а) Физикалық диктантжеке сұрақтардан тұрады. Сұрақтар мына мәселелерді қамтиды:
—физикалық шамалардың әріптік белгіленуі, олардың өлшем бірліктері (1-саты);
— физикалык шамалардың анықтамалары, олардың өлшем бірліктері, бірліктердің арақатынасы (1- жөне 2-саты);
— физикалық кұбылыстар мен заңдардың тұжырымдамасы, физикалық шамалардың өзара математикалык байланысы (2-саты);
— физикалъқ шамалардьң өзара графиктік байланысы (2,3-сатылар);
— физикалық құралдардьң атқаратьн қызметі және олардың жұмыс істеу принциптері (1- және 3-саты).
Физикалық диктантты өткізу әдістемесінің қиындығы жоқ. Мұғалім оқушыларға мәтіннің сұрағын оқып береді (екі рет қайталап оқыса жеткілікті) немесе магнитофондық жазуды, проекциялық кұралдарды пайдаланады. Нұсқалар саны екіден артпайды. Оқушылар қойылған сұрақтарға берілген уақыт ішінде жауаптарын жазады.
ә)Өзіндік және бақылау жұмыстары Өзіндік жұмыстыңнегізгі мақсаты - оқылған білімді қайталап бекіту, жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оку материалын окуға көшу мүмкіндігін анықтау. Жаңа оқу материалын бастау үшін бірінші және екінші сатыдағы білім мазмұнын барлық оқушының 80 пайызы меңгеруі міндетті. Оқушылар сабақта өзіндік жұмыстың қандай түрін орындаса да, жетекшілік роль мұғалім болуға тиіс. Бақылау жұмысы - мектепте алған білімді тексеру және есепке алудың маңызды құрамдас бөлігі. Оның нәтижесі бойынша ұстаз белгілі бір уақыт аралығындағы оқу жұмысының қорытындысын шығарады. Бақылау жұмысынын көрсеткіші бойынша оқу материалының игерілу сапасы бағаланады, оқушылардың келесі оқылған материалды қабылдауға даярлық дәрежесін айқындайды. Бұлар мұғалімнің оқу процесін жақсарту шараларын белгілеуге мүмкіндік береді.
Тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстары Ал тақырып оқылған соң тақырыптық бақылау жұмысы орындалады. Қорытынды бақылау жұмыстары ірі тараулардьң соңында жүргізіледі.
Осы құралда жинақталған жұмыстар оқушы білімін бағдарлама талабына сәйкес үш деңгейде тексеруге мүмкіңдік береді.