«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет51/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Тыңайтқыштар қолдану. 
Эрозия кезінде топырақтың қҧнарлылығы қатты 
кемитіндіктен мҧндай жерлерге органикалық және минералды тыңайтқыш 
берудің маңызы зор. Тыңайтқыштар топырақтың қҧнарлылығын қалпына 
келтіреді, эрозияға ҧшыраған жерлерге егілген дақылдардың ӛнімі кӛтеріледі. 
Топырақ қорғайтын ауыспалы егістер. 
Су эрозиясы бар жерге отамалы 
дақылдарды егуге болмайды. Себебі, отамалы дақылдардың бәрі дерлік 
топырақтың қопсып жатқанын қалайды. Суды кӛп керек етеді. Сондықтан, 
отамалы дақылдардың еңістігі 1-1,5
0
-тан аспайтын жерлерге орналастыру 
керек. Эрозияға бейім қыйғай жерлерге астықты-шӛпті ауыспалы егіс 
қолданған дҧрыс. Мҧндай ауыспалы егістің 3-5 танабына кӛпжылдық шӛптер, 
3-4 танабына масақты астық дақылдары орналасуы тиіс. 
Орман мелиорациялау шаралары. 
Эрозияға қарсы отырғызылатын орман 
алқаптары топырақтың бҧзылмай сақталуына кӛп септігін тигізеді. Бҧл орман 
алқаптары тӛмендегідей болып бӛлінеді: 
- су бӛлінетін қырда отырғызылатын орман алқабы қардың кӛп 
жиналуына, жел екпінінің бәсеңдеуіне әсерін тигізеді; 
- су орып сай, жыраға айналған жерлерге егілетін ағаштар танаптың 
шетіне дейін созылуы тиіс. Бҧл ағаштар сол сайдың жыралар жағасын бекітеді, 
жыраның ҥлкеймеуіне, эрозияның азаюына септігін тигізеді; 
- су ағатын сайлардың, ӛзендердің жағасына отырғызылатын орман 
алқаптары сол арналардың бойындағы топырақтың эрозияға ҧшырамауын 
қамтамасыз етеді; 
- сайдың, жыраның табанына отырғызылатын орман алқабы олардың әрі 
қарай тереңдеп шайылуынан сақтайды. Топырақ эрозиясы болмауы ҥшін 
қыйғай жерлереге орман жолақтарын жасайды. Бҧл жолақтардың ара 
қашықтығы жердің еңістіген қарай ӛзгеріп отырады. Егер еңістік 2-3
0
болса, бір 
жолақпен екінші жолақтың арасы 300-400 м болады, еңістік 3-4
0
болса – 250-
300 м, еңістік 5
0
кӛп болса, 150-200 м болуы тиіс. Орман алқабының кӛлденеңі 
12-20 метр болғанда ғана қия жерлерден аққан суды толық сіңіре алады. 
Ирригациялық эрозияға қарсы шаралар. 
Қазақстанда суарылатын 
жерлердің кӛлемі 2 млн гектар шамасында. Мҧның 80 %-дан астамы 
республикамыздың оңтҥстік және оңтҥстік шығысындағы облыстарында 
орналасқан. Бҧл жердің ішінде егінжай ретінде пайдаланып жҥрген қия 
бӛктерлер де аз емес. Қия жерде су ағысы қатты болғандықтан, суармалы 
жердің кӛбісі эрозиядан ҥлкен зардап шегуде. Ғалымдардың есебіне қарағанда 


жер суару ережесі, тәсілі бҧзылып жҥргізілсе, бір реттің ӛзінде ғана әр 
гектардан 40-50 тонна топырақ шайылып кетеді екен. 
Ирригациялық эрозия топыраққа келтіретін зиянына қарай екіге бӛлінеді:
а) суару эрозиясы, яғни жайдақ эрозия, дақылдарды суару кезіндегі 
болатын танаптағы топырақтың шайылуы;
б) жҥйелер эрозиясы, яғни сызықтық эрозия – арықтар мен каналдардың
судың әсерінен қазылып шайылуы. 
Эрозияның бірінші тҥрі – суару эрозиясы кезінде топырақтың майда, 
жеңіл, қҧнарлы бӛлігі танаптың биік жерінен сумен тӛмен жеріне ағып барады 
да, танаптағы топырақтың қҧнарлылығының әртҥрлі болуына әкеп соғады. Жыл 
ӛткен сайын танаптың биік бӛлігінің қҧнарлығы кеми тҥседі. Су эрозиясын 
болдырмаудың ҥш тҥрлі жолы бар.
1. Агротехникалық шаралар: еңісі мол баурайларды су ағысының 
бағытына кӛлденең сыдыра жырту, қыста қар тоқтатып, кӛктемде судың ағыс 
екпінін кеміту ҥшін егілген егістіктердің сабақтарын сол кҥйінде қалдыру, 
топырақ қҧрылымын жақсарту т.б.
1.
Орманды-мелиоративтік шаралар:жыралар мен сайлар жағалауына, 
ӛзендер айналасына, суару жҥйелерінің бойына міндетті тҥрде ағаштар, бҧталар 
отырғызу. 
2.
Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік 
қҧрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас ҥшін арықтар мен 
каналддардың табаны мен ішкі қабырғаларын су ӛткізбейтін заттармен (плита, 
латоктар,полиэтилен) қаптау. 
Соныме қатар су эрозиясын блдымау ҥшін тӛмендегідей қосымша 
шаралар да жҥргізіледі: 
- суды ағызып суарудың орнына жаңбырлатқыш техникаларды қолдану 
керек – топырақты тек жер астынан суландыратын арнаулы тҥтіктер жҥйесін 
қолдану ӛте жақсы нәтиже береді; 
- су жҥретін жҥйектерді мҥмкін болғанша аз еңістікке қарай тарту ҥшін 
отамалы дақылдарды еңістікке кӛлденең себеді; 
- су жҥретін арық жҥйелерінің ішін суға езілмейтін заттармен жабады, 
әртҥрлі темірбетон қҧбырлар, науалар қолданылады; 
- су жҥретін жҥйектердің ҧзындығы, тереңдігі, оның ішімен жҥретін су 
мӛлшері топырақтың тҥріне байланысты топырақ шайылмайтындай етіліп 
ӛзгеріп тҧруы тиіс; 
- эрозияға ҧшыраған жерлерге кӛп жылдық шӛптер жиі егілетін ауыспалы 
егістер қолдану керек; 
- эрозиядан қатты зардап шеккен танаптарға әртҥрлі шӛптер егіліп, бҧл 
танаптар ауыспалы егіс жҥйесінен шығарылып тасталуы тиіс; 


- эрозияға ҧшыраған жерлерге органикалық тыңайтқыштар қолдану 
жақсы нәтиже береді. Әр гектарға 40-45 тонна кӛң сіңірілсе, топырақтың 
физикалық қасиеттері едәуір жақсартады; 
- жердің қҧнарлылығын кӛтеру ҥшін бҧршақ тҧқымдас дақылдарды 
жасыл тыңайтқыш (сидераттар) ретінде қолдану керек; 
- жерді тегістеу, планировка жасау да ирригация эрозиясын азайтады; 
- танаптарға су жеткізуге арналған арықтар жҥйесі топырақты шайып 
тереңдей бермеуі ҥшін жердің ыңғайына қарап әртҥрлі тҧспалар, бетонды 
тӛккіштер жасау керек. 
Осы шараларды ҧқыпты қолданған жағдайда топырақтың су эрозиясына 
ҧшырауы тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет