Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет1/35
Дата20.06.2022
өлшемі1,19 Mb.
#146837
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Ойлау м дениетіні пайда болуы. Философияны п ні мен дісі



Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі 
 
1. Ойлау мәдениеті.
2. Философия – даналыққа құштарлық.
3. Философия және дүниетаным. Мифология, дін және философия.
4. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі. 
5. Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық 
антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша 
сипаттамалары.
6. Философия және фәлсафа. 
7. Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының санқырлылығы және 
философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі.
8. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі.
9. Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны.
 
 
Ойлау
– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені 
тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен 
құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі
материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, 
бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. 
Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана 
білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары 
жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы 
дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен 
байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі 
мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. 
Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – 
қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең 
байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар 
жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, 
ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге 
болады.
Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы 
Томас Гоббс: «Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады… және сенің өзіңде 
өмір сүреді» деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені 
жұмыр басты пенденің ешқайсысында өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, 
мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Адамның ақыл-ой мәдениетінің 
негізінде нақ осы пайымдау жатыр. Табиғаттың қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы 
заңдары философияның пәні болып табылады. 
Философия термині көне грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ал көне үнді 
тілінен аударғанда ақиқатты көру деген мағынаны береді.
«Философ» сөзін ең алғаш рет интеллектуалды білімге ұмтылып, дұрыс өмір сүруге 
тырысқан адамдарды оқшаулау мақсатында көне грек математигі мен философы Пифагор 
қолданған. Философия терминін түсіндіріп, оны ерекше ғылымның түрі ретінде негіздеген 
Платон. 
Көне дүниеде философия деп аталған білім ғылымдардың алғашқы негіздері, 
практикалық байқаумен, қорытындылармен қатар адамдардың әлем туралы адам 
тіршілігінің мәні мен мақсаты, өзі туралы мәліметтерді біріктірді. 
Философияның қалыптасуы әлем туралы білімдер мен адамдардың өмірлік 
тәжірибесінің үйлесімділігін іздестіретін ерекше рухани ұстанымның пайда болуын паш 
етті. 


Философия даналыққа апаратын жол, яғни даналық философиядан да жоғары, оған 
философияның көмегімен көтерілуге болады. 
Даналық дегеніміз - әр нәрсенің шегін білу, байыбына бару, себебін түсіну, асықпай, 
аптықпай шешім қабылдау, яғни ол – адамның интеллектуалдық мүмкіндігінің шыңы, адам 
армандайтын рухани биіктік. 
Алғашқы философиялық теориялар өзінің мағынасы жағынан синкретті, яғни 
жиынтық білім болды. Өйткені, оның құрамында әлем мен адам туралы барлық білімдер 
сонымен қатар, математиканың, тарихтың, астрономияның, механиканың, медицинаның, 
этиканың, эстетиканың бастаулары орын алды. Антикалық философияның кез келген 
өкілінің әмбебап ойшыл, энциклопедиялық ғалым болғандығы жай ғана кездейсоқтық 
болмаса керек. 
2000-нан астам жыл тарихында философияның пәні ұдайы өзгеріп, дамып отырды. 
Бірақ оның болмысында жылдар, ғасырлар өтсе де өзгермейтін тұрақты, тек оған ғана тән 
ерекшеліктері болды. Философияның іргелі сұрақтары дүниетаным мәселелерімен тығыз 
байланысты. 
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған ортаға, өзіне 
- өзінің, басқаларға қарым – қатынасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Сонымен қатар, ол 
адамның бағыт бағдарын, сенімі мен идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді. 
Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. 
Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге 
бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық 
тұрғысынан бағалайды. Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі 
рухани дүние туралы түсініктер жинақталып, тиянақталынады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, 
олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы түсініктер 
қалыптаса бастайды. Дүниетаным - өзін өзі, айналадағы ортаны өзгертетін адамның 
практикалық іс - әрекетінің тірегі. 
Кез келген пенде, жеке адам, ойшыл дүниетанымның субъектісі бола алады. Өйткені 
әр адамның өзіндік тәжірибесі мен білімдері бар, ол әр нәрсені өзінше қабылдайды
түйсінеді, түсінеді. Қоғамдағы үлкен топтардың да өзіне тән дүниетанымы бар. Ол осы 
тапқа, топқа тән ортақ белгілерді, бағалау мен идеалдарды біріктіреді. Біз оны тарихи, 
этнографиялық деректерден, көркем әдебиеттен айқын көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет