Өңдеу өңдірістерінің процестері мен аппараттары



бет58/61
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#85976
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
4808321122301 слайд процестер мен аппараттар
4808321122301 слайд процестер мен аппараттар

Сұйықтандырғыш жылуалмасқыштарды сұйықтарды, газдарды суыту және буларды конденсациялау үшін қолданады. Олар бірінің үстіне бірі орналасқан, буындармен қосылған бірнеше құбырлардан тұрады. Құбыр бойымен суытылатын жылутасығыш ағады. Суыйтын су бөлгіш астаушаға келеді, одан біркелкі жылуалмасқыштың жоғарғы құбырына ағады. Суыйтын судың жартысы құбыр бетінде буланады. Төменгі құбыр астында суды жинауға арналған астауша орналасқан. Бұндай жылуалмасқыштардағы жылу беру коэффициенті үлкен емес.

Спиралды жылуалмасқыштар метал парақтармен қалыптасқан тікбұрышты қималы екі спиралды каналдардан тұрады. Спиралдардың ішкі ұштары қалқамен қосылған. Каналдар сыртынан қақпақпен жабылған. Каналдардың сыртқы ұштарынан жылутасығыштар кіру және шығу үшін түтік қарастырылған, басқа екі түтік жалпақ бүйірлік қақпақтарға орнатылған.

Пластиналы жылуалмасқыштарды төменгі және жоғарғы салмақ түсетін қырлы бөренелерден тұратын рамаға монтаждайды. Қырлы бөренелер бағананы қозғалмайтын плитамен қосады. Бағыттағыш тартулы шпилькалар бойынша қозмалы плита қозғалады. Қозғалатын және қозғалмайтын плиталар арасында болатты штампталынған пластиналар пакеті орналасқан. Оларда жылутасығыштар өтуі үшін каналдар бар. Пластиналардың нығыздалуы тереңдетілген аралық төсемдер көмегімен жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет