Сілтісіздендіру процессіне түсетін мырыш ұнтағының құрамында мырыш басым жағдайда оксид күйінде кездеседі, сонымен қатар ұнтақ құрамында аз көлемде (3-4%) мырыш сульфат түрінде де орын алады. Бұл қатынас мырыш сульфатының суға ерітінділігінен сілтісіздендіру кезіндегі күкірт қышқылын үнемдеу мақсатында сақталады. Мырыш окиды күкірт қышқылымен келесі рекация бойынша жүреді:
ZnO + H2SO4 = ZnSo4 +H2O (1.2)
Сульфидті күкірттің ұнтақ құрамындағы қатынасы 0,3 %-дан аспайды. Мырыш сульфиді сілтісіздендіру жағдайында ерімейді және ерітіндіге мырыштың шығуын төмендете отырып, кектерде қала береді.