2.Мәдениет, оның табиғаты мен мәні. Мәдениет( латын – cultura- өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс- әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанының бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымды мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет-адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат».
Мәдениет-жеке адамның өмір сүру мақсатымен құндылық жүйесі адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол-өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мәдениет -әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.Адам, оның қызметі мен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар.Мәдениет материалдық және рухани: бірі- материалдық өндірістің, екішісі- рухани өндірістің өнімі деп құралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері-еңбек құралдары және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Материалдық мәдениетті де мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ол рухани иәдениеттің өнімі материалдық формада болады, соның нәтижесінде ол объективке айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ тұтас бірлікте алып қарауға да болады.Өміршең мәдениет қоғамдық адаммен ажыратылмайды, адам-мәдениет субъектісі. Адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыптарға, ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңірді. Мәдениет- адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрынан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіріп, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышарттарына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды.
Тілдің пайда болуы дүниетанымның қалыптасуына алып келді. Тіл болмаса не айтамыз? Дүниені тілсіз тану мүмкін емес. Тіл дегеніміз-дүниетаным. Дүниетаным- адамдармен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық номаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі ( бастапқы) сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем.Дүниетаным адамның дүнеині ақиқатпен теориалық және практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-практикалық тәсілі. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемі моделі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды өте жоғары бағалап, «Аталы сөзге арсыз ғана таласады»-деген.
Ұлт өз дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді.Қазақтардың ең алғашқы дүниеге көзқарасы мифологиялық космоцентірлік, яғни, адам мен ғарыштың біртұтастығы идеясы болды. Оларда ғарыш пен жердің ғайыптан пайда болғаны туралы, күннің, айдың және басқа да аспан шырақтарының қайдан шыққаны туралы айтылған. Сонымен бірге фетишизм, тотемизм, анимизм элементтері, адамдардың құдайлық күштермен « қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың- шамандардың қолында болды. Ерте қазақи түркілер арасында әртүрлі діни наным-сенімдер болған.