Оқыту түрі: күндізгі, сырттай


ФИЗИКАҒА КІРІСПЕ (5 сағ.)



бет7/21
Дата18.02.2017
өлшемі2,36 Mb.
#10039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

ФИЗИКАҒА КІРІСПЕ (5 сағ.)

Физикалық зертеу әдісінің негізгі ерекшеліктері. Табиғатты танып-білу барысындағы эксперимент пен теорияның кызметі және өзара байланысы. Табиғат құбылыстары мен объектілерін модельдеу. Физикалық заңдар және олардың қолданылу шегі болуының себептері. Өлшеулердің дәлдігін бағалау.

 

МЕХАНИКА (21 сағ.)

Механикалық қозғалыс және оның салыстырмалығы Денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері. Үдеу. Түзусызықты үдемелі қозғалыс. Шеңбер бойымен модулі бойынша тұрақты жылдамдықпен қозғалыс. Динамика заңдары (Механиканың тура және кері есептері). Бүкіләлемдік тартылыс күші. Аспан денелерінің массасын анықтау. Салыстырмалылық принципі.

Денелердің айналмалы қозғалысы, күш моменті. (Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы.) Денелердің тепе-теңдік шарттары. Импульс моментінің сақталу заңы. (Гироскоп. Кеплердің екінші заңы.) механикалық процестердегі энергияның сақталу заңы. (Механикалық тербелістердегі энергияның түрленуі.)

Сұйықтар мен газдардың қозғалысы. (Ламинарлық және турбуленттік ағыстар). Бернули теңдеуі. Ұшақ қанатының көтеруші күші.

 

Көрсетілімдер

1. Саyак жүйtсіy моделдеу.

2. Траекторияның таңдап алынған санақ жүйесіне байланыстылығы.

3. Механикалық қозғалыстың түрлері.

4. Инерциясы бойынша денелердің қозғалыс.

5. Денелердің инерттілігі.

6. Өзара әсерлесу кезінде денелер үдеулерінің олардың массаларына тәуелді.

7. Салмақсыздық.

8. Рактивті қозғалыс.

9. Ракета моделі.

10. Ньютонның екінші заңы

11. Ньютонның үшінші заңы.

12. Импульстің сақталу заңы.

13. Энергияның сақталу заңы.

14. Денелер тепе-теңдігінің түрлері.

15. (Маятник. Серіппелі маятник).

16. (Еріксіз тербелістер. Резонанс)

17. (Гироскоп ).

 

Лабороториялық жұмыстар.

1. Бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі денелердің үдеуін өлшеу.

2. Ауырлық және серпімділік күштерінің әсерінен денелердің шеңбер бойымен қозғалысын зерделеу.

3. Еркін түсу үдеуін өлшеу.

4. (Импульсті өлшеу).

 

МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА. ТЕРМОДИНАМИКА (26 сағ.)



Молекула-кинетикалық теория негіздері (20 сағ.)

Молекулалардың массасы мен өлшемі. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары. МКТ негізінде жатқан теориялар. Газдардың қасиеттері. Идеал газ. Идеал газдың қысымы. Температура және оны өлшеу тәсілдері. Абсалюттік нөл. (Максвелл таралуы). Идеал газ күйінің теңдеуі. Газдардағы изопроцестер. (Реал газдар. Ван-Дер-Ваальс теңдеуі). Газдардың техникада қолданылуы.

Булану және аморф денелер. (Қатты денелердің механикалық қасиеттері.) Табиғаттағы кристалдар және өмір. Қатты денелердің механикалық қасиеттері. (Кристалдарды алу және қолдану. Сұйық кристалдар).

 

Термодинамика негіздері (6 сағ.)



Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамиканың бірінші заңы. Изопроцестерге термодинамиканың бірінші заңын қолдану. (Адиабаттық процесс. Пуассон теңдеуі. Бұлттардың пайда болуы. Жауын шашындар). Термодинамиканың екінші заңы және оны статистикалық мағынасы. Жылулық процестердің қайтымсыздығы. (Жылу машиналарының құрылысы мен жұмыс істеу әрекеті). Жылу маиналары және табиғатты қорғау.

 

Көрсетілімдер

1. Жылулық қозғалыстың моделі.

2. Броундық қозғалыстың моделі.

3. Штерн тәжірибесінің моделі.

4. Денелердің ішкі энргиясының жұмыс істеу және жылу берілу кезіндегі өзгеруі.

5. Газ заңдары.

6. Сұйықтардың қайнау температурасының тұрақтылығы

7. Судың төменгі қысымда қайнауы.

8. Ауаның ылғалдылығын өлшеу.

9. Кристалдар.

10. Сұйықтардағы беттік керілу. Сабын көпіршіктері.

11. Кристалл денелердің балқуы және қатаюы.

12. Адиабаттық ұлғаю және сығылу кезіндегі ауаның температурасын өлшеу.

13. Карбюраторлық қозғалтқыш моделі.

14. Гигрометр.

 

Лабороториялық жұмыстар.

1. Изопроцестерді зерделеу.

2. Заттардың меншікті жылу сыйымдылығын өлшеу.

3. (Газдың қысымын өлшеу)

4. Беттік керілуді өлшеу.

ЭЛЕКТРОДИНАМИКА (40сағ.)

Электр өрісі (10 сағ)

Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. (Гаусс теоремасы.) Зарядталған жазықтықтың өріс кернеулігі. Электр өрісі күшінің жұмысы. Электр өрісінің потенциалы. Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Электрт сыйымдылығы. Коденсатордың құрылысы және түрлері. Электр өрісінің энергиясы. Диэлектриктерді қолдану. (Сегнетоэлектриктер. Пьезоэлектрлік эффект)

 

Тұрақты электр тоғы (8 сағ )

Тұрақты тоқтың бар болуы үшін қажетті шарттар. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Электр тізбегінде өткізгіштерді тізбектеп және параллель қосу. Толық тізбек үшін Ом заңы. (Кирхгоф ережелері. Уитсон көпірі). Тоқтың жұмысы мен қуаты. Электр өрісінің жылулцық әсері.

 

Магнит өрісі (6 сағ)

Тоқтардың магниттік өзара әсерлесуі. Магнит өрісінің индукциясы. Ампер күші. Тоғы бар түзу өткізгіштің магнит индукциясы. (Катушка мен дөңгелек тоқтың магнит өрісі.) Лоренц күші. (Циклотрон) Электроөлшеуіш құралдар. (Тұрақты тоқтың электр қозғалтқышы)

 

Электр-магниттік индукция (6 сағ)

Электр зарядының электрлік және магниттік өзара әсерлесуі. Электр-магниттік индукция заңы. Ленц ережесі. Өздік индукция. Электр-магниттік өріс энергиясы. (Тұрақты тоқтың электр генераторы). Ақпаратты магниттік жазу.

 

Әр түрлі ортадағы электр тоғы (10 сағ)

Металдардағы электр тоғы. Металдар кедергілерінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік. (Жоғары температуарлы асқын өткізгіштерді техникада қолдану)

Шала өткіщгіштердегі электр тоғы. Контактілі қаббаттың бір жақтық электр өткізгіштігі. Транзистор. Шала өткізгіштік құралдардың техникада қолданылуы. Микроэлектроника.

Электролит ерітінділеріндегі электр тоғы. Электролиздің техникалық қолданылуы. (Газдардағы электр тоғы. Вакуумдегі электр тоғы. Екі электродты лампы. Вакуумдық триод. Электронды сәулелік түтікше).

 

Көрсетілімдер.

1. Зарядталған денелердің өзара әсерлесуі.

2. Электр зарядының сақталуы.

3. Электр зарядының бөлінгіштігі.

4. Зарядталған дененің электр өрісі.

5. Конденсатор энергиясы.

6. Толық тізбек үшін Ом заңы.

7. Шала өткізгіштердің меншікті жіне қоспалық өткізгіштігі.

8. Р-П өту.

9. Тоғы бар өткізгіштердің өзара әсерлесуі

10. Тузу тоқтың, тоғы бар катушканың магнит өрісі.

11. Эрстед тәжірибесі.

12. Электрондық сәуленің магнит өрісінде ауытқуы.

13. Электр-магниттік индукция.

14. Ығысу тоғының магнит өрісі.

15. Тұрақты тоқ электр қозғалтқышының моделі.

16. Электронды сәулелік түтікше. Кинескоп.

17. Электролиз.

18. Тәуелсіз разряд.

19. Төменгі қысымдағы газдардың тәуелсіз разряды.

 

Лабороториялық жұмыстар.

1. Өткізгіштерді аралас қосуды зерделеу.

2. Толық тізбек үшін Ом заңын зерделеу.

3. Электр-магниттік индукцияны зерделеу.

3. Бір валентті ионның электр зарядын өлшеу.

Уақыт қоры (10 сағ.)

 

ЭЛЕКТРОДИНАМИКА (жалғасы, 20 сағ.)

Электр-магниттік тербелістер және электр техникасының физикалық негіздері. (10 сағ.)

Тербелмелі контурдағы электр-магниттік тербелістер. (Автотербелістер. Транзистордағы өшпейтін тербелістердің генераторы).

Айнымалы тоқ. (Айнымалы тоқ тізбегі үшін Ом заңы.) Айнымалы тоқтың қуаты. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және пайдалану. (Айнымалы тоқ генераторы). Трансформатор. (Электр желісіндегі резонанс).

 

Электр-магниттік тербелістер және радиотехниканың физикалық негіздері (10 сағ.).

Максвелл теориясының идеасы. Электр-магниттік толқындар. Электр-магниттік толқындардың қасиеттері. Электр-магниттік толқындар шкаласы. Радиобайланыс принципі. Радиолокация. Теледидар. (Модуляция және детектрлеу. Герц толқындары.). жоғары жиілікті Электр-магниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану.

 

Көрсетілімдер

1. Айнымалы тоқтың осциллограммалары.

2. Трансформатор.

3. Айнымалы тоқ тізбегіндегі резонанс.

4. Электр-магниттік толқындардың шығарылуы және олардың қабылдау.

5. Электр-магниттік толқындардың полярлануы.

6. Электр-магниттік толқындардың интерференциясы және дифракциясы

7. Радиобайланыс.

8. (Айнымалы тоқ генераторының құрылысы мен жұмыс істеу приинципі).

 

Оптика (10 сағ.)

Жарық - Электр-магниттік толқындар. Жарық жылдамдығы және оны өлшеу әдістері. Жарықтың шағылу және сыну заңдары. (Толық шағылу. Линзалар. Оптикалық құралдар).

Жарық интерференциясы және оның техникада қолданылуы. (Ньютон сақиналары). Когеренттік. Жарық дифракциясы. Дифракциялық тор. Жарық дисперсиясы. (Жарықтың полярлануы).

 

Көрсетілімдер

1. Жарық интерференциясы.

2. Жарық дияфракциясы.

3. Жарықтың полярлануы.

4. Жарыкты спектрге жіктеу.

5. Жарықтың сынуы.

6. (Поляроидта жарықты полярлау).

7. (Линза. Лупа. Фотоаппараттың, телескоптың жұмыс істеу принципі).

 

Лабороториялық жұмыстар.

1. Жарықтың интерференциясы мен дифракциясын бақылау.

2. Дифракциялық тор көмегімен жарық толқынының ұзындығын өлшеу.

3. Шынының сыну көрсеткішін анықтау.

 

Арнайы салыстырмалық теориясының элементтері (4 сағ.)



Жарық жылдамдығының инварианттылығы. Эйнштейннің салыстырмалық принципі. Арнайы салыстырмалық теориясындағы кеңістік пен уақыт. (Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы. Релятивистік динамика). Масса мен энергияның байланысы. (Синхрофазотрон. Сәйкесітк принципі).

 

КВАНТТЫҚ ФИЗИКА (30 сағ.)



Жарық кваннтары (6 сағ.)

Жылулық сәуле шығару. Планк тұрақтысы. Фототэффект. Сутегі атомының Бор моделі. Фотондар. Вавилов тәжірибелері. (Фотоэффект үшін Эйнштейннің тедеуі). Рентгенттік сәуле шығару. Фотоэффектті қолдану. (Абсолют қара дене).

 

Атом физикасы (10 сағ.)

Атомның ядролық моделі. Бор постулаттары. Сутегі атомының Бор моделі. Атом спектрлері. Люминесценция.

Корпускалы-толқындық дуализм де Бройль болжамы. Электрондар дифракциясы. (Анықталмаушылық қатынасы. Толқындық функция). Өздігінен және еріксіз сәуле шывару. Лазерлер. Лазерлерді қолдану. Голография. (Оптикалык кванттық генератордың іс-әрекеті).

Атом ядросының физикасы (10 сағ.)

Атом ядросы. Ядроның нуклондық моделі. Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы. Табиғи радиоактивтік. Радиоактивтік ыдырау заңы. (Иондауыш сәулелерді тіркеу әдістері.) Жасанды радиоактивтік. Ядроның, бөлінуі және синтезделуі. Ядролық энергетика. Термоядролық реакциялар - Күн мен жұлдыздар энергиясының көзі.

 

Элементар бөлшектер (4 сағ.)

Элементар бөлшектер. Іргелі өзара әсерлесулер. Элемтар бөлшектерді байқау әдісітері. (Элементар бөлшектердің жіктемесі. Кварктар. Глюондар. Аралық бозондар. Гравитондар. Кванттық хормодинамика).

 

Көрсетілімдер

1. Фотоэффект.

2. Фотоэлементі бар фотореленің құрылысы және жұмысы.

3. Сызықтық спектр.

4. Люминесценция. Ультракүлгін сәулелену кезіндегі әр түрлі заттардың люминесценциясы.

5. Лазер. Лазерлік сәулеленудің когеренттік қасиеттері.

6. Бөлшектер санауышы.

7. Вильсон камерасы.

 

Лабороториялық жұмыстар.

1. Тұтас және сызықтық спектрлерді бақылау.

2. Суреттер бойынша бөлшектердің өзара әсерлесуін зерделеу.

 

ӘЛЕМ (12 сағ.)

Жұлдыздар мен күн (4 сағ.)

Жұлдыздардың физиалық табиғаты. Күн. Күн-Жер байланысы. Айнымалы және жаңа жұлдыздар. Жұлдыздар эволюциясы. (Нейтрондық жұлдыздар. Пульсарлар. Қара құрдымдар.) Жұлдыздық аспанның картасы және жұлдыздар бойынша бағдарлаудың негізгі принциптері.

 

Планеталар (4 сағ.)

Жер тобы планеталары. Алып-планеталар. Күн жүйесінің кіші денелері. Күн жүйесінің шегі.

 

Әлем және оның Эволюциясы (4 сағ.)



Әлем. Жұлдызаралық газ және тозаңдықтар. (Әлем эволюциясының негізгі кезеңдері).

Үлкен жарылыс. Реликтік сәулелену. Ғарышты игеру және адамзаттың оны игеру болашағы.

 

Көрсетілімдер

1. Карталар мен атластарда жұлдызды аспанды бейнелеу.

2. Модельдер мен жұлдыздық карталардағы Күннің жылдық қозғалысы.

3. Динамикалық модельдердегі, жұлдыздық карталар мен кестелердегі планеталардың көзге көрінерлік және нақты қозғалыстары.

4. Жердегі және ғарыштық бақылаулар бойынша алынған планеталардың, кометалардың, планеталар сақиналары мен серіктерінің суреттері.

5. Жұлдыздық жиындар, газ-тозаңдық тұмандықтар.

6. Әлем құрылымының және оның айналуының сүлбелері.

МҰҒАЛІМНІҢ БАСҚАРУЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

(3сағ., сабақтан тыс уақытта)

1. Жарық жұлдыздар мен негізгі шоқжұлдыздарды бақылау (жылжымалы жұлдыздық картаны пайдалану).

2. Темір қазық бойынша бақылау орнының жуық географиялық ендігін анықтау (қарусыз көзбен бақылау).

3. Қос жұлдыздар. Жұлдыздық жиындар. Құс жолы (телескоппен бақылау).

 

Қорытынды (2 сағ.)



Әлемнің қазіргі заманғы физикалық бейнесі. Астрономиядағы ең соңғы жаңалықтар. Физика және ғылыми техникалық прогресс.

 

Лабороториялық практикум (10 сағ)



Уақыт қоры.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТІ БІТІРЕТІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

МЕХАНИКА

 

Оқушылар мыналарды игеруі тиіс:

- механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы, лездік жылдамдық және үдеу, импульс, қозғалыс мөлшері сияқты физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасы;

- нақты мысалдар арқылы инерциалды санақ жүйелерінің теңдігін көрнекі түрде көрсете алуды;

- импульстің сақталу заңын реактивті қозғалысты түсіндіруге қолдана алуды;

- Бүкіләлемдік тартылыс заңын ауырлық күшінің планетадан алыстау қашыөтығына байланыстылығын түсіндіруге пайдалана алуды;

- механикалық қозғалысты, серпімді деформацияны байқауға болатын белгілерді атай алуды;

- бірқалыпты үдемелі түзусызықты қозғалыс кезінде кинематикалық шамалардың уақытқа тәуелділігін білдіретін графиктерді салуды және оқи алуды;

- көкжиекке бұршы жасай лақтырылған дененің ұшу қашықтығы мен көтерілу биіктігін есептеуді.;

- массалары белгілі денелердің соқтығысуға дейінгі жылдамдықтары бойынша олардың серпімсіз соқтығысудан кейінгі жылдамдықтарын есептеуді;

- Ныютон механикасының қолданылу шегі мен саласын білуі.

 

МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА. ТЕРМОДИНАМИКА.

Оқушылар мыналарды игеруі тиіс:

- зат мөлшері, заттың молярлық массасы, идеал газ, температура, қаныққан және қанықпаған булар сияқты физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын;

- газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуін, Менделеев-Клапейрон теңдеуін немесе зат бөлшектерінің ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы мен температураның байланысы формуласын газ параметрлерінің біреуін есепетуге, басқа параметрлерді белгілі болған жағдай үшін қолдануды;

- температураның мәнін Цельсий шкаласынан Кельвин шкаласына және керісінше түрлендіре алуды;

- мәңгі қозғалтқыштың мүмкін еместігі, ьроундық қозғалыс сияқты бақылаулар мен эксперименттің нәтижелерін түсіндіруді;

- p, V; p, T және V, T координаттарындағы графиктер бойынша изопроцестің сипатын анықтауды;

- жылу берілу және жұмыс істеу кезінде заттың ішкі энергиясының өзгеруін есептеуді;

- заттың меншікті жылу сыйымдылығын өлшеуді;

- газдардың кинетикалық теориясының қолданылу шегі мен саласы болатындығын білуі;

- нақты мысалдар арқылы жылу энергетикасының экологиялық проблемаларын түсіндіре алуды;

 

ЭЛЕКТРОДИНАМИКА

Оқушылар мыналарды білуі тиіс:

- электр магниттік өріс, электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымы, электр қозғаушы күш, электр-магниттік тербеліс, электр-магниттік толқын, айнымалы тоқ, еркін және еріксіз тербелістер, тербелмелі контур, резонанс сияқты ұғымдар мен шамалардың мағынасын;

- біртекті магнит және электр өрістеріндегі электр зарядының қозғалыс түрін анықтауды;

- денелердің электрленуі, металдардағы, электролит ерітінділеріндегі және шалаөткізгіштеріндегі электр тоғының табиғатын түсіндіруді;

- тоқ көзінің ЭҚК-і мен ішкі кедергісін, сыну көрсеткішін, жарық толқынының ұзындығын өлшеуді;

- электр өрісіндегі электр зарядына (электр өрісінің заряды мен кернеулігінің берілген мәнінде) әсер ететін күшті есептеуді;

- электр өрісіндегі электр заряды осы өрістің екі нүктеісінің арасында орын ауыстырған кездегі жұмысты (өрісітің потенциалдар айырымы мен зарядтың белгілі мәнінде) есептеуді;

- екі нүктелік зарядтың ара қашықтығы белгілі болған жағдай үшін олардың өзара әсерлесу күшін есептеуді;

- электр тізбектеріндегі тоқ күшін, кернеу мен кедергілерді есептеуді;

- магнит өрісінің қозғалыстағы электр зарядына әсер ету күшін есептеуді есептеуді (магнит индукциясының, зарядтың және жылдамдықтың берілген мәндерінде);

- Фарадей заңын пайдаланып индукция ЭҚК-ін есептеуді;

- электр-магниттік индукцияны, магнит өрісінің тоғы бар өткізгішке әсерін практикалық пайдалана білуге мысалдар келтіруді;

- еркін және еріксіз тербелістер кезіндегі тербелмелі контурдағы энергияның өзгеруі мен түрленуін сипаттауды;

- тербелмелі контурдағы еркін тербелістердің өшуі, жарық интерференциясы сияқты бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін түсіндіруді;

- электр-магниттік толқындардың пайда болу шарттарын атауды;

- толқындардың интерференциясы кезінде тербеліс амплитудалары әр түрлі аймақтар пайда болатынын, дифракция кезінде көлеңке шетінің құрылымы байқалатындығын;

- толқын ұзындығының оның жиілігі мен жылдамдығымен, тербеліс периодының циклдік жиілікпен байланысын өрнектейтін формулалар бойынша шамаларды есепеуді;

- Эйнштейннің салыстырмалық принципі, жылдамдығынң инварианттылық принципі, кеңістік пен уақыттың салыстырмалылығы, абсолют кеңістік туралы түсініктерді.

 

КВАНТТЫҚ ФИЗИКА

Оқушылар мыналарды игеруі тиіс:

- радиоактивтік сәулелену, жартылай ыдырау периоды, сәулеленудің эквиваленттік дозасы, ядролық бөліну және термоядролық синтез реакциялары, элементар бөлшек (фотон, электрон, протон, нейтрон, атомның Резерфорд-Бор моделі және ядроның протондық-нейтрондық моделі) сияқтыфизикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын;

- қандай да бір ядролық реакция мысалында масса мен энергияның, массалық санның сақталуы заңдарының орындалатындығын көрсете алуды;

- атомдардың сәуле шығару және жұту құбылыстарын, фотоэфектіні, α-бөлшектердің шашырауы туралы Резерфорд тәжірибесін, ауыр ядролардың бөлінуі кезіндегі энергияның бөлінуін түсіндіруді;

- кванттық түсінік негізінде сутегі атомының шығару және жұтылу сызықтық спектрлерінің пайда болуын түсіндіруді;

- газыдң химиялық құрылымын оның спектрі бойынша анықтауды;

- ядролық реакциялардың өнімдерін электр заряды мен массалық санның сақталу заңдары негізінде анықтауды;

- өзара әсерлесетін бөлшектердің және реакция өнімдерінің белгілі массалары бойынша қарапайым ядролық реакциялардың энергетикалық шығуын есептеуді;

- нақты мысалдар арқылы ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алуды.

 

АСТРОНОМИЯ



Оқушылар мыналарды игеруі тиіс:

- Күн мен планеталардың өлшемдері мен массалары, Күннен планеталарға дейінгі қашықтық туралы анықтамалық мәліметтерді пайдаланып, Күн жүйесінің сүлбесін сипаттауды;

- жер тобындағы планеталардың, алып планеталардың және Күн жүйесінің кіші денелерінің айрықша ерекшеліктерін білуді;

- Күн жүйесінің пайда болуы, әлем құрылымы мен эволюциясы, жұлдызаралық заттың физикалық күйі жайында қазіргі заманғы түсініктердің болуы;

- жұлдыздардың негізгі физикалық сипаттамаларын білуді (күнмен салыстырғанда);

- аспаннан Темірқазықты тауып және ол бойынша бақылау орнының жуық географиялық ендігін анықтауды, сондай-ақ үлкен және кіші Жетіқарақшыны, жергілікті жерде жақсы көрінетін екі-үш щоқ жұлдыздарды табуды;

- Күн жүйесіндегі ғарыштық ұшулар кезіндегі бүкіл әлемдік тартылыс күшінің рөлін нақты мысалдар арқылы көрнекі түрде көрсете алуды;

 

ЖАЛПЫЛАМА БІЛІКТІЛІКТЕР



Оқушылар мыналарды игеруі тиіс:

1. Қоршаған әлемді ғылыми танып-білу әдісінің мәнін.

2. Мысалдармен көрнекі түрде:

- бақылаулар мен эксперимент болжаулар ұсынуға және ғылыми теорияны қалыптастыруға негіз болатынын;

- эксперимент теориялық қортыныдылардың ақиқаттығын тексеруге мүмкіндік беретін:

- физикалық теория ғылыми деректер мен табиғат құбылыстарын түсіндіруге, әлі де белгісіз құбылыстар мен процестерді, олардың ерекшеліктерін алдын ала айтуға мүмкіндік беретінін;

- табиғат құбылыстарын түсіндіруде осы құбылыстардың модельдерін пайдаланатынын;

- бір ғана табиғи объектіні немесе процесті әр түрлі теориялық модельдер негізінде сипаттауға болатынын;

- физикалық заңдар мен теориялардың белгілі бір қоданылу аймағының болатынын;

- кез келген ғылыми теория объектілер мен процестер модельдеріне негізделе отырып, тек салыстырмалы түрде ғана ақиқаттыққа ие болатынын көрсете білуді;

3. Табиғат жайлы ғылымдардың жалпы дамуындағы физиканың үлесін көрсететін мысалдар келтіруді;

4. Оқу ақпаратын әр түрлі формада қабылдауды, ой елегінен өткізуді, жеткізе білуді (ауызша, көрнекі түрде және символдық суреттеу).

5. Негізгі физикалық заңдарды тұжырымдауды және олардың қолданылу аймағын білуді.

6. Зерттеу әдімтерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді жинау және талдау) жоспарлай білуді;

7. Практикумдар мен лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде өлшеулерге қажетті есептеулерді жүргізуді және өлшеулер дәлдігін бағалауды; кешенді есептерді шығаруды.

(10-11 СЫНЫПТАР)

 

ТҮСІНІКТЕМЕ

Ұсынылып отырған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған физика курсының бағдарламасы физиканы оқытудың жалпы мақсаттарын ескере отырып, оқушылардың қабілеттерімен, қызығушылықтарымен тығыз байланысты арнайы мақсаттарға жетуді көздейді және физиканы оқытудың мазмұны тәрбиелік, дамытушылық, жалпымәдениеттік сипат ала отырып, мәдениеттің құрамды бөлігі ретінде физика туралы, әлемнің физикалық бейнесі жөнінде, физика ғылымының даму жолдары мен кезеңдері жайлы және физиканың дамуын қоғамның, экономиканың, жалпыадамзаттық мәдениеттің, философиялық идеалардың, ғылыми ақиқатқа деген философиялық көзқарастың дамуы мен байланысты оқушылардың түсініктерін қалыптастыруға; өз бетінше ойлау, өз бетінше білім алу дағдыларын; шығармашылық қабілеттерін, адамның дүниеге қатынасын айқындайтын әлеуметтік мәні бар бағдарларды дамытуға әсер етеді.

 

Оқытудың міндеттеріне мыналар кіреді:

- физика ғылымының негіздері болып табылатын эксперименттік деректер, ұғымдар, заңдар, теориялар және олардың практикалық қосымшалары жайлы білім беру;

- физика ғылымының негізгі әдістері - тсориялық және эксперименттік әдістермен таныстыру;

- құралдарды, аспаптарды пайдалана білу, эксперимент нәтижелерін өңдеу сияқты эксперименттік дағдыларды қалыптастыру;

- өз бетінше білім алу, физикалық құбылыстарды бақылау және түсіндіре алу біліктерін қалыптастыру;

- оқушылар бойына физика ғылымына деген шынайы құрмет пен сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған физика курсының мазмұнын таңдау барысында әлеуметтік тәжірибе (ғылым ретінде физиканың мазмұны), оқ-танымдық ісәрекеттің жалпы заңдылықтары және оқыту процесі жайлы білімдер негізге алынды, сондай-ақ оқыту мақсаттары, оқушылардың танымдық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтары және оқыту процесі жайлы білімдер негізге алынды, сондай-ақ оқыту мақсаттары, оқушылардың танымдық қызығушылықтары, олардың қабілеттері дидактикалық және жеке әдістемелік принциптер мен оқу пәні деңгейінді білім мазмұнын түзу критерилері басшылыққа алынды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған физика курсының бағдарламасы 68 сағатқа есептелген. Курстың оқу материалы жеке физикалық теориялар айналасына топталған. Материалды осылай топтау гуманитарлық бағыттағы сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінің ерекшелігіне байланысты және оларда теориялық ойлау элементтерін, танымдағы теорияның рөліне, теория мен эксперименттің ара қатынасына бацйланысты әдіснамалық білім жүйесін қалыптастыруға, физиканың дамуын қоғамның, оның мәдениетінің дамуымен байланыстыруға, тарих тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді. бұл, сонымен қатар қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сынып оқушыларының оқу-танымдық ісәрекетінің сипатына (көрнекі-бейнелік қабылдау мен ойлаудың басымдығы) сай келетін материалды зерделеудің эмпирикалық негіздерін кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. жеке теориялар іргелі, жалпы теорияларға бірігеді.

Гуманитарлықтарға арналған физика курсының негізгі мазмұнын механика, молекулалық физика, электродинамика, кванттық физика бөлімдері құрайды.

Теориялар арасындағы байланыс жалпы курстың және әр бөлімнің кіріспе тақырыптарында, бөлім соңындағы жинақтан қорыту тақырыптары мен курстың жалпылау сабақтарында қарастырылған. Олар материалды зерделеу барысында заңдар мен теориялардың қолданылу аймағын қарастыру кезінде тағайындалады.

Курстың мазмұны оқушыларда қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесі туралы түсініктерін қалыптастыратындай етіп таңдап алынған. Курстың мазмұнына оқу материалын зерделеу барысында, немесе курстың сәйкес бөлімдерін зерделегеннен кейін жалпылау сабақтарында қалыптасуы мүмкін әдіснамалық білімдердің жүйесі кіреді.

Оқушылар таным әдістері жайлы білімді курс кіріспесінен, материалды зерделеу барысында және жалпылау сабақтарынан игереді. Таным процесі жайлы білім әсіресе гуманитарлық сыныптардың аталған бағдарламасына тән тарихи-ғылыми және тарихи-биологиялық материалды енгізу арқылы қалыптастыру көзделген, онда барлық жеке теорияларды қарастыру кезінде олардың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың өмірбаяны мен және еңбектерімен таныстыру ескеріледі.

Ұсынылып отырған бағдарламада физика тарихы, қолданбалы физика, физиканың экология мәселелерін шешудегі рөлі, энергиямен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы физика мен физиканың техниканың әр-түрлі салаларында қолданылуы бойынша материалдарға ерекше көңіл бөлінген.

Қоғамдық-гуманитарлық сыныптарға арналған физика курсында оқушыларды бақылауға, болжамдар құруға үйрететін, қарапайым политехникалық дағдылармен қарулануды көздейтін зерттеушілік сипаттағы лабороториялық жұмыстар ескеріліп отыр.

Физиканың ұсынылып отырған бағдарламасына астрономия мәселелері жеке бөлім ретінде де, кейбір тақырыптарды кеңейте қарастыру ретінде де еніп отыр.


 

10 СЫНЫП

(аптасына 1 сағ., барлығы 34 сағ.)

 

Кіріспе (2 сағ.)

Механика ұғымдарының дамуы. Жылу туралы алғашқы түсініктер. Әлемнің физикалық бейнесі. Физика мен астрономияның дамуындағы Шығыс ойшылдары еңбектерінің маңызы.

 

Механика (12 сағ.)

Қозғалыс түрлері. қозғалыстың салыстырмалылығы. санақ жүйелері. дененің қозғалысын сипаттау тәсілдері. Ньютон заңдары, олардың қолданылуы. табиғаттағы күштер. Жұлдыздардың қозғалысы. Аспан сферасы. Ғарыштық жылдамдық. реактивті қозғалыс. Бүкіләлемдік тартылыс. жердің жасанды серіктері. Импульс. Импульс моментінің сақталу заңы. Классикалық механиканың қолданылу шегі. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы.

 

МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА



Термодинамика негіздері (16 сағ.)

Молекулалардың өлшемдері мен массасы. молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары. Броундық қозғалыс. Идеал газ. Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Газ заңдары. Изопроцестер. Идеал газ күйінің теңдеуі. жылу табиғаты. Жылулық тепе-теңдік. Температура – жылулық қозғалыстың орташа энергиясының өлшемі ретінде. Термометр түрлері. Термометрді жасаудың тарихы. Ішкі энергия. Термодинамикалық процестер. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың екінші заңы. Табиғаттағы процестердің қайтымсыздығы. Жылу қозғалтқыштары. Жылу машиналары және экология.

 

Жалпылау сабақтары (4 сағ.)

Лабороториялық жұмыстар

1. Бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау.

2. Дененің бірнеше күштің әсерінен тепе-теңдікте болуын зерделеу.

3. металдың жылу сыйымдылығын анықтау.

 

Көрсетілімдер

1. Қозғалыстың салыстырмалылығы.

2. Механикалық қозғалыстың түрлері.

3. Стробоскоп.

4. Спидометр.

5. Денелердің ауада және сиретілген ортада (Ньютон түтікшесінде) түсуі.

6. Инерцияның байқалуы.

7. Күштерді өлшеу.

8. Дененің үдемелі көтерілген және түскен кездегі салмағы.

9. Салмақсыздық.

10. Импульстің сақталу заңы.

11. Реактивті қозғалыс.

12. Ракетаның моделі.

13. Броундық қозғалыстың механикалық моделі.

14. Диффузияны бақылау.

15 Судың төменгі қысымда қайнауы. газ заңдары.

 

БАҒДАРЛЫ МЕКТЕПТІҢ ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТЫН БІТІРЕТІН ОҚУШЫЛАРЫДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

МЕХАНИКА



Оқушылар мыналарды игеруі тиіс:

- механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы, лездік жылдадық және үдеу, импульс, қозғалыс мөлшері сияқты физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасы;

- нақты мысалдар арқылы инерциалды санақ жүйелерінің теңдігін көрнекі түрде көрсете алуды;

- импульстің сақталу заңын реактивті қозғалысты түсіндіруге қолдана алуды;

- бүкіләлемдік тартылыс күші заңын ауырлық күшінің планетадан алыстау қашықтығына байланыстылығын түсіндіруге пайдалана алуды;

- механикалық қозғалысты, серпімді деформацияны байқауға болатын белгілерді атай алуды;

- Ньютон механикасының қолданылу шегі мен саласын білуі;

 

МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА. ТЕРМОДИНАМИКА



Оқушылар мыналарды игеруі тиіс:

- зат мөлшері, заттың молярлық массасы, идеал газ, температура, қаныққан және қанықпаған булар сияқты физикалық ұғыдар мен шамалардың мағынасын;

- температураның мәнін Цельсий шкаласынан Кельвин шкаласына және керісінше түрлендіре алуды;

- мәңгі қозғалтқыштың мүмкін еместігі, броундық қозғалыс сияқты бақылаулар мен эксперименттің нәтижелерін түсіндіруді;

- р,V; р,Т және V,Т координаталарындағы графиктер бойынша изопроцестің сипатын анықтауды;

- газдарлың кинетикалық теориясының қолданылу шегі мен саласы болатындығын білуі;

- нақты мысалдар арқылы жылу энергетикасының экологиялық проблемаларын түсіндіре алуды;

 

ЭЛЕКТРОДИНАМИКА



Оқушылар мыналарды игеруі тиіс:

- электр магниттік өріс, электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымы, электр қозғаушы күш, электр-магниттік тербеліс, электр-магниттік толқын, айнымалы тоқ, еркін және еріксіз тербелістер, тербелмелі контур, резонанс сияқты ұғымдар мен шамалардың мағынасын;

- біртекті магнит және электр өрістеріндегі электр зарядының қозғалыс түрін анықтауды;

- денелердің электрленуі, металдардағы, электролит ерітінділеріндегі және шалаөткізгіштеріндегі электр тоғының табиғатын түсіндіруді;

- электр-магниттік индукцияны, магнит өрісінің тоғы бар өткізгішке әсерін практикалық пайдалана білуге мысалдар келтіруді.

- еркін және еріксіз кезіндегі тербелмелі контурдағы энергияның өзгеруі мен түрленуін сипаттауды;

- тербелмелі контурдағы еркін тербелістердің өшуі, жарық интерференциясы сияқты бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін түсіндіруді;

- электр-магниттік толқындардың пайда болу шарттарын атауды.

- толқындардың интерференциясы кезінде тербеліс амплитудалары әр түрлі аймақтар пайда болатынын, дифракция кезінде көлеңке шетінің құрылымы байқалатындығын;

- Эйнштейннің салыстырмалық принципі, жарық жылдамдығының инварианттылық принципі, кеңістік және уақыттың салыстырмалылығы, абсолют уақыт және абсолют кеңістік туралы түсініктерді.

 

КВАНТТЫҚ ФИЗИКА

Оқушылар мыналарды игеруі тиіс:

- радиоактивтік сәулелену, жартылай ыдырау периоды, сәулеленудің эквиваленттік дозасы, ядролық бөліну және термоядролық синтез реакциялары, элементар бөлшек (фотон, электрон, протон, нейтрон), атомның Резерфорд-Бор моделі және ядроның протондық-нейтрондық моделі сияқты физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын;

- атомдардың сәуле шығару және жұту құбылыстарын, фотоэффектіні, бөлшектердің шашырауы туралы Резерфорд тәжірибесі.

7 СЫНЫП


оқулығы бойынша негізгі мәселелер
1 тараудың ең маңызды мәселелері


  1. Табиғат құбылыстары- табиғаттағы кез келген өзгерістер.

  2. Физика-табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым және оқу пәні.

  3. Астрономия- аспан денелерінде және олардың жүйелерінде орын тебетін құбылысты зерттейтін ғылым және оқу пәні.

  4. Материя- зат түрінде, жарық толқындары түрінде бізді қоршаған барша болмыс.

  5. Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері:

    1. Бақылау,

    2. Эксперимент (тәжірибе),

    3. Теориялық әдіс.

  1. Гипотеза-ғылыми деректер негізінде ұсынылған болжамдар.

  2. Физикалық теория- физикалық құбылыстарды, олардың өзара байланыстарын түсіндіретін жүйелі білім.

  3. Өлшеу- физикалық шаманы бірлік үшін қабылданған басқа біртекті шамамен салыстыру.

  4. Физикалық шама- физикалық нысанның немесе физикалық құбылыстың қасеттерінің сипаттамасы.

  5. Сандарды стандартты жазу- дәрежесі бар 10 санын пайдаланып сандарды жазу.


2 тараудың ең маңызды мәселелері.


  1. Атом-химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.

  2. Молекула- заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.

  3. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары:

    1. Барлық денелер молекулалардан (атомдардан) тұрады.

    2. Молекулалар үздіксіз бей-берекет қозғалады.

    3. Молекулалардың (атомдардың) арасында тартылыс күші және тебу күші әрекет етеді.

  1. Диффузия- бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық бос орындарына өзара өтуі.

  2. Броундық қозғалыс- газдағы немесе сұйықтағы мөлшері кіші ( 1мкм) бөлшектердің ретсіз қозғалыстары.


  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет