қарастырылып отырған құбылыс немесе заңдылықтың физикалық мағынасын толық түсінсе; заңдар мен теорияларды білсе және оларды нақты мысалдармен бекіте алса сонымен қатар оларды жаңа жағдайларда,практикалық жұмыстарды орындау барысында қолдана алса;
негізгі ұғымдар, заң-теориялардың нақ анықтамасы; өлшем бірлігі мен өлшеу тәсілдерін білсе;
1 немесе 2 болмашы қателік жасаса және оларды өз бетінше немесе аздап мұғалімнің көмегімен түзете алса онда ол оқушыға “4” деген баға қойылады.
оқулық мәтінін толық түсінбегенін байқатса және жауап бергенде бір-екі қателіктер жіберсе онда ол оқушыға “3” деген баға қойылады.
бір ғана сұраққа жауап бергенде екіден көп қате жіберіп, оны тіпті мұғалімнің көмегімен де түзете алмаса онда ол ол оқушыға “2” деген баға қойылады.
Егер оқушы қойылған сұрақтардың біреуіне де дұрыс жауап бермесе, ол оқушыға “1” деген баға қойылады.
Жазбаша өзіндік, диктант және бақылау жұмыстарын бағалау.Тақырыптағы анықтамалар мен негізгі формулаларға балалардың назарын аудару және оларды есте сақтау мақсатымен физикалық диктант жұмысы өткізіледі. Оның мазмұны магнитофоннан (алдын ала жазылған) тыңдалады. Бұл мұғалімнің жұмысты әр оқушының өздігінен орындауын қадағалауға мүмкіндік береді.
7.2. Физикалық экскурсиялардың маңызы Экскурсия оқушыларды табиғат және өндірісте болып жатқан құбылыстарды, процестерді бақылауға, олардың өзара байланыстылығына және өзара шарттастығына, техниканың дамуындағы ғылымның маңызын тереңірек түсінуге үйретеді.
Экскурсиялар кезінде оқушылар мекемелердің адамдарымен, олардың жасаған еңбегімен танысады. Еңбек топтарының мүшелерімен, өнертапқыштармен өткізілетін кездесулер оқушылардың еңбекке деген шығармашылық қатынасын қалыптастыруға ықпал жасайды. Экскурсияда оқушылар әр түрлі кәсіптер жөнінде түсінік алады, бұл — олардың кәсіптік бағдарлануы үшін маңызды.
Сөйтіп, экскурсиялар физиканы оқып үйренуді өмірге жақындатады, оқып үйренілетін материалға қызығушылығын өрістетуге ықпал жасайды, табиғат құбылыстарымен және қазіргі техникамен таныстырады, оқушыларға кәсіп таңдауда көмектеседі.
Экскурсияларды мазмұны бойынша және оқу мақсатына қарай классификациялауға болады. Экскурсиялар мазмұнына қарай тақырыптық және кешенді болып бөлінеді. Тақырыптық экскурсияларды қандай да бір тақырыпты немесе бөлімді оқып үйренуге байланысты өткізеді, кешенді экскурсиялар физика бойынша және басқа оқу пәндері бойынша мәселелердің ауқымын кеңінен қамтиды.
Экскурсияларды дидактикалық мақсаты бойынша күнібұрынғы және қорытындылаушы деп бөледі. Біріншісін қандай да бір тақырыпты оқып үйрену алдында оқушылардың жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін көріп-білу қорын жинақтау мақсатымен өткізіледі. Қорытындылаушы экскурсиялар, тақырыпты немесе бөлімді оқып үйренудің соңында, оқушыларды оқып үйренілген құбылыстар мен заңдарды техникада қолданылуымен таныстыру мақсатында өткізеді.
Сондай-ақ өндірістік экскурсиялар және табиғатқа жасалатын экскурсиялар деп те ажыратылады. Өндірістік экскурсиялардың негізгі мақсаты — физикалық құбылыстар мен заңдарды өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында, көлікте және байланыста, медицина мен ғылыми зерттеулерде қолдануларын керсету.
Өндірістік экскурсиялар әдетте казіргі ірі мекемелерде өткізіледі, бірақ оқушыларға неғұрлым қарапайым шағын шеберханалардағы құрал-жабдықтарды көрсетуге болатынын ескермеуге болмайды.Мұражайларға, жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының оқу зертханасына, мектеп оқушылары машина модельдерімен, станоктармен, қондырғылармен, ең жаңа физика-техникалық құрал-жабдықтармен танысатын техника жетістіктерінің көрмесіне экскурсиялар жасау пайдалы.
Табиғатқа жасалатын экскурсиялардың окушылардың бақылағыштығын дамытуда, олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруда, тәрбие беруде, биологиялық және физикалық құбылыстардың өзара байланысын тағайындауда үлкен маңызы бар. Бұл экскурсиялар оқушыларды табиғаттағы физикалық құбылыстарды көре білуге тәрбиелейді.