ОӘКҚ 042-18. 21. 59/01-2013 №2 Басылым



бет30/45
Дата25.08.2017
өлшемі14,95 Mb.
#25890
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45

Алғы сөз

I. Құрастырған


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнология және орман ресурстары» кафедрасының аға оқытушысы Каламов Бахытбек Хамзинович

« » 20 жыл

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. «Агротехнология және орман ресурстары» кафедрасының мәжілісінде.

Хаттама « » 20 жыл, № __

Кафедра меңгерушісі ________Джаманова.Г.И

2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде

Хаттама « » 20 жыл, №___

Төраға ______ Джаманова Г.И

3 БЕКІТЕМІН:

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды

Хаттама « » 20___жыл, №____

ОӘК төрағасы __________ Искакова Г.К.

4 БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН



3. Кіріспе.

Өсімдіктердің қоректенуіне қажетті элементтердің физиологиялық рөлі, топырақтың агрономиялық көрсеткіштері, фотосинтез үрдісі, сондай-ақ тыңайтқыштарды қолданудың негіздері тәжірибе жүргізу және агрохимиялық зерттеу арқылы анықталады. Агрохимиялық зерттеу әдістеме ғылымының агроно- мия үшін маңызы зор екенін түсіндіре келе атақты агро- ном-химик Грандо: «Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», - деп тұжырымдалған.

Өсімдіктердің өнімін арттыру, оның сапасын жақсарту, топырақ құнарлылығын көтеру тәсілдерін анықтау жол- дарын іздестіру агрохимиялық зерттеу әдістемесінде қарастырылады. Агрохимиялық зерттеу әдістемесі белгілі бір жинақтардан тұрады. Оның зерттеу әдістері химия, фи- зика, математика, өсімдік физиологиясы, биологиялық хи- мия, микробиология, топырақтану тағы басқа ғылымдар арқылы толықтырылып отырады. Сондай-ақ, ғылым үздіксіз дамып отыратындықтан мүлтіксіз дәл және мәңгілік тал- дау әдістерін жасау немесе дайындау мүмкін емес. Олар түзетіліп, кемелдендіріліп отырылады.

Мақсаты: Агрохимиялық зерттеудің басты нысаны – өсімдік. «Адамдардың ең басты зерттейтін заттарының бірі және қамқорлық ететіні өсімдіктер», - деп жазды К.А.Тимирязев. Ол өсімдіктердің қоректік заттарды қажетсінуін анықтау және мүмкіндігінше дәл белгілеу үшін тиісті тәжірибе жүргізу керек екендігін талай рет атап көрсетті. Қажетті заттарды өсімдіктердің қаншалықты мөлшерде талап ететініне орай реттеп, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолданған жағдайда агротехникалық талаптар да сақталады. Мұның өзі агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің басқа ғылымдармен тығыз байланысты екенін дәлелдейді.

Агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің екінші ны- саны – топырақ болып саналады. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілерін, физикалық қасиеттерін, құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері мен өзгеруін агрохимиялық зерт- теу әдістерінің көмегімен анықтайды.

Аталған ғылымның үшінші нысаны – тыңайтқыштар. Тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, оларды топыраққа енгізгенде әртүрлі өзгерістерге ұшырауы, тыңайтқыш қолдануды ауыспалы егістегі басқа агротехникалық шара- лармен үйлестіру мәселелері зерттеу.

5. Агрохимия зертханалық сабақ кезінде лабораторияда қауіпсіздік сақтаудың жалпы ережелері

1.1. Жалпы ережелер Лабораторияда жұмыс жасайтын адамдардың әрқайсысы үшін ол қандай тәжірибе орындамасын міндетті түрде сақталатын жалпы ережелер қолданылады. Олар мыналар:

1. Лабораторияда жалғыз адам жұмыс жасауға үзілді-кесілді тиым салынады, себебі сәтсіз оқиға бола қалған жағдайда зақымданған адамға кӛмек кӛрсететін ешкім болмай қалады.

2. Лабораторияда жұмыс істегенде тазалықты, тыныштықты, тәртіптілікті, қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң түрде сақтау керек, себебі асығыстық, ұқыпсыздық ауыр зардаптар әкелетін келеңсіз оқиғаларға соқтырады.

3. Әрбір жұмыс жасаушы алғашқы кӛмек кӛрсету үшін ӛртке қарсы құралдар мен аптечканың лабораторияда қай жерде тұрғанын білулері керек.

4. Лабораторияда темекі шегуге, тамақ ішуге, су ішуге қатаң тиым салынады.

5. Жұмысқа оқушылар жасалатын тәжірибенің орындалу техникасын меңгермейінше кірісуге болмайды.

6. Тәжірибені тек таза ыдыстарда жүргізу керек. Жұмыс кезінде тазалықты, ұқыптылықты сақтау керек, заттардың бет пен қол терісіне түспеуін қадағалау керек, себебі кӛптеген заттар (галогендер, фенол, нитроқосылыстар) теріні, шырышты қабықты тітіркендіреді. Тәжірибеден кейін ыдыстарды бірден жуу керек.

7. Лабораториядағы заттардың бірде-біреуінің дәмін татуға болмайды. Заттың иісін анықтағанда ыдысты мұрынға жақын апаруға болмайды. Иісті білу үшін ыдыстың аузынан мұрынға қарай алақанмен желпу керек.

8. Реактивтер сақталған барлық банкілерде, шыны ыдыстарды заттардың аттары кӛрсетілген этикеткалар болу керек.

9. Ерітіндісі бар шыны ыдыстарды бір қолмен мойнынан, екінші қолымен түбінен ұстау керек.

10. Органикалық заттармен ерітінділерін пипеткамен ауызға соруға қатаң түрде тиым салынады.

11.Сұйық және қатты заттарды пробирка мен колбада қыздырғанда аузын ӛзіңе және кӛршіңе қаратуға, үстінен қарауға болмайды. 5

12. Жұмыс аяқталғаннан кейін газды, суды, электр энергиясын айыру керек.

13. Раковинаға қышқылдар мен негіздердің қойытылған ерітінділерін, органикалық еріткіштерді, ӛте күшті иісті және тез тұтанғыш заттарды құюға болмайды. Барлық қалдықтарды арнаулы ыдыстарға құю керек.

14. Әрбір лабораторияда қорғаныштық маскалар, кӛзілдіріктер, противогаздар, респираторлар болу керек.

15. Әрбір ғимаратта ӛрт сӛндіруге қарсы құралдар: құм салынған жәшік, қалағы мен, ӛртке қарсы одеяло (асбесттік немесе киізден жасалған), зарятталған ӛрт сӛндіргіштер болу керек.

16. Лабораторияда қол жететін жерде кӛмек кӛрсетуге қажетті медикаменттер: танин ерітіндісі, калий перманганаты, бор қышқылы, йод, мақта, бинт, пластырь, күйікке қарсы май болу керек.



Агрохимия пәнінен зертханалық жұмыс кезінде колданылатын құрал жабдықтар:

  1. Компас, күрек, пышақ

  2. Метрлік рулетка

  3. топырақ үлгілері,

  4. техникалық таразы,

  5. көзшелері 10, 5, 3, 1, 0,5 және 0,25 мм болатын елеуіштер,

  6. фарфор, алюминий табақшалар

  7. қысқыштары бар темір штативтер,

  8. көлемі 250 см3 және 100 см3 болатын колбалар

  9. термостат тағы басқалары

Реактивтер: фенолфталеин, 0,02Н күкірт қышқылының ерітіндісі, метилоранж, 0,02Н натрий гидроксидінің ерітіндісі, 10%- қ калий хроматының ерітіндісі, 0,02Н күміс нитратының ерітіндісі, 10%-қ тұз қышқылының ерітіндісі, 10%-қ барий хлоридінің ерітіндісі. дистилденген су, сазды ерітінді, химиялық сия ерітіндісі, 5 пайыздық хлорлы калий ерітіндісі, 4 пайыздық қымыздық қышқылды аммоний ерітіндісі.

4. Өсімдікті талдау.

1 Зетханалық сабақ



Мақсаты: Өсімдікті агрохимиялық талдаудың

Жұмыс барысы: Өсімдікті талдау – агрохимиялық зерттеудің негізгі міндетінің бірі болып саналады. Бұл өсімдіктің дұрыс қоректенуі мен мол, әрі сапалы өнім алуды анықтаудың тәсілдерінің қатарына жатады. Жоғары сапалы өнім жи- нау үшін өсімдіктің өсіп дамуының әрбір кезеңінде бола- тын өзгерістерді ескере отырып қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету керек.

Сондықтан өсімдіктің қоректенуін реттеуде оны тал- дау маңызды орын алады. Өйткені, өсімдіктің химиялық құрамын анықтау арқылы оның қоректік заттарды қабылдау деңгейін білуге болады. Өсімдікті талдаудың басты мақсаттары мыналар:

1. Өсімдіктің тыңайтқышқа деген қажеттілігін анықтау. Топырақ құнарлылығы тек құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы түрі мен олардың арақатынасына ғана бай- ланысты емес. Сонымен қатар топырақ реакциясы мен ерітіндідегі тұздардың қонцентрациясы, физикалық қасиеттері, құрамындағы органикалық заттардың мөлшері, қабаттарының құрылымы, микробиологиялық процестер, агротехника, ауа- райы, өсімдікті қоректік элементтермен қамтамасыз ету қабілеті және тағы басқа факторлар да топырақ құнарлылығына әсер етеді. Өсімдіктің химиялық құрамы сыртқы факторлардың жиынтығының әсерін бейнелеп көрсетеді.

2. Үстеп коректендіруге берілген тыңайтқыштың әсерін бақылау. Егер өсімдіктің тамыр түкшелері тыңайтқыштың қоректік заттарын жақсы сіңірсе, оның организмінде тиісті элементтердің концентрациясы көтеріледі және өнім мөлшері жоғарылайды.

3. Егістік тәжірибелер мен топырақты талдау бойын- ша дайындалған тыңайту жүйесін тексеру. Ауыспалы егіс дақылдарының химиялық құрамын анықтау арқылы тыңайту жүйесіне түзету енгізуді және тыңайтқышты тиімді пайдала- нуды қамтамасыз етеді.

4. Тұқымдық учаске өсімдіктерінің қоректенуін бақылау және олардың өсіп жетілуінің әртүрлі кезеңдерінде элементтердің физиологиялық маңызына байланысты тыңайтқыш қолдану.

5. Тыңайтқыштар және басқа агротехникалық тәсілдермен жүргізілген егістік тәжірибелердің нәтижелерін талдау және дақыл өніміне олардың әсерінің өзгеше болу себептерін анықтау. Егістік тәжірибе тыңайтқыштың өнімнің өсуіне не- месе төмендеуіне әсерін көрсетеді. Ал көптеген құбылыстар, атап айтқанда, тыңайтқыштың топырақпен әрекеттесуі, өсімдіктің қоректік заттарды пайдалануы және биохимиялық процестерге тыңайтқыштың әсері туралы мәліметтерді өсімдікті талдау арқылы алуға болады. Бұл тыңайтқыш тиімділігін аныықтауға және тәжірибе жүргізуде жіберілген кемшіліктерді түзетуге көмектеседі.

6. Өсімдік қоректенуінде әртүрлі элементтердің жетіспеушілігінен немесе артық болуынан пайда болған ауруларды анықтау. Мысалы, өсімдік қоректенуінде азот жетіспесе жапырақтары бозғылт, сары жасыл түсті әрі майда болады. Жемістері майда, сабақтары жіңішке, әлсіз келеді. Керісінше, азотпен артық қоректенгенде өсімдіктің вегетативтік массасы шамадан тыс күшті жетіліп, күңгірт- жасыл түске боялады, жемістің пісуі кешігеді, ауа-райының қолайсыз жағдайына қарсы тұру қабілеті төмендейді.

7. Өсімдік өнімімен кететін қоректік элементтердің мөлшерін анықтау. 8. Тыңайтқыштың өнім сапасына әсерін анықтау. Сонымен өсімдікті химиялық әдістермен талдауды, тыңайтқыш қолданудың көптеген теориялық және практикалық мәселелерін анықтау үшін кеңінен пайдалануға болады. Соңғы уақытта өсімдікті талдау егістік, вегетациялық және өндірістік тәжірибелерде ілеспелі әдіс ретінде жиі қолданады.

Өсімдікті ілеспелі әдіспен талдау екі бағытта жүргізіліп келеді: 1) өсімдікті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген зертхана жағдайында жалпылама талдау; 2) тікелей егістіктің өзінде өсімдік сынамасын жылдам және жеңілдетілген әдіспен талдау. Агрохимиялық зерттеуде қолданылатын өсімдікті талдаудың химиялық тәсілдерін былай топтастырады: 1) күл құрамындағы химиялық элементтерді талдау; 2) азотты анықтау; 3) органикалық заттардың жеке топтарын анықтау (бе- лок, май, қант, крахмал, клетчатка, витамин, органикалық қышқылдар т.б.); 4) азот қосылыстарының әртүрлі формаларының мөлшерін анықтау (нитратты азот, аммоний азоты, амид азо- ты, амин азоты); 5) фосфор қосылыстарының әртүрлі формаларын анықтау (қышқылда еритін минералды фосфор, липидтердің органикалық фосфоры, фосфатидтер, нуклеин қышқылының фосфоры); 6) көмірсулардың әртүрлі топтарының мөлшерін анықтау.

Өсімдікті талдау әдістерінің негізгі принциптері төменде көрсетілген оқулық-практикумдарда толық баяндалған: А.В.Петербургский «Практикум по агрономической хи- мии», Б.А.Ягодин «Практикум по агрохимии», В.Г.Минеев «Практикум по агрохимии», Б.П.Плешков «Практикум по биохимии растений», Р.Елешев, Т.Смағұлов, Б.Бәсібеков, Ә.Балғабаев «Агрохимия практикумы»,

2 Зетханалық сабақ



Мақсаты: Өсімдіктің элементтік құрамын анықтаудың маңызын анықтау.

Жұмыс барысы: Өсімдіктің қоректенуін реттеу арқылы оны қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етіп отырған жөн. Әрбір өсімдіктің құрамында C, N, P, K, Ca тағы басқа химиялық эле- менттер болады. Олар өсімдіктің негізін құрайды (27-кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет