«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет52/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia


Жел эрозиясымен күресу шаралары
. Жел эрозиясына орташа ҧшырылған 
1га егіншілік жер 600кг жалпы азотты, 36кг жылжымалы азотты, 108кг 
жылжымалы фосфорды, 105кг калийді жоғалтады, ал су эрозиясына 
ҧшырылған жердің әрбір гектары 2т жалпы азотты 120кг жылжымалы азотты, 
280кг фосфор мен 2,5кг калийді жоғалтады. 
Сондықтан, табиғаттың бҧл апатына міндетті тҥрде қарсы шаралар 
қолдану керек. Тың игеру кезіндегі қателіктің нәтижесінде кӛптеген қҧмдақ 
жерлер жыртылып, жер эрозиясына қатты ҧшырады. Солтҥстік аудандарда 1,5 
млн.га жер егістікке жарамай, ауыл шаруашылық ӛндірісінен шығып қалды. 
Табиғаттың бҧл апатымен кҥресуде академик А.Бараев бастаған 
Шортанды астық шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының 
еңбектері зор. Институт ғалымдары егіншілікті топырақ эрозиясын қорғап
ауадан тҥсетін ылғалды топырақ қабатында сақтап, арамшӛптерге қарсы 
кҥрестің негізгі шараларын жҥргізді. 
1. Топырақты кәдімгі соқамен қайырмалы-аудармалы жыртудың орнына 
арнайы соқамен жерді қопсытып, егіс сабақтарын қар тоқтату ҥшін сақтады. 
2. Парларды белдеу-белдеуге орналастырады, яғни пар танаптарына биік 
сабақты ӛсімдіктер жолақтатып егіледі. 
3. Егістіктің ауыспалы–парлы астықты қысқа ротациялық жҥйесі 
қолданылады. Әдетте, бҧл бойынша 3 жыл астық егіп, 4-ші жылы жер парға 
жыртылды.
ТМД-да су және жел эрозиясына ҧшыраған ауыл шаруашылық алқабы 110 
млн. га-дан асады, оның ішінде 64 млн-ға егістік топырақтар шалдыққан. 
Жел эрозиясы (дефляция) республикамыздың ауыл шаруашылығына 
ҥлкен зиян келтіруде Эрозияның бҧл тҥрінің етек алуына Қазақстанда тың және 
тыңайған жерлерді игеруі себепші болды. 
Майда қҧнарлы тҥйіршікті топырақтарды жел соққанда ҧшырып алып 
кетіп жердің қҧнарлығы кҥрт кемиді. Жер ӛңдеу кезінде ҥгілген карбонатты 
қара және қоңыр топырақтар біздің республикамызда жел эрозиясын ӛте кӛп 
ҧшырайды себебі дәл осы жағдайда суырылып ҧшқан майда қҧмдар, топырақ 


тҥйішіктерін жел танаптардан ҧшырып алып кетеді де жердің сапасы 
нашарлайды. Ауыл шаруашылығы әсіресе жауын-шашын тапшы болған жылы 
жел эрозиясынан қатты зиян шегеді.
Жел эрозиясының басты себептері: 
-
жер ӛңдеу кезінде топырақ бетіндегі әр ӛсімдік қалдықтарын 
жыртатын соқа, сыдыра жыртқыш, тісті тырма сияқты қҧралдарды қолдану;
-
танаптардағы сабандарды ӛртеу; 
-
аңызға ретсіз мал жаю;, 
Ғылыми-зерттеу институттардың деректкрі бойынша кӛлемі 1 мм-ден 
ҥлкен тҥйіршіктерді ҧшыру ҥшін желдің жылдамдығы секундына 11 метрден 
кем болмауы керек. Ал топырақ тозаңданбау ҥшін жер бетіндегі ӛсімдіктер 
қалдықтарына тимеу керек. Ӛйткені егін орылған жерде аңыз неғҧрлым жақсы 
сақталса, топырақтың эрозияға қарсы тҧру мҥмкіндігі арта тҥседі.
Жер эрозиясын тоқтату ҥшін топырақты арнулы қҧралдармен ӛңдеу 
керек. Оларға жыртатын, жер ҥстіндегі аңыздарға кӛп зақым келтірмейтін, 
жерді терең ӛңдеуге арналған – КПГ – 250, КПГ – 2-150, жерді саяз ӛңдеуге 
арналған - КПП – 2, 2, КПЭ – 3, 8, КШ – 3,6 культеваторлары; кӛктемде 
ылғалды жабуға арналған жерді қопсытатын тырма – БИГ- 3, БИГ- 6; аңызға 
тҧқым себетін арнаулы сеялкалар СЗС – 9, СЗС – 2,1 жатады. Жел эрозиясы 
болып тҧратын аймақта кӛктем мезгілінде жайдақ жыртылған сҥдігерде 
топырақтағы ылғал мӛлшері аударылып жыртылған сҥдігерге қарағанда едәуір 
мол болады. Осы шаралардың әсерінен жылына әр гектардан 1,5 – 3 ц ӛнім 
артық алынатынын ғалымдардың да, озат шаруашылықтың да тәжірибесі 
кӛрсетіп отыр.
Аңызы сақталған топырақта қар жақсы тоқтатылады және кӛктемде қар 
суы топыраққа жақсы сіңеді. Жел эрозиясы бар аймақтарда ерте пар қолданған 
дҧрыс, яғни парға қалдырған танаптарды ӛңдеуді кӛктемде бастау керек. Бҧл 
ӛңдеулер жайдақ жыртатын қҧралдармен жҥргізілуі тиіс. Бҧл тәсілді 
қолданғанда жаз бойы жер бетінде аңыздар сақталады да топырақ эрозиясы 
болмайды.
Танапта бидайық сияқты кӛп жылдық арамшӛптер болса, жайдақ 
ӛңдейтін қҧралдарды қолданған сайын бҧл арам шӛптердің саны арта тҥседі. 
Сондықтан мҧндай танаптарды парға қалдырып, жаз бойы танапты 4-5 рет 
жайдақ культиваторлармен ӛңдеп арам шӛптерді танаптан жою керек.
Парға қалдырылған танап жаз бойы бірнеше рет ӛңделетін болғандықтан 
жаздың екінші жартысында жер бетіндегі аңыздың азаюы себепті де жел 
эрозиясына ҧшырау қауіпі туады. Сондықтан парға қалдырылатын танапқа 
орақ кезінде астық сабанын жинамай, шашып кету керек, ӛйткені, сабан 
топырақты эрозиядан сақтауға септігін тигізеді. Осы жағдайда арам шӛптердің 
саны кӛбейе тҥседі. Со себепті топырақ қорғаудың бҧл тәсілін қолданғанда 
ауыспалы егіс жҥйесі мҥлтіксіз орындалуы керек. Ауыспалы егістің бір танабы 
міндетті тҥрде пар болуы тиіс.Егітіктің топырақ қорғайтын жҥйесі жерді терең 


(25-27 см) және саяз (10-14 см) ғана жыртылып тҧрады. Кей жағдайда парға 
қалдырылған танаптарда арам шӛптерді жою ҥшін культивациялаудың орнына, 
оған керекті гербицидттерде де қолдануға болады.
Топырақты эрозиядан кешенді түрде қорғау.
Кейбір топырақ климат 
жағдайларында жер эрозиясының екі тҥрі де – су эрозиясы да, жел эрозиясы да 
болып тҧрады. Мысалы Қазақстанның қаратопырақты аймағында (25,4 млн.га) 
жел эрозиясы жиі болып тҧратыны белгілі, ал қар кӛп жиналған жылдары бҧл 
аймақтың топырағы су эрозиясынан да қатты зардап шегеді. Эрозияның екі 
тҥрінен де қорғайтын шаралардың бастысы шаруашылыққа бекітілген жерлерді 
дҧрыс ҧйымдастыру, яғни егістік, шабындық, жайылым болатын жерлерді 
дҧрыс белгілеу, оларды эрозиядан қорғайтын орман алқаптарын ыңғайлап 
орналастыру. Жедің ыңғайына сәйкес келетін ауыспалы егістер қолдану, 
эрозиядан қатты бҧзылған егіндік жерлерге кӛп жылдық шӛптер егіп, тек қана 
шабындық, жайылым ҥшін байыппен пайдалану. Ауыспалы егістік жҥйесінде
қандай да дақыл болмасын оның ӛз орны болуы тиіс. Ауыспалы егістегі астық 
дақылдарының жер бетіне жақын орналасатын шашақ тамырлары топырақ 
тҥйіршіктерін біріктіріп ҧстап, олардың желдің, судың әсерінен қозғалуына 
кедергі жасайды. Жайдақ жыртуға арналған қҧралдармен жерді ӛңдегенде 
жердің ең ҥстіңгі қабатына ӛсімдік қалдықтары мол жиналады. Бҧл жағдай 
топырақтың ҥстіңгі қабатының ылғи жҧмсақ болуын қамтамасыз етеді. 
Сондықтан жаңбыр, қар суы топыраққа тез сіңеді және органикалық заттары 
мол топырақтың ҥстіңгі қабатын киіз тәріздес жауып тҧрады да топырақтағы 
ылғал жақсы сақталады, су кӛп буланбайды. Топырақ бетінде органикалық зат 
кӛбейген сайын топырақтың эрозияға ҧшырау қаупі азая тҥседі. Су және жел 
эрозиясын болдырмау ҥшін дақылдарды жолақтап егеді. Жолақтың кӛлденеңі 
жер жағдайына қарай 50-100 метр аралығында болады. Жел эрозиясы кҥшті 
болатын жерлерде танаптарды парға жолақпен қалдырады. Жолақ жел 
бағытына кӛлденең орналасуы керек. Мысалы, жолақ кӛлденеңі 50 метр болады 
деп бекітілді десек, онда танап тҥгелдей 50 метрлік жолақтарға бӛлінеді. Содан 
кейін әрбір тақ нӛмірлі жолақтар парға қалдырылады да, жҧп нӛмерлі 
жолақтарға астық егіледі. Келесі жылы жҧп нӛмерлі жолақтар парға 
қалдырылып, тақ нӛмірлі жолақтарға астық егіледі. Сӛйтіп танап пардан екі 
жылда ӛтіп шығады.
Егер аймақтың топырағы қҧмдауыттау, жеңіл болса, ондай топырақты 
эрозиядан тек дҧрыс ӛңдеу арқылы қорғап қалу ӛте қиын. Сондықтан ондай 
топырақты эрозиядан толық сатау ҥшін арнаулы топырақ қорғайтын ауыспалы 
егістер қолданылады. Бҧл ауыспалы егістерде барлық танаптар жолақтарға 
бӛлінеді. Дәнді дақылдар мен кӛп жылдық шӛптер (еркек шӛп) жолақтарға 
кезектесіп орналастырылады. Яғни егістік жердің 50% -ы кӛпжылдық 
шӛптердің еншісіне тиеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет