Оқулық Қазақстан тарихы. Б. Е. Көмеков, Т. С. Жұмағанбетов, К. С. Игілікова 5 сынып, Алматы «Атамұра» 2017



Дата31.12.2021
өлшемі175,5 Kb.
#107270
түріОқулық
Байланысты:
2 сабақ. Қазақстан тарихы 5 сынып.


1 тоқсан

Пәні

Қазақстан тарихы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Жаңаөзен қаласы №9 орта мектеп Эзжанова Лиза

Оқулық

Қазақстан тарихы. Б.Е.Көмеков, Т.С.Жұмағанбетов, К.С.Игілікова 5 сынып, Алматы «Атамұра» 2017

Бөлімі

5.1 А Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Сабақ № 2

Сабақ тақырыбы

Алғашқы адамдардың өмірі

Оқу мақсаты

5.1.1.1 – алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау

Зерттеу сұрағы

Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

Тілдік мақсаттар

Австролопитек,архантроп, палентроп, Homo habilis, Homo sapiens

Ресурс

Қосымша сілтеме


https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/5-synyp/alhashqy-adamdardyng-omiri?mid=14:simple

https://www.youtube.com/watch?v=n6gBC66taEI



Сабақтың барысы:

Қысқаша конспект.

Адамзаттың қалыптасу тарихы әдетте 3 кезеңге бөлінеді.

  1. Епті адамдар (Homo habilis) - австролопитек түріне жататын ең алғашқы адамдар. Ғалымдардың болжамы бойынша, тастан ғана құрал жасаған.

  2. Тік жүретін адамдар (Homo erectus) – синантроп пен питекантроп, неандертальдықтарға жататын алғашқы адамдар.

  3. Қазіргі адамдар, саналы адамдар (Homo sapiens) – оның ежелгі түрі кроманьондық адам.


Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда 1927 жылы Пекин маңындағы Чжоу коу дянь үңгірінен табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен Синантропты «тік жүретін адам» деп атайды. Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германиядан табылып, 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. 1938 жылы Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі Тесіктас деген үңгірден де табылған. Неандертальдақтардан кейін, мөлшермен бұдан 40-35 мың жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адамдар қалыптасты.1868 жылы Францияның Кро-маньон үңгірінен табылғандықтан кроманьондық адам деп те атайды.
Қазақстан жерінде алғашқы адамдар осыдан 1 млн жыл бұрын пайда болған.

Бірақ біздің жерімізде олардың қаңқа сүйегі табылмады, тек тұрақтары мен қолданған құралдары табылған.

Қазақстанда палеолит дәуірінде өмір сүрген адамдар питекантроптың замандастары болған.

Қазақстандағы алғашқы адамдар тұрағы: 1958жылы Жамбыл облысы Қаратау жотасында Арыстанды өзенінің маңында табылды.



Оның жасы: 1 млн жыл бұрын. Замандасы питекантроп, ерекшелігі: адам қаңқасы табылмаған, ең көне тұрақтардың бірі. Зерттеген археолог Х.А. Алпысбаев.


Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:



1- тапсырма.

Суретті қолданып, алғашқы адамдардың даму эволюциясы мен антропологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.



























Дескриптор Білім алушы



  • адамның эволюциялық даму сатысын ретімен атайды;

  • ежелгі адамдардың антропологиялық ерекшеліктерін сипаттайды.


2- тапсырма. Кестені толтыр.

Алғашқы адамдар

Атауы

Табылды, жасы, ерекшелігі

Епті адам

Австолопитек




Тік жүретін адам

Питекантроп







Синантроп







Неандерталь




Саналы адам

Кроманьон





3- тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Адамзаттың қалыптасу тарихы қандай кезеңдерге бөлінеді?

  2. Алғашқы адам атаулары қалай берілген және немен байланысты?

  3. Саналы адамның басқа адамдардан басты айырмашылығы неде?

  4. Қазақстандағы алғашқы адам тұрағы туралы не айтасыз?




Сабақты қорытындылау

«ҚҚҚ» әдісі

Қызық

Құнды

Қиын

1.

2.

3.




1.

2.

3.



1.

2.

3.







Үйге тапсырма.

§3-4 оқу. 12-15 беттер. Қосымша тапсырма.

«Адамның қалыптасуы» тақырыбына әңгіме жаз.



Бағалау өлшемі:

  • Мәселенің мазмұнын ашу – 1балл

  • Өз тұжырымын айтып, оны дәлелдеу - 1 балл

  • Тұжырымы мен оған келтірілген дәлелінің мазмұны мен сипатын ашу – 3 балл

  • Жоғары балл – 5.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет