Судың карбонатты кермектігін анықтау



Дата30.12.2021
өлшемі21,28 Kb.
#106995
Байланысты:
Зертханалық жұмыс 5 СУДЫҢ КАРБОНАТТЫ КЕРМЕКТІГІН АНЫҚТАУ


Зертханалық жұмыс 5

СУДЫҢ КАРБОНАТТЫ КЕРМЕКТІГІН АНЫҚТАУ
Жұмыстың мақсаты: Судың карбонатты кермектігін анықтау.

Керекті құралдар мен реактивтер: Эквивалентісінің молярлық концентрациясы 0,1 моль/л тұз қышқылының ерітіндісі, метил қызыл-сары ерітіндісі, өлшеуір, көлемі 100 мл өлшегіш цилиндр, 250 мл ерітіндіні титрлеуге арналған колба.

Судың кермектігі өндірісте, ауыл шарушылығында және үй тұрмысында қажетсіз. Судың құрамында кальций және магний тұздарының болуы судың кермектігін тудыратыны белгілі. Кермекті деп кальций және магний иондарының мөлшері көп суды айтады.

Ca2+ және Mg2+ иондары концентрацияларының қосындысы судың кермектігінің сандық өлшемі болып табылады:

К(су) = С(Са2+) + C(Mg2+)

Кермектікті 1 л судағы кальций және магний иондарының эквиваленттерінің миллимоль санымен өлшейді. 1 л жұмсақ суда 4 ммоль/л-ден кем, орташа кермекті суда 4-8 ммоль/л, кермекті суда 8-12 ммоль/л және өте кермекті суда - 12 ммоль/л- ден артық болады. Судың жалпы кермектігі карбонатты және карбонатсыз болып бөлінеді. Карбонатты немесе уақытша кермектік, су құрамындағы кальций және магний гидрокарбонаттарының мөлшерімен анықталады.

Карбонатты емес (тұрақты) кермектікті кальций мен магнийдің сульфаттары, нитраттары, хлоридттері және басқа да ерімтал тұздары тудырады. Карбонатты және карбонатты емес кермектіктердің қосындысы жалпы кермектікті береді. Судың жалпы кермектілігін комплексонметрлік әдіспен анықтайды. Ал карбонатты емес кермектікті жалпы кермектік пен карбонатты кермектіктің айырымы береді. Карбонатты кермектікті судың белгілі бір көлемін, метил қызыл-сары индикаторы қатысында, HCI жұмыс ерітіндісімен титрлеу арқылы анықтайды:

Ca(HCO3)2 + 2HCl = CaCl2 + H2O + 2CO2

Mg(HCO3)2 + 2HCl = MgCl2 + H2O + 2CO2↑
Талдау жүргізу барысы:


  1. Бюретканы концентрациясы белгілі HCI ерітіндісімен толтырып, деңгейін нөлге келтіреді.

  2. 100 мл суды өлшегіш цилиндрмен өлшеп, конустық колбаға құяды. Үстіне 2-3 тамшы метил қызыл сары тамызып, ерітіндінің түрі сарыдан қызыл-сары түске айналғанша, НСl ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуді үш қайтара жүргізеді, есептеуге көрсеткіштердің орташа шамасын алады. Тәжірибенің нәтижелерін кестеге енгізеді:



VСУ, мл

Vhci, мл

Орташадан ауытқу (∆)



1










2










3










Vop









Карбонатты кермектілік мына формула бойынша есептеді:



КСУ =Сэ(HCl)∙VНСl∙1000/VСУ

Талдау нәтижелері бойынша судың кермектігіне қорытынды жасалады.



Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

  1. Комплексонметрлік әдістің мәні неде?

  2. Комплексондарға қандай органикалық реактивтер жатады?

  3. Комплексондардың металдармен комплексті қосылыстарының қандай ерекше қасиеттері бар?

  4. Комплексонметрлеуде қандай индикаторларды қолданады, олардың әсері неге негізделген?

  5. Комплексонметрлеуде буферлік қоспалар не үшін қолданылады?

  6. Судың жалпы кермектігін комплексонметрлік анықтау неге негізделген?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет