Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет5/35
Дата20.06.2022
өлшемі1,19 Mb.
#146837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Ойлау м дениетіні пайда болуы. Философияны п ні мен дісі
9 7U Music and Film. Types of films p75, 1 ghjrydbfgafds, 1000728540, 1000728540
САНА, РУХ ЖӘНЕ ТІЛ


1. Жан, ақыл, парасат, рух.
2. Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы.
3. Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері.
4. Шәкәрімнің үш анығы.
5. Антропосоциогенез.
6. Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар.
6.1 Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З.Фрейд, К.-Г.Юнг).
7. Сана және өзіндік сана.
7.1 Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге 
дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік.
Болмыстың екінші таңғажайып түрі – ол сана, рух, жалпы алғанда, адамның 
психикасы. Гносеологиялық (танымдық) тұрғыдан қарағанда, сана – Дүниені бейнелеудің 
ең биік, тек адамға ғана тән идеалдық формасы.
Сана – материя емес, оны қолға ұстап сындырып, я болмаса, ауызға салып дәмін 
байқап, мұрынға жақындатып иісін анықтауға т.с.с. болмайды. Болмыстық тұрғыдан кең 
түрде қарағанда, сана – адамның ішкі жан-дүниесі, адам белсенділігінің психикалық 
деңгейі. Ал оны нақтылай келсек, ол, әрине, адамның ой толғаулары. Бірақ, ол онымен 
бітпейді. Ойлау, рационалдық таным – сананың өзегі болғанмен, оған адамның сезім 
толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді, ашуланады, шаттанады, сүйеді, жек көреді 
т.с.с. Егер де біз кең түрде адамның психикасын алатын болсақ, оған санамен қатар 
бейсаналық та кіреді. З.Фрейдтің уақытында ашқан бұл жаңалығының қазіргі өмірдегі 
маңызы өте зор. Сонымен қатар, санаға тең емес адамның ырқы да (воля) бар. Кейбір 
жағдайларда адам санаға сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы мүмкін. Ф.Ницше 
уақытында айтқандай “нағыз адам” толқынмен бірге емес, оған қарсы жүзеді.
Адам Дүниені саналы түрде бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар, өз ішкі жан-
дүниесіне сараптау жасайды – міне, осы сәтте оның рухы оянады. Рух категориясы біздің 
жақында өткен тарихымызда дінмен байланыстырылып, ал “кеңес тоталитаризмі” соңғыға 
қарсы болғаннан кейін, философиялық әдебиетте өте аз қолданды. Негізінен алғанда, рухқа 
ғылымдағы жетістіктер, қоғамдық сана формалары жатқызылды. Тек бүгінгі таңда ғана бұл 
категорияның маңызы өсуде. 
Жалпы алғанда, рух дегеніміз – адамның өзіндік сана-сезімі, өз-өзіне “сырттай қарап” 
баға беруі, өз өмірінің мән-мағынасымен қатар, жалпы Дүние жөнінде ойлауы-толғауы, 
тебіренісі жатады. Бұл тек дамыған адамға ғана тән нәрсе. Қайсыбір жануарды алсақ, ол өз-
өзін бұлдыр сезінеді, өзін жағалай ортадан бөлек алып, оған қарсы қойып қарай алмайды. 
Оған қабілетті – адам ғана.
Жеке адамның рухымен қатар, белгілі бір халықтың рухы жөнінде де айтуға болады. 
Мысалы, қазақ халқының руханияты, демек, оның өзіне тән дүниесезімі, құндылықтары. 
Оны әдебиетте “объективті рух” деген категория арқылы береді. 
Сонымен қатар, рухтың жетістіктері ғылыми, көркем шығармалар арқылы өмір сүруі 
мүмкін. Оны “объективизацияланған рух” дейміз. Мысалы, қайсыбір ұлы суретшінің 
туындысын қабылдағанда, біздің рухани өміріміз үлкен тебіреністе болып, сан-алуан 
сезімдер мен ойлар жан-дүниемізге келеді. Әрбір адам өзінің рухани болмысына 
байланысты “Венера” мүсініне әр-түрлі қарайды. Біреуі оны “құдіретті теңдесі жоқ 
әсемдік” ретінде қабылдаса, тайыз надан адам оған “нәпсілік” тұрғыдан қарауы мүмкін. 
Симфония, я болмаса, басқа саз формаларын қабылдағанда да соған ұқсас тебіреністе 
боламыз, т.с.с. 
Дегенмен де, рухтың “негізгі үйі” – нақтылы өмір сүріп жатқан тірі адамның ішінде. 
Оған ақыл-ой, парасат, борыш, ар-ұждан мен ұяттық аяныш, адалдық, махаббат пен 


сүйіспеншілік, ізгілік пен ақиқат, әсемдік, үміт пен сенім, еріктік пен әділеттілік т.с.с. 
жүздеген категориялар жатады. Мысалы, Н.А.Бердяевтің айтуына қарағанда, “рух 
дегеніміз ақиқат, ізгілік, әсемдік, еріктік пен мән-мағына…Рух дегеніміз – адам ішіндегі
оның құдайлығы”. Расында да, “Сенің осы Құдайың бар ма?”, - деп ашына айтқанымызда – 
адам руханиятының тайыздығын көрсетпейміз бе? Олай болса, адам руханиятының өзегі 
неде? - деген сұрақ пайда болады. Бұл талай ойшылдарды тебіренткен сұрақ болатын. 
Орыстың ұлы ойшылы Ф.М.Достоевский “Дүниені сақтап қалатын Әсемдік қана”, - 
дейді. Әрине, көбісінде, әсемдікке ұмтылған адам зұлымдыққа бармайтыны хақ. Сонымен 
қатар, біз өмірде “салқын лебі” бар – адамды адамнан алшақтататын - әсемдікті көріп 
жүрген жоқпыз ба? 
Рухты білім, ғылыммен де теңеуге болмайды. Ядролық физиканың жетістіктерін 
пайдалану жолында адамзат атомдық электр стансаларынан басқа неше-түрлі жан 
түршігерлік қару-жарақ жасаған жоқ па? Қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрімнің ХХ ғ. 
басында-ақ ар-ұжданның бақылауынан шыққан ғылымның адам түршігерлік салдарларға 
әкелуі жөніндегі идеяларын еске алсақ-та болғаны. 
Сондықтан, Шәкәрім рухтың өзегін ар-ұжданнан көрген болатын. Бұл пікірді ұстаған 
философия тарихындағы И.Кант, Абай, С.Л.Франк сияқты ойшылдарды келтіруге болады. 
ХХ ғ. экзистенциализмнің көрнекті өкілі В.Франкл “ар-ұждан – адамның ішкі Құдайы”, - 
деген болатын. 
Біршама зиялылар рухтың өзегін махаббат, сүйіспеншіліктен көреді. Орта ғасырдағы 
Августиннің айтқанындай, “сүй, содан кейін не істесең де болады”. Тек қана сүю арқылы 
басқа адамның жан-дүниесін ақтара ашуға мүмкіндік аламыз. Нағыз махаббат сүйген 
адамның әлі де болса ашылмаған жақтарын сыртқа шығарып, оны гүлдетіп, 
шығармашылық жолға итереді. Дүниені тану – тек қана табиғаттың заңдылықтарын ашу 
ғана емес, сонымен бірге оны шын жүрегіңмен сүюге тең. Бұл танымның онтологиялық 
терең іргетасы. Тек қана сүю арқылы, өзіңді осы Дүние деген мұхиттың бір құрамдас 
тамшысы ретінде сезінгенде ғана зерттелетін заттың ішкі сырын ашуға мүмкіндік аласыз.
Оқырман өз дүниесезімінің ерекшеліктеріне байланысты өз руханиятының өзегін 
табар деген ойдамыз. Ал, қалам иесіне келер болсақ, рухтың өзегі ретінде ар-ұжданды 
қарайды. Бүгінгі қайшылыққа толы адамзат мәселелерін шешу тек саясаттың қолында емес, 
- ол әр адамның рухани-адамгершілік жетілуімен байланысты, - деген ойдамыз. “Мұндай 
қилы заманда тек ар-ұжданын басымқы қойған адамзат өз өмірін сақтап қалады”, - дер едік.
Сана қаншалықты идеалдық құбылыс болғанмен белгілі-бір материалдық негізсіз 
өмір сүре алмайды. Осы арада психо-физиологиялық мәселе пайда болады. 
Бүгінгі деректерге сүйенсек, сананың физиологиялық негізі адамның миында жатыр. 
Ол негізінен алғанда екі жарты шарды құрайды. Оның үсті өте нәзік қабықтан – нейрон 
клеткаларынан тұрады. Орташа есеппен алғанда олардың саны 14,5 млрд.!!! Әрбір нейрон 
клеткасы адам саусақтары сияқты 4-5 өсіндіден тұрып, солар арқылы бір-бірімен 
байланысады. Сонда орташа есеппен алғанда 65-70 млрд. жуық байланыс нүктелері пайда 
болады. Егер де шахмат ойыншылары 64 клеткада 32 фигуралармен миллиондаған ойын 
варианттарын тудыра алса, 70 млрд. жуық “клеткалары” бар мидың потенциалы 
шексіздікке кетпей ме? Адамның миы өз салмағының 2,5% құрғанмен организмнің 
қабылдайтын от тегінің 20% жағады екен – бұл да ғажап емес пе? Яғни, жүрекпен қатар ми 
да өте интенсивті жұмыс істейтін мүше екені анықталды. 
Адам өз түйсіктері арқылы сыртқы Дүниедегі құбылыстарды қабылдап алынған 
ақпаратты жүйке жүйелерімен арнаулы ми бөлімдеріне жеткізеді – міне осы сәтте оларды 
сараптау басталады. Қазіргі деректерге сүйенсек, ол өте күрделі биоэлектрлік “кванттық 
өрістер” негізінде жүреді. 
Ал, мидың ішкі құрылымдарына келер болсақ, олар әлі дұрыс танылмаған, өте күрделі 
де көне болып танылады. Олар бүкіл физиологиялық үрдістерді бейсаналық жолмен ретке 
келтіріп отырады деп болжауға болады. Мысалы, сіздің жүрегіңіз минутына 60 рет соқса, 
оны басқаратын мидың бөлігі сіздің жүрегіңізге 60 рет элктроимпульс жіберіп оны 


соқтыртады… Адамның бауыры әсіресе интенсивті түрде таңғы сағат 4-тен 6-ға шейін 
істейді екен. Бұл үрдістің уақытын анықтап басқаратын мидың арнаулы бөлігі бар т.с.с. 
Миды зерттеудегі негізгі қиындық - адамның ең биік құндылық екендігі, олай болса, 
оған ешқандай эксперименттер жасауға болмайтындығы. Сондықтан, адамның миы тек 
жанама түрде ғана зерттеледі. Мұндағы зерттелмеген нәрселер – шаштан да көп.
Ми – сананың өмір сүруінің физиологиялық негізін құрағанына қарамастан, ол – тек 
құрал ғана. Сондықтан да, тарихта өмір сүрген ұлы адамдардың миының ерекшелігі 
зерттелген кезде, онда ешқандай ерекшелік байқалмады. Мысалы, француз жазушысы 
А.Франстың миының салмағы 1100 г. болса, И.С.Тургеневтікі – 2200 г. болған. Лениннің 
миынан да ешқандай ерекшелік табылмаған. Адам ми арқылы ойлағанмен, оның негізгі 
органоны - қоғамның өзі болып табылады. Адам басқа адамдар, жалпы қоғаммен, кітаптар 
арқылы өткен ұрпақтармен сан-қилы шым-шытырық байланысқа түсудің негізінде өз ойын 
дамыта алады. Сана – адамдар жасаған әр затта, жағалай оны қоршаған “жасанды 
табиғатта” сөнген. Өзінің өмірінің барысында сол заттарды пайдаланып, адам ондағы 
сөнген рухты қайта тірілтіп өз санасының құрамына айналдырады. 
“Ұлы мәртебелі Табиғаттың” жасаған “аянышты тәжірибелеріне” тоқталсақ, 
жоғарыда айтылған ойдың ақиқаттығына көзіміз жетеді. 1920 ж. Үнді еліндегі орманда 
қасқырдың соңында төртаяқтап жүгіріп бара жатқан екі егіз қыз ұсталады. Олар қасқыр 
алып кетіп өсірген Амала мен Камала болып шығады. Оларды адами өмірге қайтару 
мақсатында Дели университетінің психология факультетінде зерттейді. Ақырында, адами 
қатынастарға шыдай алмай Амала өледі де, Камала 16 жасқа шейін өмір сүріп не бары 30-
ға тарта сөздің мән-мағнасын ұғады. Бірақ, ол сөздерді сөйлем ретінде бір-бірімен 
ұштастырып айта алмайды. Олар күндіз енжар болып қалғу үстінде болса, түнге қарай 
көздері жарқырап, қасқырша ұлып, белсенділік көрсетеді… 
Екінші ғылыми экспериментті Кеңес Одағының көрнекті ғалымдары В.Мещеряков 
пен Э.Ильенков 60-ші жылдарда жасайды. Олар көзі көрмей, құлағы естімей туған 4 баланы 
тәрбиелеп, адами өмірге әкеледі. Ең алдымен оларды кеңістікті сезінуге үйрету керек 
болды. Ол үшін баларға емізікпен тамақ берген кезде, оны бірте-бірте аузынан 
алшақтатады, - бала болса оны қолымен ұстап жібермеуге тырысады, яғни ол кеңістікті 
сезіне бастайды. Жүре келе олардың қолына қасық ұстатып, тәрілкеден тамақ алып, аузына 
жақындатып салуға үйретеді т.с.с. Сонымен, адами заттарды игерудің арқасында олардың 
сана-сезімі оянып, олар адамдардың қатарына қосылып, тіпті сөйлеу дәрежесіне дейін 
көтеріледі. Қалам иесі 1976 ж. болған МГУ-дағы жұмыс сапарында олармен көзбе-көз 
кездесіп сұхбаттасқан болатын. Олар ол кезде психология факультетінің студенттері еді… 
Бұл теңдесі жоқ ғылыми эксперимент И.Канттың кеңістік жөніндегі априоризмін теріске 
шығарды, сонымен қатар сананың әлеуметтік табиғатын шынайы көрсетті. 
Келесі экспериментті АҚШ-тағы ғалымдар жасады. Олар шимпанзенің жаңа ғана 
туған баласын қолдарына алып, әлди-әлди өлеңдерін айтып, адами жолмен тәрбиелеп 
өсірді. Бірақ, ол сөзді ұғу дәрежесіне көтерілмеді. Сонымен қатар, ол 240-қа жуық “ымдау 
тілімен” (язык жестов) айтылған мән-мағнаны түсінетін дәрежеге көтерілді. Қаншалықты 
тәрбиелесе де, жалпы алғанда, ол адами өмірге жат болып шықты. 
Бұл айтылған деректердің бәрі де сананың әлеуметтік адами құбылыс, ал мидың өзі - 
ойлау құралы екенін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет