Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет31/35
Дата20.06.2022
өлшемі1,19 Mb.
#146837
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Ойлау м дениетіні пайда болуы. Философияны п ні мен дісі

"Қоғамдық сана".
 
Бұл қоғамның рухани құрылымының жиынтығы. Қоғамдық сана 
әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы 
қоғамға тән қасиет. Қоғамдық сана қоғам заңдылықтарының кейбір ерекшеліктерімен 
тығыз байланысты. 
Қоғамдық сана – қоғамда болып жатқан өзгерістерге сүйене отырып, оның болашағы 
туралы болжам жасайды, уақыт өткен сайын оның болмысының өзгерістері қайда 
апаратынын түсіндіреді. Бұл қоғамдық сананың алдын ала бейнелеу мүмкіндігін білдіреді. 
Қоғамдық сананың қоғамдық өмірді бейнелеуінің әртүрлі деңгейі бар. Қарапайым 
сана адамдардың өмір сүру жағдайынан тікелей туындайды. Оған адамдардың өзі және 
қоршаған орта, әртүрлі оқиғалар туралы пікірлері жатады. Қарапайым сананың негізін 
шындықты тура бейнелейтін дұрыс мағына құрайды. Қарапайым сананың көмегімен 
адамдар қоғамның беткі жағында жатқан оқиғалар мен қатынастарды түсіндіруге тырысты. 
Теориялық сана ғылыми білімнің құралдарымен жасалған идеялар мен 
көзқарастардың, ілімдердің жүйесі. Ол жеке адамдардың күшімен жасалады. Адамзат 
тарихында қоғамдық өмір туралы экономикалық, саяси, құқықтық ілімдер болған. 
Теориялық сана өзінің мәні жағынан қоғамдық болмыстың түпкі байланыстарын, 
заңдылықтарын білдіреді. Қоғамдық болмыс қоғамдық санада әр қырынан көрінеді. Бұл 
қоғамдық өмірдің күрделілігімен, жан – жақтылығымен, түсіндіріледі. Қоғамдық сананың 
формалары шындықтың әртүрлі қасиеттерін бейнелейді. Сондықтан олардың мағынасы 
ғана емес, тану тәсілі де әртүрлі болады. 
Қоғамдық сананың түрлері бір уақытта пайда болмаған. Олар қоғамдық болмыстың 
күрделеніп, сонымен қатар, адамның танымдық мүмкіндіктерінің жетіле, кеңейе түсуімен 
байланысты қалыптасып отырған. 
Қоғамдық сананың тарихи, бірінші формасы – моральдық сана. Моральдық сана 
қоғамның қалыптасумен бірге дамыған, өйткені белгілі бір тәртіп ережелеріне, 
қалыптарына сүйенбейтін, әлеуметтік ұжым болуы мүмкін емес. Алғашқы қауымдық 
құрылыста эстетикалық, сонан соң діни сана пайда болған. Саяси сана таптық қоғамның 
дамуының жемісі, ал құқықтық сана таптық қоғам дамып, күрделеніп, ондағы жіктеулер 
нығая түскен кезде қалыптасқан. 


Қоғамдағы атқаратын функциясы мен маңызына қарай қоғамдық сананы екі топқа 
бөлуге болады: біріншіден, әлемді игерудің рухани практикалық формалары, екіншіден, 
рухани – теориялық формалар. Бірінші топқа – моральды, саясатты, құқықты, екіншісіне 
эстетиканы, дінді, философияны жатқызуға болады. 
Қоғамдық сана қоғамдық болмысты ақиқатты бейнелей отырып, адамдардың 
пратикалық іс -әрекетіне тірек, бастау болады. Соның нәтижесінде нақты саяси ілімдердің, 
іс -әрекеттердің бағдарламасы мен адамгершілік, саяси мұраттар қалыптасады. 
Қоғамдық сана – қоғам дамуының керемет рухани күші. Тарих көшінің кейбір 
дәуірлерінде ол күрделі өзгерістерге жетелейді. Қоғамдық сананың күші оның 
функцияларында көрініс береді. 
Қоғамдық сана танымдық – ақпараттық рөл атқарады. Оның негізінде қоғамдық 
сананың қоғамдық болмыс мүмкіндігі жатыр. Осы білімге сүйене отырып, қоғам туралы 
жан – жақты түсініктер алуға болады. 
Қоғамдық сана коммуникативті – құндылық міндетін де атқарады. Сананың өрісі 
психикалық өмірдегі тек қана саналы істермен ғана шектелмейді, оның құрамында 
санасыздық та, немесе бейсаналық та орын алып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет