«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет53/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

3.3
 
Топырақты ӛңдеу 
 


Егілетін ӛсімдікке қолайлы жағдай туғызу ҥшін машиналармен 
қҧралдардың жҧмыс органдары арқылы топыраққа механикалық әсер етуді 
топырақты ӛңдеу деп атайды. Ӛңдеудің кӛмегімен табиғи қҧнарлықты тиімді 
қҧнарлыққа айналдырады. Ӛңдеу жҧмысы ең алдымен топырақта ӛтетін 
физикалық, бҧлар арқылы химиялық және биологиялық процестерінің жоғары 
қарқынды жҥруіне әсер етеді және олардың топырақтағы ӛзгерістері мәдени 
ӛсімдіктер ҥшін қолайлы жағдайларды жасайды. Бҧл жӛнінде В.Вильямс «Су 
және қоректік заттар ӛсімдікке тікелей топырақ арқылы бірігіп әсер етеді» - 
деген болатын. Ӛңдеудің кӛмегімен ылғалы мол аудандардағы артық ылғалды 
жоюға, ал қҧрғақшылық аудандарда ылғалды жинауға болады. Арамшӛптермен 
кҥресуде топырақты ӛңдеудің рӛліне баға жетпейді. Ӛңдеудің топырақ 
қҧнарлығына тегізетін пайдалы әсерінен басқа жағымсыз мәніде болады. 
Әсіресе ауа райы мен топырақ жағдайын және жер бедерін есепке алмау қазіргі 
заманғы қҧралдармен топыраққа ҥнемі интенсивті әсер ету ондағы қарашірік 
мӛлшерінің азайюына, қҧрылымдық және сумен физикалық қасиеттерінің 
нашарлауына әкеліп соғады. Жел эрозиясымен дефляцияның әсерінен топырақ 
қҧнарлығының жойылуы – оның ыдырап тозуы деградация формасының шегі 
болып табылады. Сондықтан қазіргі кезеңде ӛңдеудің топырақ қҧнарына теріс 
әсерін азайтып оның пайдалы әсерін кҥшейту ҥшін - ӛңдеуді қосымша 
шараларымен ҧштастыра жҥргізу қажет. Сонымен жалпы ӛңдеу арқылы 
топырақтың су, ауа жылулық, микробиологиялық және коректік режимдерінің 
қолайлы болуына қол жеткізеді.
Топырақты ӛңдеудің негізгі міндеттері мыналар: 
1.
Қолайлы су, ауа және жылу алмасуларын орнату ҥшін, жыртылатын 
топырақ қҧрылысы мен қҧрылымдық жағдайын ӛзгерту; 
2.
Топырақтың тӛменгі қабаттарынан шығатын коректік заттардың 
айналымын жақсарту; 
3.
Ӛсуіне кедергі жасау арқылы арамшӛптерді жою; 
4.
Тынайтқыштар енгізу; 
5.
Ӛсімдік қалдықтарымен топырақтың беткі қабаттарындағы зиянкестермен 
мәдени ӛсімдіктерге ауру таратушыларды жою; 
6.
Топырақты жел және су эрозиясынан қорғау; 
7.
Топырақты дән себуге дайындау және ӛсімдіктерді баптау; 
8.
Тың және тынайған жерлерді және кӛпжылдық шӛптер егілген жерлерді 
игеру кезінде кӛпжылдық ӛскіндерді жою. 
Осы аталған міндеттерді орындау ҥшін мынадай жҧмыстар жҥргізіледі, 
яғни топырақты ӛңдеу кезіндегі негізгі технологиялық операциялар: аудару, 
майдалау, қопсыту, араластыру, нығыздау, тегістеу, арамшӛптерді отау, арықтар 
мен жылғалар салу. 
Топырақты негізгі ӛңдеу дегеніміз топырақ қҧрылысын едәуір ӛзгеріске 
ҧшыратып, барынша терең ӛңдеу. Оны климаттық жағдайларға байланысты 
әртҥрлі еңбек қҧралдарын пайдалана отырып әртҥрлі әдістермен жҥргізуге 
болады. Ең кӛп тараған тҥрі-әдісі – жерді аудару. 


Жерді аудару тҥреңді соқа кӛмегімен жҥргізіледі. Ол ӛңделетін қабаттың 
кем дегенде 135
0
–қа аударылуын, топырақтың майдаланып қопсытылуын 
қамтамасыз етумен қатар, ӛсімдік тамырларын кесу, тыңайтқыш енгезу, 
арамшӛптермен ӛсімдік қалдықтарын кесу сияқты бірқатар технологиялық 
операцияларды да орындайды. 
Негізгі ӛндеудің тағы бір тҥрі жерді тҥреңсіз соқалармен жырту, бҧл кезде 
топырақ терең ӛңделгенмен жер беті аударылмайды, тек азғана кӛтеріледі. 
Негізгі ӛңдеудің арнайы тәсілдеріне жататындар: топырақты 2-қабатты 
ӛңдеу, фрезерлеу, жасанды қуыстар жасау.
Топырақты жеңіл ӛңдеу әртҥрлі қҧралдар кӛмегімен негізінен, 10-12см 
тереңдікке дейін жҥргізіледі. Ондағы мақсат: топырақтың қатты қабықшасын 
жою, тығыздалған қабатын қопсыту арамшӛптерді жою, дақылдарды егер 
алдында дән ҧяларын дайындау, минералдық тыңайтқыштарды аз терендікке 
енгізу. 
Мҧндай ӛндеу тәсілдеріне: сыдыра жырту, культивациялау, тырмалау 
тегістеу, ҧсақтау – майдалау жатады. 
Топырақты ӛндеу тәсілдерінің ҥйлестірілуі және олардың белгіленген 
уақытта рет-ретімен орындалуы топырақты ӛңдеу жҥйесін қҧрайды. Топырақты 
ӛңдеу жҥйесіне кіретіндер: 
- Жырту қабаты тереңдігіне жҥргізілетін негізгі ӛңдеу; 
- Дақылды егер алдындағы жҥргізілетін - ӛңдеу; 
- Дақылдарды еккеннен кейінгі ӛңдеу. 
Топырақты ӛңдеу жҥйесі дақыл тҥріне, алғы дақыл ерекшеліктеріне танап 
жағдайына, ауыспалы егістіктегі тыңайтқыштар жҥйесіне, климаттық 
жағдайларға, байланысты – тәуелді болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет