.