«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет57/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

3.6
 
Ауыспалы егістіктер. Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіру 
принциптері. 
 
 Ауыспалы егіс дегеніміз
– ауыл шаруашылық дақылдары мен бос 
танаптарын уақыт және территория бойынша ғылыми негізде кезектестіріп 
отыру. Танаптардағы ауыл шаруашылық дақылдарының ауыспалы егісте 


кезектесу ретімен ауысып келіп отыру тәртібін ауыспалы егіс схемасы деп 
атайды.
Онда ауыспалы егістегі дақылдар мен танаптардың кезектесу реті 
орнатылады. Дақылдар мен бос жерлер ауыспалы егіс схемасында кӛрсетілген 
әр танаптан ӛз кезегімен ӛту кезеңі - ротация деп аталады. Ротация 
ҧзақытылығы ауыспалы егіс танаптарының санына тең болады. Ауыспалы 
егістегі танаптар саны дақыл қҧрамына және олардың, қатынасына сонымен 
қатар жер бедеріне, топырақ ерекшеліктеріне және т.б. жағадайларға 
байланысты болады. 
Ауыспалы егісте дақылдардың ауысуы жылдық немесе кезеңдік болуы 
мҥмкін. Д.И.Прянишников дақылдарды кезектестіру қажеттілігінің негізгі 4 
тҥрлі себебін атап кӛрсеткен. Олар: химиялық, физикалық, биологиялық, 
экономикалық. 
Ауыспалы егіс схемасын қҧру кезінде топырақтың қҧнарлығына әсер ету 
дәрежелері бойынша барлық алғы дақылдар: ӛте жақсы, жақсы, қанағаттырлық 
болып бӛлінеді және мынадай топтарды қҧрайды: 
1. Таза (бос) және бос емес парлар. 5. Техникалық 
2. Кӛпжылдық шӛптер. 6. Кҥздік дәнді-дақылдар. 
3. Дәнді бҧршақ тектес. 7. Жаздық дәнді-дақылдар. 
4. Отамалы. 8. Бір жылдық шӛптер. 
Таза пар деп бҥкіл вегетация кезеңіндегі ауыл шаруашылық дақылдары 
ӛсірілмейтін танапты айтады. Таза пар ылғалдылық, қоректік заттардың 
жинақталуын қамтамасыз етеді және оған кейін ӛсірілетін дақылдар ҥшін 
жақсы фитосанитарлық жағдай туғызады. 
Кӛпжылдық 
шӛптер жоңышқа, люцерна, эспарцет топырақты 
органикалық заттармен және азотпен байытады. Олар топырақ қҧрамын 
жақсартып, 
санитарлық 
қызмет 
атқарады. 
Ауру 
тудырушы 
микроорганизмдердің дамуын тежейді. 
Бҧршақ тҧқымдас дақылдар – бҧршақ, нҧт, соя, фасоль, атмосферадағы 
ауаны жҧтып, оны топыраққа жинақтайды, топырақ қҧрамын жақсартады. 
Отамалы дақылдар – картоп, жҥгері, кҥнбағыс, мақта, бақша дақылдары, 
қант қызылшасы жақсы арамшӛптерден тазартушылар болып табылады. 
Топырақта олардан кейін қоректік заттардың жылжымалы тҥрлері кӛп 
жинақталады. 
Алғы дақыл ретінде дәнді дақылдарды 2-топқа бӛлуге болады: 
-
кҥздік және жаздық дәнді дақылдар; 
Кҥздік дәнді дақылдардан кейін топырақта кӛптеген тамырлар және 
ӛсімдік қалдықтары қалатындықтан және танапты ерте босататындықтан 
топырақты келесі дақылдар ҥшін жақсы дайындауға мҥмкіндік береді.
Жаздық дақылдардың арамшӛптермен кҥресуі әлсіздеу болады. Олардан 
тамыр және ӛсімдік қалдықтары аз қалады. 
Мол ӛнім алу ҥшін ауыспалы егістегі дақылдардың кезектесуін, олардың 
әрқайсысына да жақсы алғы дақыл келетіндей етіп ҧйымдастырады. Яғни ол 


бағалы, алғы дақылдарға қоятын талаптары ӛзінен кейінгі дақылға жақсы алғы 
дақыл болуы керек. 
Кезектестіріп 
орналастыру 
кезінде 
әр 
дақылдың 
биологиялық 
ерекшелегін, олардың тіршілік факторларына әсерін, топырақтың физикалық, 
химиялық қасиеттеріне су және қоректену режимдеріне әсерлерін, танапты 
ластау ерекшеліктерін ескереді. Кез-келген ауыспалы егістің негізі - жыл сайын 
немесе белгілі бір кезең аралығында дәнді дақылдарды - отамалы, дәнді
бҧршақ тектес, кӛпжылдық немесе біржылдық шӛптермен, кҥздік дақылдарды 
жаздық дақылдармен кезектестіріп отыру. 
Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау керек. Дәнді 
дақылдардың 2 жылдан артық егілуін болдырмау керек. 
Кҥнбағыс, қант қызылшасын 2 жыл қатарынан себуге болмайды және
бастапқы орнына жиі қайталап егуге де болмайды. 
Кҥнбағыс пен кӛпжылдық шӛптерді қант қызылшасы қатарына жағалай 
отырғызуға болмайды, ӛйткені бҧл дақылдар топырақты кептіріп жібереді. 
Қант қызылшасын кҥнбағыстан кейін отырғызуға болмайды. 
Бҧршақ тектес дақылдарды 2 жыл қатарынан еккен дҧрыс емес, ӛйткені 
жинақталған азот қорын 2-ші жылға дақыл пайдаланбайды. Ал дәнді дақылдар 
азот қорын мол қажет етеді. 
Отамалы және бҧршақ тектес дақылдар - барлық ӛсімдіктер ҥшін жақсы 
алғы дақылдар болып есептеледі, сондықтан олардан соң ешқашан таза пар 
қалдыруға болмайды. Ал таза парларға - бҧларды отырғызуға болмайды. 
Кӛпжылдық шӛптер алғашқы жылы баяу дамып қанағаттанарлық ӛнім 
бермейтіндіктен кҥздік, жаздық дақылдармен, біржылдық шӛптермен қосылып 
ӛсіріледі.
Мысалы, 1. Таза пар, 2. Жаздық бидай, 3. Жаздық бидай, 4.Арпа. 
Ауыспалы егісті енгізуді 2-сатыға бӛледі: енгізу және игеру 
1) Енгізу деген ауыспалы егіс жобасын қҧрып, оны іс жҥзінде енгізу. 
Ауыспалы егістіктерді бір пішінді мҥмкіндігінше тік бҧрышты етіп жобалайды. 
2) Ауыспалы егісті игеру дегеніміз жобалаған ауыспалы егістіктегі 
орнатылған дақылдардың кезектестірілуіне біртіндеп кӛшу.
Ауыспалы егісті игеру ҥшін оған әдетте 2-3 жыл қажет. Дақылдардың 
танаптар бойынша орналасуы жасалынған схемаға сай келетін болып, 
тыңайтудың, дақылдардың кезеңі сақталса, ауыспалы егіс игерілді деп 
есептеледі. Масақты дақылдар тҥріне қарай алғы дақыл ретінде әр тҥрлі 
бағаланады. Кҥздік бидай-жаздық бидай, арпа ҥшін кӛптеген отамалы 
дақылдар жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Себебі олар арашӛптермен 
жақсы кҥресе алады,танапты ерте босатады. Жаздық бидаймен арпа - орташа 
алғы дақыл болып есептеледі. Бҧлардың ішінде нашары - тары. Тары ӛте жай 
ӛседі де ӛсіп-дамуы жайынан арамшӛптерден кейін қалып қояды. Тарыдан 
кейін танаптарда арамшӛптер кӛп болады.
Жаздық дақылдардың онша айтарлықтай алғы дақыл болып есептелмейтін 
тағы бір себебі бар, олар топырақтағы жеңіл сіңірілетін қоректік заттарды
едеуір мӛлшерде пайдаланады. Сондықтан оларды кӛбіне ауыспалы егістің ең 


