Ордабаева Жанар Бейсенбаевна



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата02.10.2019
өлшемі0,69 Mb.
#49087
1   2   3   4
Байланысты:
Ордабаева Ж.Б Қатынасу әлемі


Шығармашылық жұмыс  

Психолог:Өте тамаша! Енді осы жүректердің пішіндері неге ұқсайды деп ойлайсыңдар? 

Балалар: Ағаштың жапырақтарына ұқсайды. 

Психолог:  Олай  болса  қолымыздағы  жүрекшелерімізді  айтылған  әр  ұлт  тіліндегі  тілектерімізді 

айта  отырып,  «Достық  ағашына»  орналастырайық  (Балалар  жүрекшелерді  айтылған  тілектерін 

тілей  отырып,  ағашқа  орналастырады.)  Балалар,  қараңдаршы  сендердің  жүректеріңнен  шыққан 

әдемі  де  жақсы  тілектеріңмен  біздің  «Достық  ағашымыз»  қандай  әдемі  болды.  Ол  сендердің 

күлкілеріңмен одан да әрі жайнай түсті. Жер шарының қай бөлігіне болмасын, кішкентай сендер 

сияқты  балалар  бір-бірімен  дос  болсын  деп,  бейбітшілік  болсын  деп  тілейді.  Осы  «Достық 

ағашымыз»  тамырын  кең  жайып,  барлық  әлем  балаларын  достыққа,  жолдастыққа,  ынтымақ-

бірлікке шақырып, өсе берсін дейміз. Балалар, осы «Достық ағашымызға» арнап бәріміз бірге бір 

өлең шумағын оқып берейікші 

Біз балдырған тең басқан 

Дос құшағын елге ашқан 

Тілегіміз - бейбіт күн, 

Ашық болсын кең аспан 

«Достық жібі» ойыны 

Шарты:  Сендер  дөңгелене  жайғасып  отырыңдар.  Мен  мына  қолымдағы  жіп  орамын 

қасымда  отырғанға  беремін,  жәй  бермеймін,  оған  тілек  айтып  беремін.  Ал  сендер  болса,  дәл 

осылай  келесі  балаға  бересіңдер  (балалар  бір-бірлеріне  жіпті  беріп,  тілектер  айтады.  Ақырғы 

бала жіп орамын тәрбиешіге беріп, өз тілегін айтады). 

Психолог:Балалар  кәнекей,  қолымызды  жоғары  көтерейік.  Жіп  орамы  арқылы  біз  тілегіміз  бір 

болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз. Біз әрқашанда біргеміз. 



Жүректен-жүрекке 

Балалар тәрбиешімен бірге Е.Өтетілеуұлының төмендегі өлең жолдарын қайталайды: 

Достар тату-тәттіміз, 

Болса қолда тәттіміз, 

Біз бөлісіп жатамыз, 

Бәріміз дәм татамыз. 



Қоштасу сәті «Достық» 

Балалар қолдарын бір-бірінің иықтарына қойып, құшақтасады. Оңға-солға қозғалады. 



№9 Сабақ жоспары: «Менің досым» 

Мақсаты: балалардың коммуникативтік қабілетін қалыптастыру. 

«Кәне, амандасайық!» амандасу сәті 

Ерекше амандасу: мұрнымен, арқамен, маңдаймен, тіземен т.с. 



Этюд «Доспен амандасу» 

Этюд жүрісі: психолог балаларға бір уақиғаны айтады. «Бір баланың досы болыпты, бірақ 

жаз келгесін, екуіне қоштасуға тура келеді. Бала қалада қалады, ал досы ата-анасымен оңтүстікке 

кетеді.  Доссыз  қалада  қызықсыз.  Бір  ай  өтеді.  Бір  күні  көше  бойымен  келе  жатып,  аялдамада 

автобустан  түсіп  келе  жатқан  досын  көреді.  Олардың  қуаныштары  шексіз  (балалардың 

қалауымен осы көріністі көрсетуге болады. Мәнерлі қимылдар: құшақтау, күлімдеу, қуаныш т.с). 



«Сиқырлы көзілдірік» жаттығуы 

Жүргізуші  көзілдірікті  көрсетіп,  оның  «сиқырлы»  екенін  айтады.  Кім  оны  киеді,  сол 

адамдардың  бойында  тек жақсыны  көреді.  Балалар  кезекпен  киіп  көреді  де,  көршісінде  қандай 

жақсы қасиет бар екендігін айтады. 



Этюд «Үрмелі қуыршақ» 

Балалар жұпқа бөлінеді. Бірі - үрмелі «қуыршақ», оның желі шығарылған, ол жерде босап 

жатыр. Келесі бала үрлеуіш арқылы «қуыршақты» ауамен толтырады. «Қуыршақ» біртіндеп тола 

бастайды, түзеледі, қатаяды - ол үрленді. Содан кейін «қуыршақты» ішінен ақырын басып, желін 

шығады. Желі шыққан «қуыршақ» босап, құлайды. Жұп орындарымен ауысады. 

«Сиам егіздері» жұптық жаттығуы 

Жұптар бір-біріне жақын тұрады. Жүргізуші жіппен біреуінің оң қолы мен екіншісінің сол 

қолын байлайды. Тапсырма: бөлмеде жүру, сурет салу т.с. 

Жұптық жұмыс «Біздің үй» 

Балалар  шеңбер,  жүрек,  гүл,  алма  пішінді  қағаздарды  таңдап,  өз  үйлерін  құрайды, 

апликация  жасайды  немесе  фломастермен  сурет  салады.  Бірігіп  жасалған  жұмыс  талданады. 

Дайын  үйлер  қалаларға  айналады.  Балалар  оған  атын  қояды.  Онда  кім  тұрады,  немен 

шұғылданады екенін әңгімелейді. 

«Мен кіммін?» қағазға сурет салу 

Мақсаты: Баланың өз бойындағы қасиеттері мен қылықтарын таразылауға үйрету. Әрі ол 

арды жақсы, жаман деп жіктей білуге, ажыратуға үйрету. Әділ болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу. 

Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала - күннің бейнесі. Бұл бейненің 

жан-жағына  тек  қана  өз  бойындағы  жақсы  қасиеттерін  жазады.  Екінші  сурет:  қабағын  түйіп, 

түнеріп  тұрған  бала  -  күннің  бейнесі.  Бұл  суретке  керісінше  өз  бойындағы  өзіне  ұнамайтын 

қылықтарын жазады. Ең соңында әр бала өз жұмысына өзі баға береді. «Шыншыл бала» атағы 

беріледі. 

Тапсырма « Бірге сурет саламыз» 

Шарты: Әр жұпта 1 ғана қағаз беті болады. Ал суретті бір қарындашты ұстап салу керек. 

Тақырып еркін, бірақ суретте міндетті түрде үй мен ағаш болу керек. Соңында суреттерді тақтаға 

іліп, сипаттау. 



Қорытынды:  Тренинг  соңында  балалардың  алған  әсерлерін  білу.  Көңіл-күйлерінің 

көтерілгендерін байқау. 

Мысалы, сыныптасың ауырып қалды. Оқушылар әңгімесі.  

1 нұсқа: Балалар, Айгүлдің ауырғанына көп болды. Барып, халін білу керек. 

-Мен бара алмаймын. Мен үйірмеге кеттім. 

-Мен ауырғанда ешкім келмеген. 

-Мүмкін бірге барамыз? 

-Жоқ, мен де бара алмаймын. Маған үйге кету керек. 

2 нұсқа: 

Балалар, Айгүлдің ауырғанына көп болды. Халін білу керек. 

-Айгүл  екеуміз жақын тұрамыз. Бірінші біз  Арман екеуіміз барып келейік. Егерде рұқсат  болса, 

бүкіл сыныппен барамыз. 

Екі жағдаятта көрсетілген соң, бәрімен талдау қажет. Қай жағдаятты шешу дұрыс? Неліктен? 

Қоштасу сәті «Достық» 

Балалар қолдарын бір-бірінің иықтарына қойып, құшақтасады. Оңға-солға қозғалады. 



№10 Сабақтың тақырыбы: «Біз араздастық - біз татуластық» 

Мақсаты:  дау-жанжал,  келіспеушілікті  шығармашылықпен  шешу,  өздік  бағалауын 

көтеру. 


 «Мейірімді жануар» амандасу 

Ойыншылар шеңберге  тұрып,  қол  ұстасады. Жүргізуші  ақырын  дауыспен  айтады:  «Біз  - 

үлкен жануармыз». Кәне, оның қалай тыныс алатынын тыңдап көрейік! Бәрі тыңдайды. Ал енді 

бәріміз бірге тыныс алайық - ауаны ішке тартып, бәрі алға бір қадам жасайды, ауаны шығарып, 

бір қадам артқа. Бұлай тек жануар ғана емес, дәл осылай оның мейірімді үлкен жүрегі де соғады. 



«Адамдар неге дауласады?» әңгімелесу 

Дау-жанжал  неден  шығады?  Татуласу  үшін  не  істеу  керек?  Достар  не  істейді?  суреттер 

көру. «Кім кінәлі?» суреті бойынша талдау жасау.  

Қорытынды: Егер біреуді ренжітсең, кешірім сұрап, қатеңді түзетуге тырысу. 



«Біз араздастық - біз татуластық!» ойыны 

Ойын  жүрісі:  балалар  жұпқа  бөлініп,  бір-бірінен  бұрылып  отырады  да,  аяқтарымен 

тарсылдатады.  Қолдары  белде.  Содан  кейін  бір-біріне  қарап,  татуласады.  Қол  ұстасып, 

құшақтасады. 

«Сені қалай атайды?» ойыны 

Ойын  шарты:  жүргізуші  әрқайсысың  ойдан  шығарған  есімдермен  атайды  да,  оларға 

сұрақтар қоя бастайды: Сен кімсің?, Таңертең не жедің? Қалада немен жүресің? 

Этюд «Тұқымнан гүлге» 

Жүргізуші: «бағбан» балаларға кішкентай тұқымға айналуға ұсынады (аяқ-қолын жинап, 

басын  қолымен  жауып  қою).  «Бағбан»  «тұқымдарына»  өте  мұқият  қарайды,  суарады,  күтеді 

(бастарынан сипайды). Көктемнің жылы күнімен «тұқым» ақырын өсе бастайды (тұрады), оның 

жапырақтары  (қолдарын  жоғары  қарай  көтереді),  сабағы  (денесі  созылады)  өседі,  бүршіктері 

пайда болады (қолдары жан-жақта, саусақтары қысулы). Енді ең қуанышты кез келді, бүршіктер 

жарылады  (саусақтары  тез  ашылады)  да,  сабақ  әдемі,  күшті  гүлге  айналады.  Жаз  келеді,  гүл 

жақсарады,  өзіне  қуанады  (өз-өзіне  қарау),  көршілері  -  гүлдерге  күлімдейді  (көршілеріне 

күлімдейді),  жапырақтарымен  иіледі  (саусақтарымен  көршілеріне  тигізу).  Бірақ,  күз  келіп,  жел 

соқты. «Гүл» жан-жаққа қозғалады (басымен, қолымен, денесімен), ауа райымен күреседі. Қатты 

жел жапырақтарын түсіреді (қолдары мен басы жерге қарайды). Гүл жерге қарай түседі, жатады. 

Міне, қар да жауды. «Гүл» қайта тұқымға айналды (жатып, бүктелу). Қар тұқымды жапты, оған 

жылы және жайлы. Тағы көктем келеді, ол қайта өседі. 



Сергіту сәті 

Балалар шеңберге тұрып, қол ұстасады. Біреуі қасында тұрған көршісінің қолын қысады, 

ол өзінің көршісінің қолын қысады, ойын солай жалғаса береді. Қаншалықты тез болғанын білу 

үшін  уақытты  да  белгілеуге  болады.  Қалай  ойлайсыңдар,  бұл  жаттығу  сайысқа  ма,  әлде 

келісімділікке ме? 

«Қыдыру» жаттығуы 

Балалар  жұпқа  бөлінеді.  Біреуінің  көзін  байлау  керек.  Ол  көршісімен  бөлмеде  жүреді. 

Орындарымен ауысады. 

Сұрақ: Досының қолынан ұстап жүргенде не сезінеді? 



Әңгімелесу 

Достық – бұл............ Балалар достықты қалай түсінетіндері жайлы әңгімелейді. Өздерінің 

достары туралы айтады. 

Жағдайды шешу 

«Егер  досым  қиын  жағдайға  тап  болса,  мен  қалай  көмектесе  аламын?»  Балаларды  екі 

топқа  бөлу.  Әр  топтан  біреуі  өзеннен  өту  керек,  ал  екіншісі  оған  көмектеседі.  Жерде  «өзен 

жағасын»  жіппен  көрсету.  Бір  топ  оң  жақ  жағада,  екіншісі  сол  жақ  жағада.  Өтуге  арналған 

қосымша құралдар: құтқару шеңбері, таяқ, жіп, әуе шары, бинокль. Досына көмектесетін бір ғана 

құралды алуға болады.  

Талдау:  Кім  ең  дұрыс  шешім  қабылдады?  Қандай  қиындық  көрді?  Кім  саған  көмекке 

келді? 


Жұппен жұмыс 

Тапсырма: қағаз бетіне бірігіп «Достық» суретін салу.  

Талдау: Тапсырманы бірігіп орындау жеңіл ме? Неге үйренді? 

Рефлексия  

Досыңмен бірге жұмыс істеу саған ұнады ма? Сен кімге көмектестің? 



«Атомдар мен молекулалар» жаттығуы 

Мақсаты: топ ынтымақтастығын қалыптастыру. 

Әр  қатысушы  жеке  атомдар.  Жүргізушінің  айтуы  бойынша  атомдар  қозғалысқа  түседі, 

бір-бірімен  жеңіл  қақтығысқа  түседі.  Жүргізуші  қанша  атомның  қосындысынан  молекула 

құрайтынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей 

қалғандар ойыннан шығады. Ойын бірнеше рет қайталанады. 



Қорытынды: неге барлығы кіре алмады? Ойыннан шыққандар несімен ерекшелінеді. 

Рефлексия. Саған ренжісу ме, әлде татуласу ұнайды ма? Кімге сен жақсылық жасадың? 



«Достық» қоштасу сәті 

Балалар қолдарын бір-бірінің иықтарына қойып, құшақтасады. Оңға-солға қозғалады. 



№11 Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы ел» 

Мақсаты: қатынасуда жағымды көзқарасты қалыптастыру. 

Құрал-жабдықтар: ватман, ақ қағаз, акварель бояуы, ойыншықтар. 

Сабақ жүрісі 

«Жүректен жүрекке» амандасу сәті 

Шеңберде  отырған  балалар  қол  ұстасып,  көршісіне  қарап,  күлімдейді.  Әрқайсысы 

кезекпен көршісіне жақсы сөздер айтады. 

«Қуыршақтар кезегі» ойыны 

«Қуыршақтар  кезекте  тұрды,  олар  параходта  серуендегісі  келді.  Бірінші  қонжық,  кейін 

қуыршақ, одан кейін қызғылт торай, торайдан кейін тағы бір аю, соңында - мысықай. Сендер 5-6 

ойыншықты  кезекке  қоясыңдар.  Бір  кезде  қоңырау  үні  естілді.  Бұл  келген  балмұздақ  сатушы. 

Аңдар  бәрі  соған  жүгіріп  кетті.  Артқа  жүгіріп  келгенде,  кімнің  қай  жерде  тұрғанын  ұмытып 

қалды. Ойыншықтарға көмекке келші, пароход капитаны тек бір рет серуенге алады.  



«Көңілді саяхат» ойыны 

Мақсаты: өзгенің эмоциялық жағдайын түсіне білу қабілетін арттыру. 

Жүргізуші балаларға ұсынады: 

- кемеге отырып, сиқырлы аралға бару; 

- сол аралға атын қою; 

- керемет аралдың тұрғындарыфн көрсету; 

Жергілікті елдің киімдерін кию. 



«Аралдар» ойыны 

Жерде  үш  бет  қағаз  жатады.  (аралдар).  Ойыншылар  қасында  айналып  жүреді.  Белгі 

бойынша  аралға  отыра  қалу  керек.  Үлгермегендер  ойыннан  шығады.  Бір-біріне  көрсетілген 

көмек есептеледі. 



«Сиқырлы ел» бірігіп салған сурет 

Ватманда  теңіз  жиектері,  алаңқайлар,  ертегі  үйлері.  Бұл  әлемді  тірі  жандармен, 

өсімдіктермен  тірілту  қажет.  Бұнда  ең  бақытты  адамдар  тұрады,  олардың  барлық  ойлаған 

армандары  орындалады.  Суретті  саусақпен,  қылқаламмен  салуға  болады.  Соңында  талдау, 

қорытынды жасау. 

Рефлексия. Өзіңді сиқырлы елде қалай сезіңдің? Не ұнады? Қай жері қызықты болды? 

«Достық» қоштасу сәті 

Балалар қолдарын бір-бірінің иықтарына қойып, құшақтасады. Оңға-солға қозғалады. 



№12 Сабақтың тақырыбы: «Сен болашақ оқушысың» 

Мақсаты: мектепке  қызығушылығын арттыру. 

Құрал-жабдықтар: қағаздар, фломастер, сурет. 

Мектепте  болатын  сабақтар  мен  үзілістер  туралы  әңгімелесу,  сабақ  кезінде  балалар 

оқиды, үйренеді, санайды, жазады. Үзіліске шығады, дем алады. Оқушы мектепке портфельмен 

келеді. 


«Мектепке» суретін салу 

Бұл  суретті  қалай  атауға  болады?  Неге  балалар  балабақшаға  емес,  мектепке  бара  жатыр 

деп  ойлайсыңдар?  Мектепке  бара  жатқан  балаларды  қалай  атауға  болады?  Оқушылардың 

портфелінде не жатыр? Қай кезде мектепке барады? Қай айда? 



«Портфельде не жатыр?» ойыны 

Балалар шеңберде отырады. Бірінші бала айтады: «Мен өзімнің портфеліме.......саламын». 

келесі бала қайталап, өзінікін қосады. Ойын солай жалғасады.  

«Ақырын-қатты»жаттығуы 


Жүргізуші  аяқталмаған  сөйлемдерді  айта  бастайды:  «Сен  сабақта  отырғанда 

.........сөйлейсің. Балалар «ақырын» немесе «қатты» деп айту керек. 



«Сабақ пен үзіліс» ойыны 

Жүргізуші  іс-әрекет  түрлерін  айтып  отырады,  ал  балалар  онымен  қай  кезде 

айналысатынын жауап береді. 

Тапсырма «Кім қайда?»  

Суреттің  бір  жағында  -  оқушы,  екінші  жағында  балабақшадағы  бала.  Балалар  шеңбердң 

отырып, кім қайда екенін табу керек. 

Дидактикалық ойын «Жақсы-жаман» 

Аяқталмаған  сөйлемдерді  аяқтау:  «Мектеп  -  бұл  жақсы,  себебі.....  Мектепте  жақсы, 

себебі............. 

Жағдайды  шешу.  Үзілісте  қоңырау  жоғалып  кеткенін  елестетіп  көріңдерші.  Енді 

оқушыларға сабақ басталуын қалай айтуға болады? Олар мектепте де, далада да ойнап жүр. 



Мақал-мәтелдер сайысы. Кім білім туралы көп мақал-мәтел айта алады. 

Рефлексия. Бүгін саған не ұнады? Нені үйрендің, не білдің? 

«Достық эстафетасы» қоштасу сәті 

Қол ұстасып тұрып, бір-біріне қолын қысады.  



Психолог: Мен өз достығымды сендерге беремін, ол менен --,---,---,---, ең соңында қайта өзіме 

оралады (балалар әр қайсысы айтып шығады).  



Психолог: Әрқашан қасымызда достарымыз болсын. 

№ 13 Сабақтың тақырыбы: «Саған қуаныш сыйлаймын» 

Мақсаты: жағымды қатынас құруды бекіту. 

Сабақ жүрісі 

Амандасу сәті «Кәне, амандасайық!»  

Ерекше амандасу: мұрнымен, арқамен, маңдаймен, тіземен т.с. 



«Саған қуаныш сыйлаймын» жобасы 

Алдын  ала  жүргізілетін  жұмыс:  педагог  алдын  ала  «Қуаныш  дегеніміз  не?  Деген  сұраққа 

жауаптар  нұсқауларын  дайындайды.  Мысалы:  «Қуаныш  дегеніміз  бұл  бәрі  қуанғанда,  көңілді 

болғанда».  «Қуаныш  үлкен  де,  кішкентай  да  болады.  Кішкентай  қуаныш  -  бұл  бір  адамда,  ал 

үлкен  -  бұл  барлығында».  «Қуаныш  -  бұл  мереке».  «Қуаныш  -  бұл  ешкім  жыламағанда» 

«Қуаныш - бұл бәрі аман-сау болғанда». «Қуаныш - бұл тыныштық». «Қуаныш - бұл мен, себебі, 

анам маған: «Сен менің қуанышымсың!» - дейді » 

«Қуаныш  дегеніміз  не?»  сұрағына  жауап  беру  ұсынылады.  Педагог  балалар  жауаптарын 

түрлі-түсті  қағазда  белгілеп  отырады  да,  алдын  ала  дайындаған  жауаптармен  салыстырады. 

Содан кейін балалар «Саған көңілді болғанда не істейсің? Деген сұраққа жауап береді. Өзіңмен 

болған  ең  күлкілі  уақиғаны  айтып  беру  ұсынылады.  Өте  қызықты,  күлкілі  жағдайды  қағазға 

түсіруге болады. Осыдан кейін осы әңгіме сюжетін бейнелеуге ұсынылады. Балалармен бірігіп, 

педагог суреттерді үлкен ватманға желімдейді - сурет көрмесі жүргізіледі. 

«Қуаныш бұлағы» жаттығуы 

Балалар жерге шеңбер құрып, қол ұстасып отырады, өздерін бос ұстайды. Жүргізуші ойда әр 

баланың  ішінде  көңілді,  мейірімді  бұлақ  пайда  болғанын  елестетіп  көрулерін  ұсынады.  Бұлақ 

суы  мөлдір,  таза,  жылы  болды.  Ол  өте  кішкентай  және  бір  орында  отыра  алмайтын.  Кәне,  біз 

онымен ойнайық, қазір бәріміз қолымыздан бір-бірімізге мөлдір, таза, жылы судың құйылғанын 

елестетіп көрейікші. Балалар іштей бір-біріне қуаныш береді. 



«Сыйлық» ертегісі 

Таңертең  көжек  оянса,  үстел  үстінде  анасының  қалдырған  жазуы  жатыр:  Балам,  бұл  сәбіз 

сенің ағаңа алынған. Ертең оның туған күні. Көжек қарап еді, сәбіз сондай әдемі. «Мен тек дәмін 

татып  көремін  деп,  қалай  түгелін  жеп  қойғанын  байқамай  қалды.  Енді  не  істейді?  Бұл  кезде 

анасы да келіп, сәбіздің жоқ екенін көрді. 

- Сыйлық қайда?- деп сұрады. 

- Ағам келіп кеткен, мен сыйлығын бере салдым, - деп көжек өтірік айтты. Бір уақытта ағасы есік 

қағады. 


- Сен тағы да келдің бе? Сәбіз саған ұнады ма? - деп анасы сұрайды. 

- Қандай сәбіз?- деп таң қалады ағасы. Мен қазір ғана сіздерді қонаққа шақыруға келдім - дейді. 

- Қалайша, көжегім саған сыйлығыңды берген жоқ па?, - деп ашуланады анасы. 


- Жоқ, - деп жауап берді ағасы. 

- Көжек, сен неге бізді алдадың? Көжек ұялып, бұрылып тұрады. 

- Мен сені туған күніме шақырмаймын, - деп ренжіді ағасы. 

Ертегіні талдау. Ағайындардың тәртібін талдау. Ең тиімді жол табу. Ал сен, не істер едің? 



«Туған күн» ойыны 

Мақсаты: топты біріктіру және эмоциялық жағдай жасау. 

Ойын  жүрісі:  туған  күн  иесі  таңдалады.  Қонақтарға  құттықтау  мен  сыйлық  ойдан 

шығарып,  оны  қимыл,  мимика  арқылы  жеткізу  керек.  Әр  бала  өз  сыйлығын  береді,  ал 

қалғандары оның не екенін табуға тырысады.  

«Сыйлықтар» сурет салу. Бір - біріне сыйлау ұсынылады. 

Рефлексия.  Бүгін  сен  кім  үшін  қуандың?  Саған  көңілді  болды  ма?  Балалар  «Қатынасу 

шебері» медальдармен марапатталады.   



«Достық эстафетасы» қоштасу сәті 

Қол ұстасып тұрып, бір-біріне қолын қысады.  



Психолог: Мен өз достығымды сендерге беремін, ол менен --,---,---,---, ең соңында қайта өзіме 

оралады (балалар әр қайсысы айтып шығады).  



Психолог: Әрқашан қасымызда достарымыз болсын. 

№14 Сабақтың тақырыбы: «Қане, достар қол ұста» 

Мақсаты: топтық ұйымшылдыққа баулу; өздік бағалауын көтеру. 

Сабақ жүрісі: 

Амандасу сәті «Жүректен жүрекке» 

Шеңберде  отырған  балалар  қол  ұстасып,  көршісіне  қарап,  күлімдейді.  Әрқайсысы  кезекпен 

көршісіне жақсы сөздер айтады. 

«Сиқырлы жіп» ойыны 

Жүргізуші  қолына  жіпті  алып,  шеңбер  бойымен  жібереді.  Ол  өзінің  көршісіне  тілегін 

білдіріп,  саусағына  орап,  келесі  балаға  береді.  Ойын  жіптің  жүргізушіге  айналып  келгенше 

жүреді. Соңында қорытынды жасау. 



«Нәзік есім» ойыны 

Мақсаты: балалардың бір-біріне мейірімді қатынасу дағдыларын қалыптастыру. 

Жүрісі: бала өзіне ұнайтын көршісіне (қалауы бойынша) ойыншық беріп, оны нәзік есімімен 

айту. Жүргізуші қалып қойған балалар болмағанын қадағалап тұрады). 



«Шеңбердегі үйшік» ойыны 

Музыка жүріп тұрады. Жүргізуші секіргіштен шеңбер жасап, ортасына отырып, көз алдарына 

өз үйлерін елестетіп көруді ұсынады. Ол қандай екен, не бар? Қалай әдемілетуге болады? 

Үстелдің  үстіндегі  ұсақ  әшекейлерді  алыңдар  (моншақ,  жіптер,  түймелер  т.б)  2  минуттан 

кейін жүргізуші үлкен бір үй жасап, әр үйден әркім бір затын әкелуге ұсынады. Әркімнің өз үйі 

бар, ал барлық жолдар осы үлкен үйге әкеледі. Ендеше сендердің ортақ үлкен үйлерің бар деген 

сөз. Енді бәріміз шеңберге тұрып, бір-бірімізге жақсылық тілейік. 

«Бүгін маған------------------ұнады» ойыны 

Мақсаты: балаларға қайтару байланысын беру, өздік бағалауын көтеру, сенімділігін көтеру. 

Жүрісі:  балалар,  біраз  ойланып,  қасындағы  көршісінің  тәртібінде  бүгін  не  ұнағанын  айтып 

беру. Жүргізуші әр балаға өз ойын айтып береді. Кезекті қол ұшын тигізу арқылы береміз. 



Рефлексия. Бүгін саған не ұнады? Нені үйрендің, не білдің? 

«Достық эстафетасы» қоштасу сәті 

Қол ұстасып тұрып, бір-біріне қолын қысады.  



Психолог: Мен өз достығымды сендерге беремін, ол менен --,---,---,---, ең соңында қайта өзіме 

оралады (балалар әр қайсысы айтып шығады).  



Психолог: Әрқашан қасымызда достарымыз болсын. 

№15 Сабақтың тақырыбы: «Түсінудің сиқырлы тәсілдері» 

Мақсаты: өз сезімін айта білуге, басқалармен қатынасын жақсартуға баулу. 

Сабақ жүрісі 

Амандасу сәті «Жүректен жүрекке» 

Шеңберде  отырған  балалар  қол  ұстасып,  көршісіне  қарап,  күлімдейді.  Әрқайсысы  кезекпен 

көршісіне жақсы сөздер айтады. 

«Өзіңді таныстыр» ойыны 


Мақсаты: өздік бағасын көтеру, сенімділігін арттыру. Өзін таныстыра білуге үйрету. 

Жүрісі:  әр  бала  өзін  топқа  таныстырады,  яғни  өзін  үйдегілер  қалай  атайды,  солай  таныстыруға 

болады. 

«Күлкі» ойыны 

Мақсаты: топ бірлігін нығайту. 

Оқушылар  шеңберге  тұрады.  Мұғалімнің  қолында  «Күлкі»  салынған  қағаз.  Оны шеңбер 

бойы  жүргізіп  отырып,  «Мен  сені  көргеніме  қуаныштымын»  деген  сөйлемді  әртүрлі  дауыс 

ырғағымен айту керек. 

Соңында талдау. Қай дауыс ырғағы жақсы және көңілге жақын естіледі? 



«Мейірімді сөздер» ойыны 

Мақсаты: Басқаның жақсы жақтарын көре білу; тұлғалық даму тәсілдерін таба білу. 

Жүргізуші: Балалар да үлкендердің өздерің мақтағанын ұнатады. 

Осыған байланысты мен сендерге бір ойынды ұсынамын, бұл ойын барысында сендер бір-

біріңе көптеген жақсы сөздер және мақтаулар айтасыңдар. Барлықтарың бір үлкен шеңбер құрып 

тұрыңдар.  Жүргізуші  ойыншылардың  біреуін  ортаға  шығарып,  қара  шынылы  көзілдірікті  «ол 

сиқырлы» деп түсіндіріп киюді сұрайды. Өзінің оң жақтағы көршіңе қара, ол сенің көзілдірігіне 

қарап  тұрып  «Түсімде  немесе  өңімде,  менің  бойымда  қандай  жақсылық  бар?»  деген  сөздерді 

айтсын. «Көзілдірік» (демек көзілдірік киіп тұрған адам) оның атынан қандай да бір жақсы сөзді 

оған  айтсын.  Көзілдірік  оған  қараған  балаға  беріледі,  ал  оның  көршісі  жаңағы  сиқырлы  сөзді 

айтады. 

Керемет!  Бір-бірлерінді  жиі  мақтауға  тырысындар.  Осылайша  өздерінің  достарының 

көңіл-күйлерін көтересіңдер. Ал егер досының көңіл-күйі жақсы болса, онда сенің де көңіл-күйің 

жақсы болады.   




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет