Автор: «Москва үшін шайқас» фильмінде Бауыржан ролінде өзінің неге шықпадыңыз ?
Бауыржан: Оған шыдамым жетпеді. Ерсін: Б.Момышұлы Ілияс Омаровпен фильмнің сценариін бір көріп өтті. Көріп берген соң Б.Момышұлы сценариды қайта жазып шықты. Бірақ режисеер өйтуге болмайды бүйтуге келмейді деп сценаридің жартысын ғана қабылдады. (Слайд: кино «Моска үшін шайқас» фильмі. Автор: Бауке, сіз сөз арасында шетелден келген әйел жазушыны қабылдадым деген сияқты едіңіз? Бауыржан: Иә, 1975 жылы француз елінің жазушы әйелі Алматыға келді. Туған ағасы француз армиясының подполковнигі екен. Қарындасының Москва арқылы Алматыға соғатынын естіп , Момышұлына жолығып , көре кел деп , арнап хат беріп жібереді. Ол менен қазақ әдебиетінің кабинетін және жазуы қашан басталғанын сұрады. Әділет: Қазақ ақындарының кабинеті шексіз – щеткіз кең дала , тамаша табиғат аясы болған . Сол кабинетте отырып олар мөлдір көл , зеңгі тау , жұртқа жайлы жерұйық мекен. ел қорғаны болған қаһарман батырлар жайлы мәңгілік шығармалар тудырған . Сол кабинетте отырып олар күндіз самал желмен сырласқан , түнде жымындаған жұлдыздармен тілдескен . Міне, нағыз ақын үшін осыдан арттық кабинет бола ма ? Оның жазуы құралы міне, асқақ ақындары мен әйгілі композиторлары өз өлеңдері мен музыкаларын осы аспаппен жазған . Домбырада өзіне тән жазу алфавитінің өрнегі бар. Бұған дәлел қазақтың күйі.