4.7 Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі. Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсыңда түсіндіріледі. Физика сабақтарында көбінесе оку материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады. Бұл тәсілдерге әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, лекция және кітаппен жұмыс кіреді.
Әңгімелеу. Бұл мұғалімнің сабақтын логикалық негізін түсіндіру, материалды дәйектілікпен, бейнелі түрде, доилогпен үзбектемей, баяндап беруі, оның қолданылу мақсаты мынадай:
оқушыларды өнертабыстардың және физикалық заңдарды ашудың тарихымен, аса көрнекті ғалымдар мен өнертапқыштардың өмірбаянымен таныстыру;
оқып үйренілетін физикалық құбылыстар мен заңдардың құралдар мен техникалық құрылғылардың ғылымда, техникада қолданылуымен таныстыру;
табиғат пен техникалық қондырғыларда бақыланатын құбылыстарды сипаттау; Әңгімелеу тәсілін тәжірбиелер жасап, көрнекі құралдарды көрсетумен ұштастырып қолданады. Бұл тәсіл бойынша сабақта, ауызша баяндауды оқушылар ұзақ уақыт бойы тындаудан жалығады, олардың белсенділігі төмен болады, жалпы еңбектік және политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері қалыс қалады. Сол себепті әңгімелеудің ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы керек.
Түсіндіру. Бұл мұғалімнің курстың неғұрлым күрделі мәселелерін дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беру. Физиканы оқытуда түсіндіру тәсілін төмендегі оқу міндеттерін шешу кезінде қолданады:
физикалық құралдар мен машиналардың құрлысын және жұмыс істеу
принциптерін оқып үйренген кезде;
денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық-молекулалық құрлысы туралы түсініктер мен электрондық теория негізінде түсіндіргенде;
Түсіндіруді көрнекілік құралдардын қолданылумен қоса қабат жүргізген жағдайда ғана, ол материалды оқушылардың терең де берік меңгеруін қамтамасыз етеді.
Лекция. Лекция әңгімелеумен түсіндірумен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. Әдетте ол тұтас сабаққа арнап мөлшерленеді. Лекция тәсілін негізінен жоғары сыныптарда қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойы тұрақты зейін қоюды, жоғары дәрежеде дамыған абстрактілі ойлауды, лекция барысында негізгі идеяларды, қортыңдыларды, заңдардың тұжырымдарын, формулаларды жазып отыру шеберлігін талап етеді.
Әңгімелесу. Мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық тәжірибе мен тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білімдерді түсінуге және меңгеруге алып келетін оқыту тәсілі. Материалды әңгімелесу тәсілімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибелержасап көрсетіп немесе мектеп оқушылары орындайтын тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар логикалық пайымдау жолымен, алға қойылған мәселелер жөніндегі дербес ақыл-ой жұмысы арқылы тұжырымдар мен жинақтаулар жасайды. Физиканы оқытуда қолданылатын әңгімелесу тәсілі – жаңа материалды оқып үйренудің және оқушылар білімдерінің сапасын тексерудің негізгі әдістерінің бірі. Оны мынадай жағдайларда қолданады:
физикалық заңдарды демонстрациялық тәжірибелермен және оқушылардың фронтальдық экспериментімен ұштастырып оқып үйренген кезде;
жаңа материалды оқып үйрену үрдісіне сүйену үшін білу қажет болатын бұрын өтілген материалды қайталау кезінде;
алға қойылған проблеманы шешу жолдарын анықтау кензінде;
Көрсетілген жағдайларда әңгімелесу тәсілі – негізгі, ал басқа әдістер қосалқы болып табылады. Қарастырылған жағдайларда бұл әдіс, басқа әдістерге қарағанда, оқушыларда оқып үйренілетін мәселеге деген ынта-ықылас тудыруға, олардың ойлауын күшейтуге жақсы мүмкіндік тудырады.
Кітаппен жұмыс. Кітап – білімнің қайнар көзі. Оқушылар физика оқулықтарымен жұмыс істеп, белгілі физикалық білім жүйелерін меңгереді, ғылыми көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады. Материалды қабылдау үстінде де, оны пысықтау және қайталау кездерінде де кітаппен жұмыс істейді.
Негізгі әдебиеттер: [1,4,5,7]
Қосымша әдебиеттер: [17,18,19,22]