соңғы танабына себіледі де, бҧл дақылдардан кейін танаптар кӛбіне парға 
қолданылады. 
Ауыспалы егістер онда себілетін дақылдардың тҥріне немесе топыраққа 
тигізетін әсеріне байланысты 3-ке бӛлінеді. 
1. Егістік-танаптық 
2. Мал азықтық 
3. Арнаулы 
1. Егістік-танаптық ауыспалы егісте дәнді-масақты, бҧршақ тҧқымдас 
техникалық дақылдар және картоп ӛсіріледі. Техникалық дақылдар қант 
қызылшасы, кҥнбағыс, мақта, оларды масақты дақылдар егіп жҥрген егін 
жайларға себуге болады. Танаптық ауыспалы егістерде кейде мал азығындық 
дақылдар егілуі де мҥмкін, бірақ малды жеммен қамтамасыз ету бҧл ауыспалы 
егістің міндетіне жатпайды.
2. Мал азықтық ауыспалы егістер - себілген дақылдардың тҥріне 
байланысты ферма маңындағы және шӛп-жайылымдық болып 2-ге бӛлінеді. 
Бҧларға кӛбінесе біржылдық немесе кӛпжылдық шӛптер арпа, сҧлы сияқты 
кҥтімді кӛп қажет етпейтін мал азықтық дақылдар егіледі. Кейбір жағдайда бҧл 
ауыспалы егістерді мал жаюға пайдалынылады.Мал азықтылық ауыспалы 
егістерде шаруашылықтың тҥріне байланысты ауа райы мен топырағына, 
ӛсірілетін малдың тҥріне байланысты әр тҥрлі дақылдар егіледі.Мысалы: 
шаруашылық мал бордақылауға мамандандырылған болса, кӛбінесе арпа, 
жҥгері, сияқты малды тез семіртетін дәнді дақылдар егіледі. Тӛл алып, ӛсіретін 
шаруашылықтарда бҧршақ тҧқымдас, қҧрамында белогы мол дақылдар егіледі. 
Егер шаруашылық сҥт ӛндіруге мамандандырылған болса, онда сҥрлем беретін 
дақылдар, қҧрамында суы, қанты мол болатын қызылша сияқты тамыр жемісті 
дақылдар егіледі. Шаруашылық ірі қара мал, жылқы ӛсірумен айналысатын 
болса, бҧл ретте олардың пішендікке жарайтын, мәдени жайылымға қолдануға 
болатын даақылдар ӛсіргені жӛн. Егер ауыспалы егіс мал фермасының жанына 
орналасып, оған сҥрлемге, кӛк балаусаға арналған дақылдар егілсе, бҧл 
фермалық ауыспалы егіс болып табылады. Ал пішендік-жайылымдық ауыспалы 
егіс ферманың жанына орналаспауы да мҥмкін.
Мал азықтық ауыспалы егістің ең басты кӛрсеткіші бір гектардан 
алынатын азық ӛлшемі мен қорытылатын протеин, витаминдер кӛлемі болып 
табылады. Бҧл жерде әрбір жемдік ӛлшемге кететін еңбек мӛлшері мен 
ӛндірілген жемнің ӛзіндік қҧнын да есептеу керек. 
3. Арнаулы ауыспалы егістерге - топырақты немесе танапты әдейілеп, 
ерекше дайындауды қажет ететін дақылдар себіледі. Бҧған кҥріш, 
кӛкӛніс,темекі ӛндіретін ауыспалы егістер жатады. 
Мысалы: кҥрішті себуге танаптар ерекше дайындалады-кҥріш себетін 
шектер тақтайдай тҥзу болуы керек, ӛйтпесе шекті сумен толтырғанда, судың 
мӛлшері шектің әр жерінде әр тҥрлі болып, ӛнімі кҥрт тӛмендейді. Кӛкӛніс, 
темекі себу ҥшін де топырақты ӛте жақсылап баптау керек. Ӛйткені бҧл 
егістерден алынған ӛнімдерді адам тікелей пайдаланатын болғандықтан оларға 


кӛбінесе органикалық тыңайтқыштар енгізіледі. Бҧл ауыспалы егісте себілетін 
дақылдар қол кҥшін кӛп қажет етеді. Сондықтан ӛнімді мол алатындай етіп 
қажетті жағдай жасап, яғни уақтысында суарып, жӛндеп кҥтпесе арнаулы 
ауыспалы егіске себілген дақылдар ӛзін-ӛзі ақтай алмай, шаруашылыққа зиян 
әкелуі мҥмкін. 
Топырақты бҥлдіретін эрозияға қарсы қолданылатын, танаптағы 
дақылдарды 50-100 метрлік жолақтарға орналасатын ауыспалы егістер де осы 
арнаулы ауыспалы егістердің қатарына кіреді. Мҧндай ауыспалы егістер 
Қазақстанның тәлімі жерлерінде орналасқан топырағы қҧмдауыт болып 
келетін аудандарда қолданылады. Бҧл ауыспалы егістерге кӛпжылдық шӛптер, 
масақты дақылдар мен пар ҥшеуі 50 не 100 м жолақтарға, желдің ҥдере 
соғатын бағытына кесе-кӛлденең орналастырылады. Топырақты қорғайтын 
ауыспалы егістер солтҥстікке Павлодар, Ақмола, Қостанай, батысында Ақтӛбе
облыстарында, оңтҥстігінде Алматы, Оңтҥстік Қазақстан облыстарында 
кездеседі.
Ауыспалы егістегі әр егінжайдың тарихы жазылатын кітап болуы керек. 
Бҧл кітапта әр танапта жылма-жыл қандай топырақ ӛңдеу жҧмысы жҥргізілгені, 
қандай тыңайтқыштар қанша мӛлшерде берілгені, қай дақыл себілгені, қандай 
арамшӛптер кездесетіні, оларға қарсы қандай гербицидтер қолданылғаны т.б. 
агротехникалық шаралардың бәрі жазылып тҧруы керек. Бҧл кітапта танап 
топырағының тҥрі, механикалық қҧрамы, қышқылдануы, қоректік заттар 
қорының мӛлшері жӛніндегі мәліметтер жазылуы керек. Бҧл мәліметтер 
арқылы келесі егістік дақылдардың агротехникасы анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет