Дәрістің мазмұны:
1.Қарым-қатынастың мазмұны.
2. Қарым-қатынастың мақсаты.
3.Қарым-қатынастың негізгі қызметтері.
4. Қарым-қатынас кедергілері.
Мақсаты:Қарым-қатынастың мазмұнын, мақсатын және негізгі қызметтермен таныстыру.Қарым-қатынас барысында кездесетін кедергілерді анықтай отырып студенттерді адамдармен қарым-қатынас жасау дағыдысын қалыптастыру.
1.Қарым-қатынас адамдар өмірінде негізгі орын алады.Қарым-қатынас процесі соның ішінде іскерлік қарым-қатынас бұл комуникация, сонымен қатар мәлімет алмасу, пікір алмасу, көңіл-күй тілектерін бөлісу.Қарым-қатынастың нәтежиесі мына факторларға байланысты; комуникациялық құралдарды дұрыс қолдану, комуникациялық қабілет, білік- дағдыны қолдана білу.Қарым-қатынастың негізгі құрадарына вербальды, вербальды емес құралдар жатады. Вербальды емес құрадарға сезім мен эмоцияның мимика жест арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынаста бейнеленуі. Қарым-қатынас адамның өмір сүру мәнін және сынилылығын білдіреді. Адамның өзіне тән ерекшелігі қарым-қатынаста көрініп отырады.Сонымен қатар қарым-қатынас ұжымдық әрекет және адамдар арасындағы комуникативті байланыстырушы рол атқарады. Қарым-қатынас адамның тіршілік етуі мен дамуын қанағаттандыратын маңызды өмірлік қажеттілік.
Сонымен қатар қарым-қатынас сөздік немесе бейсөздік деп бөледі. Біріншісінде қарым –қатынас сөз арқылы болса, екіншісінде мимика, жест, дыбыс, пауза, иіс, кеңістікте орналасу, жұғысу т.б арқылы .
Қарым–қатынас өте күрделі процесс. Оны құрылымдауда бірнеше ыңғай қалыптасқан, олар үш өзара байланыс жағын анықтайды: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.(сурет-1)
Қарым – қатынас барысында ақпарат бір адамнан екінші адамға алмасады. Сондықтан қарым – қатынастағы ақпарат алмасу – тікелей ары – бері ауысу ғана емес, бұл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің жалпы мағынасын анықтау.
Коммуникативті әрекеттің екі типі анықталынды: авторитарлы, диалогтық.
Бұлардың коммуникатордың реципиентке деген қатынасынан пайда болған
психологиялық құрылымынан айыруға болады.
Авторитарлы және диалогты қарым-қатынастың салыстырмалы сипаттамасы төмендегідей кестеде көрсетілген.
Қарым-қатынас үрдісінің параметрлері
|
Авторитарлы қарым-қатынас
|
Диалогты қарым-қатынас
|
1.коммуникатордың психологияық
|
«жоғарыдан – төменге»
|
«тепе - тең»
|
2. мәтін мінездемесі
|
А) жалпылама сөздер
Б)тыңдаушылардың ерекшеліктерін есептемеу
В)сезімдерді жасыру
Г)аксимотикалық мазмұны
|
А) өз атынан сөйлеу
Б) тыңдаушылардың тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу.
В) өзінің сезімін ашық көрсету.
Г)пікірталастық сипаттағы мазмұн
|
3. Қарым-қатынасформасы
|
Монофония
|
Полифония
|
4.Қарым-қатынасты ұйымдастыру тәсілдері
|
Коммуникатор
|
Коммуникатор
|
5. Бейсөздік қарым – қатынас сипаттамасы
|
Жабық жесттер мен позициялар.
|
Ашық жестілік, яғни бір кеңестіктік деңгей.
|
2.Өзінің формасымен түріне қарай қарым-қатынас әртүрлі.Қарым-қатынаста мыналарды бөліп қарауға болады;мазмұнын, мақсатын, құралдарын, функцияларын, формаларын.Мазмұнына қарай қарым-қатынас;
Материалдық-субектілердің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы болатын іс-әрекеттің заттары мен өнімдерімен алмасу.
Когнитивтік-біліммен алмасу.
Іс-әрекетік-әрекетермее, операциялармен, іскерлік дағдылармен алмасу.
Кондинционалдық-психикалық және физиологиялық жағдайлармен алмасу.
Мотивациалық,мақсатымен,қызығушылығымен,себептермен,қажеттіліктермен алмасу.
Қарым-қатынастың мақсаты-бұл адамның сол әрекеттегі белсенділігінің пайда болу жағдайы.Мақсатына қарай қарым-қатынас биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді.
Биологиялық-бұл ағзаны қолдауға, сақтауға, дамытуға, қажет қарым-қатынас.
Әлеуметтік- тұлғааралық байланыстың нығаюын, кеңейуін және индивидтің тұлғалық өсуі.
Бағытымен тәсілдеріне қарай динамикалық қарым-қатынас адамның қызметімен олардың жағдайларына қарай жалпы қарым-қатынас құрамына бөлінеді. Қарым-қатынас формаларымен, байланыспен, шығармашылықпен қажеттілікпен ретке келтіріледі.
3.Қарым-қатынастың негізгі 4 түрлі қызметі бар.
Инструментальдық қызмет- ақпаратты беру және басқарудың әлеуметтік механизмі.
Интегративті қызмет-қарым-қатынапсты адамдарды біріктіру құралы ретінде анықталады.
Өзін-өзі көрсету –психологиялық контекстті өзара түсіну формасы ретінде анқыталады.
Трансляциялық қызмет-іс-әрекеттің нақты әдісін, бағасын беру ретінде болады.
Әлеуметтену өзара қарым-қатынастағы дағдылардың қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелермен сай қалыптасуы.
Формаларына қарай қарым-қатынас-
-тікелей-( вербалды және вербалды емес ақпарат құралы арқылы « бетпе-бет» табиғи байланыс) және жанама ( қарым-қатынас процесіне « қосымша» қатысушы арқылы ақпарат тасымалданады)
- тікелей ( табиғи мүшелер көмегімен ( қол, кеуде, бас) және тікелей емес ( арнайы құралдардың көмегімен толық емес психологиялық байланыс)
-массалық ( көпшілік таныс емес адамдардың тікелей байланысы) және тұлғааралық ( топтағы немесе жұптағы адамдардың тікелей байланысы, серіктестердің психологиялық жақындылығын білдіреді)
Достарыңызбен бөлісу: |