1-деңгей. Оқу материалын қайталап айтуы.
2-деңгей.Білімі мен дағдысын оқу процесінен белгілі жағдайларды түсіндіруге қолдануы.
3-деңгей.Білімі мен дағдысын оқу процесінен таныс емес жағдайларды түсіндіруге қолдануы.
Осы жүйемен құрастырылған тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстарынан нәтижесінде физикадан ең негізгі білім элементтері мынадай төрт бағытта тексеріледі.
I. Физикалық шамаларды білу:
1) шамалардың анықтамасы;
2) олардың шартты белгіленуі;
3) есептеу формуласы;
4) формулаға кіретін шамалардың өзара байланысы;
5) физикалық шаманың өлшем бірлігі;
6) физикалық шамаларды өлшеу тәсілдері.
II. Физика заңын білуі:
1) заңының тұжырымдамасы;
2) заңның математикалық жазылуы, олардың өзара байланысы;
3) формулаға кіретін шамалардьң өзара байланысын графикте бейнелеу;
4) заңньң қолданылу шегі.
III. Физикалық байланыс формуласын білуі:
1) формуланың математикалық жазылуы;
2) формулаға кіретін коэффициенттің физикалык мағынасы, оның бірлігі;
3) формулаға кіретін шамалардьң өзара байланысы;
4) формулаға кіретін шамалардың өзара байланысын графикте кескіндеу.
IV. Физикалық кұбылыстарды білуі:
1) кұбылыстың физикалық мәні;
2) құбылыстың туу шарты;
3) құбылысты түсіндіретін теория;
4) құбылыстың өту шартын теория негізінде түсіндіру;
5) теорияның қолданылу шегі.
Бақылау жұмыстарының қорытындысын осы көрсетілгендей бағыттарда жеке білім элементтері бойынша тексеру әр оқушының білімін тақырып бойынша есепке алып отыру мүмкіндігін туғызады.
Тексеру арқылы оқушылардың білімдері қалыптасып қана қоймай, нақтылана түседі: физика мен бірге басқа пәндер оқушылар тарапынан жоғары дәрежеде жүйеге келтіріледі.
Білімдерді тексеру – бүкіл сабақ бойындағы мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстырушы құрал болып табылады. Тексерудің оқу процесіндегі мақсаты мен маңызына, тәсілдеріне байланысты ол түрлі қызметтерді атқаруы мүмкін:
бағыттыу қызметі;
талдау қызметі;
білім беру қызметі
тәрбие беру қызметі;
дамыту қызметі;
бақылау қызметі;
Физика пәні бойынша оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің негізгі тәсілдері мыналар:
ауызша тексеру;
жазбаша тексеру;
практикалық тексеру;
графиктік тексеру;
Кейде соңғы әдісті алдыңғы 2 әдістерге қосып, тексерудің 3 әдісін бөліп қарастырады: жазбаша, ауызшы және практикалық.
Алайда физика курсында физикалық шамалардың арасындағы тәуелділік графиктерін оқи білу және сол графиктерді сала алуына көп көңіл бөледі,сондықтан физика пәні үшін графиктік әдіс қажетті болып табылады.
Тексерудің негізгі түрлері мыналар:
күнделікті(ағымдағы)тексеру;