Ойлау мəдениеті Ойлау


Исламның қалыптасуы және тарихи формалары



бет52/56
Дата04.10.2023
өлшемі257,68 Kb.
#183708
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Философия лекция

3.Исламның қалыптасуы және тарихи формалары

Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба — Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халифтер» (араб.: خلفاء الراشدون‎) заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады. Әділетті Халифтерден кейін билік басына Умәйя әулетінің халифтері келіп, олардың кезеңі «Умәуи заманы» (араб.: العهد الأموي‎) аталды. Умәуилер заманында халифат Иберия түбегіне (қазіргі Испания) шейін жетіп, сол жақта халифат билігі орнады. Халифаттағы билікке Пайғамбардың көкесі Аббас ибн Абдуль-Мутталибтың әулеті таласып, Умәуи халифтерінен билікті тартып алды. Аббасилер кезеңі (араб.: العهد العبّاسي‎) сонымен қатар «Исламның алтын ғасыры» деп аталады, себебі осы халифтердің кезінде ғылымдар мен әдебиет бұрынғы арабтардың жетістіктерінен асып түсіп, үлкен даму алды. Аббасилердің билігі көптеген себебтермен әлсіреп, бұрынғы халифат жерлерінде дербес Тулунилер, Фатимилер, Селжұқилер және т.б. мемлекеттер пайда болды. Осы кезде кресшілердің Иерусалим қаласын басып алуды мақсат еткен жорығы басталып, 194 жылға созылған крест жорықтары басталды.


Кейбір мұсылман мемлекеттері кресшілерге қарсы соғысқа шығып, олардан басып алынған қалаларды қайтарды. Бұл жағдай Мысырда мәмлүктердің билігі келіп, кресшілерді Шам қалаларынан қуып шыққанға шейін жалғасты. Осы кезде шығыста Шыңғыс ханның немересі Хұлағу халифаттың астанасы болған Бағдадты басып алды. Аббасилер халифат атанасын Әл-Қаһираға (Каир) көшірді, бірақ осы уақыттан бастап аббасилердің билігі тек формальды түрде сақталып, нағыз билік мәмлүк сұлтандарының қолында шоғырланды. Осыдан кейін Аббасилер заманындағыдай мұсылмандарды біріктіретін мемлекет Осман империясы құрылғанға шейін болған жоқ. Осман сұлтандары мұсылмандардың қол астына бұған дейін жауланбаған көптеген жерлерді қосты. Оның ішінде Европадағы Балқан түбегін жаулау мен сол жақта Ислам дінін тарату болды. Жетінші Осман сұлтаны Мұхаммед I кезінде Константинополь қаласы мұсылмандардың қол астына өтті. 1516-шы жылы сұлтан Селим І Шам мен Мысыр жерлерін басып алып, ақырғы аббаси халифінен халиф атағын алды. Осыдан кейін 408 жыл бойы Осман әулеті халифтер ретінде билік құрды. Және бұл кезең «Османилер заманы» (араб.: العهد العثماني‎) аталып кетті. Бұл кезде Осман империясынан бөлек Ирандағы Сефевилер мемлекеті, әмір Темір мемлекеті сияқты бірнеше мемлекеттер құрылды. Осман империясы құлағаннан кейін мұсылмандар бір-бірін ортақ дін, тіл мен мәдениет біріктіретін дербес мемлекеттерге бөлініп кетті.
Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді.
Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды.
Орта Азиялық мұсылман ғылымы мен мәдениетінің дамуына ортағасырлық шығыс мәдениеті тың серпін берді. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари және Мұхаммед Хайдар Дулати атты ұлы ойшылдар ғылым мен философияның көрнекті өкілдеріне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет