Объединение юридических лиц в форме ассоциации «общенациональное движение «бобек»



Pdf көрінісі
бет22/117
Дата27.12.2023
өлшемі3,05 Mb.
#199598
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   117
Байланысты:
Сборник МНПК

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL 
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA» 
ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023 
24 
Ет 
өнімдері 
балалардың 
рационда 
ұсақталған, 
ал 
консервілерді 
гомогенизацияланған түрде енгізу керек, өйткені балалардағы асқазан мен ішектің 
шырышты қабаты нәзік, осал әлі жетілмеген болады. Сондықтан, бұл өнімдердің 
консистенциясы балалар организімінде ас қорыту жүйесін дұрыс сақтауы керек. Сонымен 
қатар, мұндай консервілер нәрестелердің химиялық құрамы, тағамдық құндылығы және 
қауіпсіздігі бойынша кепілдендірілген тамақтануын қамтамасыз етуі керек 
Жас балаларға арналған дайын ет өнімдерінде: хош иістендіргіштер, бояғыштар, 
тұрақтандырғыштар, консерванттар және балалар тағамы өнімдерін өндіруге рұқсат 
етілгендерді қоспағанда, басқа да тағамдық қоспалар рұқсат етілмейді. 
Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке 
тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді 
құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен 
өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, 
ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. Қоректену 
тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері тұмсық пішіні мен басы, 
мойнының ұзын - қысқалылығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының 
ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі. 
Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж жұмыртқадан ұлпа алу 
жолдары да жетілдірілу үстінде. Ғалымдармен мамандардың ең басты мақсаты құс 
өнімдерін тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы 
мақсатта құс шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін. 
Мұздату жағдайында сақталған құс етінің физико-химиялық, функционалды-
технологиялық және органолептикалық сапалық көрсеткіштері толық зерттелмеген. 
сонымен қатар құс етін функционалды тағам өнімдерінің технологияларында қолдану 
туралы ғылыми ақпараттар аз.
Сол себепті химиялық құрамының толық зерттелуі және мұздату жағдайында 
сақталу мерзімін негіздеу, сонымен қатар осы негіздегі функционалды тағам өнімдерін 
құрастыру өзекті және әлеуметтік –экономикалық маңызға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет