Ордабаева Жанар Бейсенбаевна



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата02.10.2019
өлшемі309,19 Kb.
  1   2   3   4

Ордабаева Жанар Бейсенбаевна 

 

Педагог-психолог 

 

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, № 25 жалпы орта білім беру мектебі 

 

«Қатынасу әлемі» 



Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың қатысымдық өрісін психологиялық 

түзету бағдарламасы 

 

Кіріспе 

Адам  қалыпты  өмір  сүру  үшін,  өзінің  психикалық  қасиеттерін  дамыту,  жеке  тұлғалық 

ерекшеліктерін жетілдіру, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-

қатынас  жасайды.  Топтың  жеке  адамға,  адамның  топқа  әсер  ету  негізінде  балалар  арасында 

дараланатын  немесе  оқшауланатын  жағдайлар  да  туындап  жатады.  Балалар  арасындағы 

қатысымдық  өріс  сипаты  мен  ахуалы  баланың  тек  психикасына  немесе  жеке  басына  ғана  әсер 

етіп  қоймайтындығы  белгілі.  Ол  баланың  оқу-тәрбие  істерінде  де  елеулі  орын  алады.  Қазіргі 

техниканың дамыған уақытында күні бойы тек соларға телмірген оқушыларымыздың арасында 

бір-бірімен пікірлесу, әңгімелесу, құрдастарымен ой бөлісу, сұхбаттасу қарым-қатынасқа түсуге 

жетпейтін сияқты. Бұл оқушыларымыздың арасындағы басты мәселелердің бірі деп айтуға негіз 

бар.  Сол  себепті  бүгінгі  таңда  балалардың  мектепке  дейінгі  кезеңнен  бастап 

айналасындағылармен  жағымды  қарым-қатынас  орната  білу,  тіл  табыса  білу  дағдыларын 

қалыптатыру қажеттілігі туындайды 

Алдарыңыздағы  психологиялық  түзету  бағдарламасының    өзектілігі  жоғары  аталған 

мәселелерді  дұрыс  жолға  қою  арқылы  балабақша,  мектеп  тәжірибесіне  көмектесу  керектігінен 

туындайды.  Қазіргі  кезде  балабақша,  мектеп  өмірінде  қарым-қатынасында  мәселесі  бар 

балалардың  туындауына  кез-келген  жағдай  әсер  ете  береді.  Осыдан  келіп  баланың  дамуында 

түрлі  ауытқулар,  сабаққа  қатынасының  өзгеруі  байкала  бастайды.  Туындаған  мәселені  шешу 

психологтың негізгі психологиялық қызмет көрсетуі міндетіне кіретіндігі даусыз. Біздің өмірлік 

тәжірибемізден  білетініміз,  шектеулер  мен  үйретулер  балада  жиі  қарсыластық  пен  керісінше 

әрекеттенуге  қалауын  туғызады.  Тек  өз  қалауымен  ғана  әрекеттенгенде  бала  тез  өзгереді. 

Адамның  психикалық  өмірінің  жан  жақты  дамуы  белгілі  әрекеттен  айналысуына  байланысты 

болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, 

мектеп  жасына  дейінгі  бала  өз  психологиясын  ойын  арқылы  білдірсе,  ересек  адам  өзіне  тән 

ерекшеліктерін  еңбек  үдерісінің  сан  алуан  салаларында  көрсетеді.  Әрекет  дегеніміз  түрлі 

қажеттерді  өтеуге  байланысты  белгілі  мақсатқа  жетуге  бағытталған  үрдіс.  «Әрекетіміз  дұрыс 

болу үшін - дейді Әл-Фараби, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап 

алуға тиіспіз». Сол себептен байланыс жағдайын модельдеу және балаға әрекеттенуге мүмкіндік 

беру, өзіне шешімін табуға, оларды бағалау және жүзеге асыру қажет.  

Адам  адам  болып  жаратылғаннан  соң, оның  өмір  сүруінің  негізгі  тірегі  мен  қажеттілігі, 

сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып табылады. 

Сондықтан балалардың қарым-қатынасындағы мәселе - бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер 

болып  қала  бермек.  Адам  мінезінің  қалыптасуы  қоғамдық  болмыспен,  әлеуметтік  ортамен 

(мектеп,  балалар  мекемелері,  оқу,  өндіріс  ұжымы,  қоғамдық  ұйымдар  т.б.)  тығыз  байланысты. 

Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Мінез  – өзгермейтін тума қасиет 

емес,  ол  өмірде  қалыптасады.  Мәселен,  ешбір  бала  тумысынан  «еңбек  сүйгіш  не  жалқау, 

тәртіпті,  не  ұстамсыз»  болып  тумайды.  Оның мінезі  ұзақ  жылғы  өмір  сүру  барысында  өмірдің 

сан  алуан  ағымына  қарай  тәрбие  үрдісінің  ықпалымен  қалыптасып отырады.  Адамның  сыртқы 

ортамен  жасайтын  қарым-қатынасы  белсенді  қарым-қатынас.  Әл-Фарабидің  психологиялық 

көзқарастары бойынша, «Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады» – 

деп көрсетеді. Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама шарқынша сол 

ортасына  тиісті  өзгерістер  енгізеді.  Адамның  нақтылы  іс-әрекетінде  мінез  бітістерінің 

қалыптасуында шешуші рөл атқарып отырады. Соңғы кездері психологиялық әдебиеттерде мінез 

– жеке адамның психикалық қасиеті ретінде жан-жақты қарастырылып, талдануда. Атап айтсақ, 

неміс ғалым-ойшылы И.В. Гете: «Мінез-құлық әркімнің кейпін көрсететін – айна» десе, француз 


ағартушысы  Н.С.  Шандор:  «Берік  тәртіп  ұстанбаған  адам  -  әрқандай  да  мінезден  құралақан 

адам»  -  деп  қарастырса,  ағылшын  әдебиетшісі  У.  Гәзлит  «Жақсы  мінез  –  бүкіл  өміріңнің 

сарқылмас  байлығы»,  қазақтың  педагог-психологы  М.  Жұмабаев:  «...адамның  өзін-өзі  тексеруі 

оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне бірінші шарт» - деп түсіндіреді. Баланың 

жастайынан  айналасындағылармен  қатынас  жасауы  өзінің  кім  екенін  танып,  өзін  өзгелерден 

ажырата  алудың,  өзін  басқалармен  салыстыру  арқылы  басқа  адамдағы  қасиеттерді  менгерудің 

балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, 

онда  олардың  қарым-қатынас  жасауын  жақсарту  аса  қажет  болып  табылады.  Сол  себептен 

балабақша топтарында, сынып ұжымында қарым-қатынас жасауда туындайтын қиыншылыктары 

бар балаларды анықтап, оларға дер кезінде көмектесу - қазіргі балабақша, мектеп алдында тұрған 

міндеттердің  бірі.  Балалар  арасындағы  өзара  қарым-қатынас  ерекшеліктері  бойынша 

педагогикалық  іс-әрекетті  ұйымдастырылу  жақтарына  баса  назар  аудару  керектігі  туындайды. 

Әрбір  қоғамның  дамуы,  әрбір  топтың  немесе  бөлек  индивидтің  де  дамуы  -  олардың 

айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын күрделі үрдіс екені анық. 

Бұл үрдіс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың 

туындауынан  және  шешілуімен  байланысты.  Бұл  мәселені  зерттеген    авторлар  Т.Д. 

Марцинковская [1]; О.А. Карабанова[17].  

Алдарыңыздағы  бағдарламаның  басқа  құралдардан  ерекшелігі  балалардың  қатынасында 

жағымды - өздік қатысуды, бала тұлғасының қатысымдық қасиеттерінің қалыптасуын түзету мен 

дамытуды жоспарлау жүйесін ұсынады. Ұсынылған бағдарлама өз мазмұнымен психологиялық 

түзету  болып  саналады.  Мектепке  дейінгі  мекеме  мен  бастауыш  сынып  мұғалімдері,  мектеп 

педагог-психологтарына  қолдануға  қажетті  әдістемелік  құрал.  Бағдарлама  балалардың 

байланысуын  реттеуге  мүмкіндік  береді.  Әсіресе,  балаға  көмек  оқу  жылының  басында,  топқа 

жаңадан  келгенде,  елемей  қалғандармен  жұмыс  жүргізуде  маңызды.  Балалардың  арасындағы 

қарым-қатынасты жақсарту мәселесі, сол арқылы баланың білім алып, тәрбиеленуін қамтамасыз 

ету  маңызыдылығы  ешқашан  төмендемеген.  Мұнда  балалардың  жас  ерекшелігіне    сай 

психологиялық жақтау, қатынасудан қуаныш алу, реттей білу, өзгелерге сену, түсінуге арналған 

15  тәжірибелік сабақтың үлгісі берілген. Сабақтар аптасына 1 рет, айына 4 рет (30 мин.) шағын 

топта  (3-4  бала),  топта  (5-10  бала)  жүргізіледі.  Сабақтар  нәтижесінде  балалардың  көңілдері 

өзгелердің  сезімдері  мен  қалауына  аударылады.  Балалар  қоршаған  орта  аясында  басқа 

адамдардың  қызығушылығы  мен  әрекетін  қабылдайды,  оларды  сыйлап,  келіседі.  Олай  болса, 

балалар  өзін  қоршаған  ортада  айналасындағылармен  тіл  табыса  алады,  өзін  де,  өзгені  де 

сыйлауға, құрметтеуге үйренеді, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттеріне ие болады. Балалар 

жауаптары  ушықтыруға  емес,  қарсыласын  ренжітпей,  әңгімелесуге  бағытталады.  Әдістерді 

сабақта қолдану баланың қатысымдық өрісін түзетуге, дамытуға мүмкіндік бередіСабақтар бір-

бірімен  байланысты  ойын  жағдайларынан,  жаттығулардан,  тапсырмалардан  жинақталып,  алға 

қойылған психологиялық түзету мақсаттарды шешуге көзделіп құрылған. Әр түрлі ойын әрекеті 

баланың қалыпты қатынасу ортасы болып саналады. Бұл нақты осы әлемде кеңістік пен уақытты, 

заттарды, жануарларды зерттеу мен бағытталу тәсілі. Пиажемен келіссек, ойын нақты тәжірибе 

мен  абстракты  ойлаудың  ортасындағы  көпір  болып  саналады.  Ойын  баланы  өз-өзін  зерттеуге 

итермелейді,  өзін  түсінуге  және  қиындықтарды  жеңуге  үйретеді.  БҰҰ  ойынды  әржақты  және 

ажырамас  бала  құқығы  деп  негіздеуінен  ойынның  балаға  қаншалықты  маңызды  екені 

дәлелденеді. Ойын - бұл әр уақытта және барлық халықтарда орын алатын баланың дара орталық 

әрекеті. 



Мақсаты:  Мектепке  дейінгі  және  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  қатысымдық 

өрісінің мазмұнын ашу.  



Міндеттері: 

1.  Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың қатысымдық өрісі жайындағы 

психологиялық -педагогикалық әдебиеттерді зерттеу; 

2.   Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың қатысымдық өрісін анықтау; 

3.  Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың қатысымдық өрісін түзету;  

4.  Мектепке  дейінгі  және  мектеп  психологтары  мен  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне 

арналған бағдарлама жасау. 

Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың қатысымдық 

өрісі.  


Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың қатысымдық өрісін 

психологиялық түзету.  



Эксперименталды топ: кіші мектеп жасындағы балалар.  

Болжам:  Егер  біз  мектепке  дейінгі  және  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  қатысымдық 

өрісін  зерттеп  оны  дамыта  білсек,  онда  балаларға  өз  ортасына  жеңіл  бейімделуге  және  жан 

жақты тұлға ретінде дамуына оң ықпал етеді. 

Бағдарламада қолданылған әдіс-тәсілдер мен техникалар

-  жеке-дара,  ұжымдық  тәсіл  (4-6  бала,  әр  балаға  жеке-дара  ыңғайын  сақтаумен  қатар  оған 

әлеуметтендіру дағдыларын баулуға мүмкіндік береді. Нақты әр баланың қайталау реакциялары, 

сайыстық т.с бір-бірімен қарым-қатынастары қаралады);  

-  балалармен әңгімелесу, психологиялық жағдайларды талдау; 

-  театрлендіру (шағын қойылымдар, этюдтар, рөлдік ойындар, рөлге бөлу т.с); 

-  изотерапия  (шығармашылық  құралдарды  пайдалану  арқылы  жағымсыз  эмоцияларды 

басады); 

-  ойынтерапия  (қысымды, 

бұлшықет  қысылуын  төмендетеді.  Өзіне  сенімділігін 

арттырады);  

-  көрнекі құралдарды пайдалану (фотосуреттер, суреттер) 

-  ойын әдісі (дидактикалық ойындар мен жаттығулардан тұрады). 

Диагностика 

Зерттеу  жұмыстары  оқу  жылының  басында  және  соңында  жүргізіледі.  Жыл  бойы 

қолданылатын проективтік әдістер: 

1. «Саты» әдісі 

Мақсаты: балалардың өздік бағалауын зерттеу. 

2. «Суреттер» әдісі  

Мақсаты: мектепке дейінгі, кіші мектеп жасындағы балалардың  қатысымдық өрісін, әлеуметтік 

интеллектін зерттеу. 

3. «Екі үй» социометриялық әдісі (Т.Д. Марцинковская)  

Мақсаты: баланың топта алатын орнын анықтау.  

4. «Отбасы суреті» әдісі 

Мақсаты: баланың отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы, баланың жағдайы, сезінуі т.с. 

5. «Социометрия» әдісі Дж.Морено  

Мақсаты: оқушының сыныпта алатын орны, ұйым ұйымшылдығын анықтау.  



Сабақтың құрылымы: 

Сабақтың дәстүрлі басталуы. 

1. Сергіту сәті. 

2. Сабақтың негізгі мазмұны. 

3. Өткенді қайталау

Қоштасу салты 

Нұсқаушы  жаттығулары:  әр  сабақтың  алдында  балаларға  зейін  қоюға,  сыйластыққа, 

шыдамдылыққа нұсқау беру. Оларды тыныштандырып, тыңдауға көңілдерін аудару:  

- өз демімізді тыңдайық; 

- жүрегіміздің соғысын тыңдайық

- әуенді тыңдайық; 

- топтағы дыбыстарды тыңдайық; 

- даладағы дыбыстарды тыңдайық; 

- аквариумдағы балықтарды, әйнектің ар жағындағы құстарды тыңдайық. 



Коммуникативтік әрекетінің жан-жақты құралдары 

Қатысымдық  әрекеттер  қалыптасуы  балалардың  қатынасу  құралдары  мен  сөйлеу,  өздік 

дәрежесін көтеру және бала тілінің дұрыстығымен тығыз байланысты жүреді. 

Ұйымдастырушылық: 

- әңгімелесуші адамның әңгіме кезінде саған қарауға ұнайды ма, қалай көрінетініңді үнемі ойла.  

- өзіңді еркін, дұрыс, біркелкі ұстауын керек. 

- шалқайып отыру - әдепсіздік. 

- қалтаңда қолынды ұстама. 

- қарсы отырған адамның көзіне қара. 



- сөйлесу кезінде сыпайы сөздерді ұмытпа: кешіріңіз, рұқсат па, сәлеметсіз бе, рахмет, мархабат. 

- әңгімеге араласқан кезде, кешірім сұра. 

- жолдастарыңмен қатынасқанда есімдерімен ата, үлкендермен қатынасқанда аты-жөнімен ата. 

Перцептивті: 

- әңгімелесушіні мұқият тыңдай білу. 

-  жолдасыңды  ренжітіп  алмау  үшін,  жауап  беруге  асықпай  ойлан.  Сыпайы  адам  әдепсіздікке 

әдепсіздікпен қайтармайды. Саған арналған сәлемдемені қабылдамау - әдепсіздік. 

- егер досың қателессе, оны келемеждеме. 

- егер өзің қателессең және жағымсыз сөз айтсаң, дер кезінде түзетуге тырыс. 



Оперативті: 

- өз ойыңды айту кезінде ашық бол, дұрыс сөйле, айтарыңды ойлап ал. 

- асықпай, дәл, нақты өз ойыңды айт. 

- өзіне таныс сөздерді ғана пайдалан. 

- дауысыңды көтермей, біркелкі айт. 

- қолыңмен сілкімей, бет-әлпетіңді қисайтпа, қимылдарыңмен мен бетіңді бақыла. 

- қатты айтылған жақсы сөз, сыпайы болып саналмайды. 

- жаман сөздерді ешқашан қолданба. 



Тақырыптық сабақтар жоспары 

№ 

Тақырыбы 

Мақсат-міндеттер 

Жұмыс 

түрі 

Уақыт

ы 

Күні 

«Мен қандаймын?» 



1.Топта  эмоциялық  жайлы  жағдай 

жасау;  2.Балада  өзіне  деген  оң 

қатынасын қалыптастыру. 

Шағын 


топтық 

30мин. 


 

«Біздің есімдеріміз» 



1.Өзіне  қызығушылығын  арттыру; 

2.Эмоциясын 

әр 

түрлі 


жолмен 

білдіруді үйрету. 

Шағын 

топтық 


30мин. 

 



«Мен және басқалар»  1.Өзіне 

сенімділігін 

арттыру; 

2.Топтық  ұйымшылдықты дамыту. 

Шағын 

топтық 


30мин. 

 



«Қыздар мен ұлдар» 

1.Топта  жағымды  эмоциялық  жағдай 

жасау;  2.Ұлдар  мен  қыздар  жөнінде 

ұқсастық  пен  айырмашылық  жайлы 

түсініктерін  қалыптастыру;  3.Ұлдар 

мен  қыздар  қатынасу  мәдениетіне 

үйрету. 

Шағын 


топтық 

30мин. 


 

«Менің отбасым» 



1.Отбасы бірлігі жөнінде түсініктерін 

қалыптастыру; 

2.Үлкендердің 

еңбегіне, 

 

отбасы 


дәстүріне 

қызығушылықтарын 

арттыру; 

3.Отбасы 

мүшелерін 

сыйлап, 


құрметтеуге тәрбиелеу. 

Шағын 


топтық 

30мин. 


 

«Мен қатынасамын» 



1.Баланың коммуникативтік қабілетін 

дамыту;  2.Психологиялық  қысымды 

төмендету. 

Шағын 


топтық 

30мин. 


 

«Сиқырлы сөздер» 



1.Айналадағылар 

мен 


басқа 

балаларды  құрметтеуге  тәрбиелеу; 

2.«Сыпайылық» түсінігін арттыру. 

Шағын 


топтық 

30мин. 


 

«Достық» 



1.Достық,  дос,  сенімділік  туралы 

түсінік 


қалыптастыру; 

2.Достық 

қарым-қатынасқа, 

бірігіп 


әрекеттенуге 

баулу; 


3.Бір-бірін 

сыйлау, көмек беру. 

Шағын 

топтық 


30мин. 

 



«Менің досым» 

1.Коммуникативті 

қатынастың 

дағдысын арттыру; 2.Сену, қабылдау, 

ашық болуға үйрету. 

Шағын 


топтық 

30мин. 


 

10 


«Біз араздастық- 

1.Дау-жанжал, 

келіспеушілікті  Шағын 

30мин. 


 

Біз достастық» 

шығармашылық 

түрде 

шешу; 


2.Мәселелерді  шешу  және  дұрыс 

қабылдау. 

топтық 

11 


«Сиқырлы ел» 

1.Қатынасуда  жағымды  көзқарасты 

қалыптастыру; 

2.Коммуникативтік 

дағдыны  бекіту;  3.Ән,  ойын,  сурет, 

қимыл 


арқылы 

сенімін 


білдіру 

құралдарын пайдалана білу. 

Шағын 

топтық 


30мин. 

 

12 



«Сен 

болашақ 


оқушысың» 

1.Мектепке 

коммуникативтік 

дайындығын 

қалыптастыру; 

2.Мектепке 

қызығушылығын  

арттыру 


Шағын 

топтық 


30мин. 

 

13 



«Саған 

қуаныш 


сыйлаймын» 

1.Жағымды қатынас құруды бекіту. 

Шағын 

топтық 


30мин. 

 

14 



«Кәне,  достар  қол 

ұста! 


1.Топтық 

ұйымшылдыққа 

баулу; 

2.Өздік бағалауын көтеру. 



Шағын 

топтық 


30мин. 

 

15 



«Түсінудің  сиқырлы 

тәсілдері» 

1.Өз  сезімін  айта  білуге,  басқаларға 

қатынасын жақсартуға баулу. 

Шағын 

топтық 


30мин. 

 

 



№1 Сабақтың тақырыбы: «Мен қандаймын?» 

Сабақтың мақсаты: топта эмоциялық жайлы жағдай жасау; өзіне сенімділігін арттыру. 

Құрал-жабдықтар: доп, ойыншықтар, ақ қағаз, қалам. 

Сабақ барысы: 

«Достық күлімдеуден басталады» жаттығуы 

Балалар қол ұстасып, бір-біріне қарап, күлімдейді. 



«Өзіңді таныстыр» ойыны 

Мақсаты: балалар ұжымына өзін таныта білуге үйрету. 

Ойын  жүрісі:  әр  бала  өз  қалауы  бойынша  есімін  немесе  үйде  әдеттегідей  еркелетіп 

атайтын есімін айтады. 

«Нәзік шақыру» ойыны 

Мақсаты: балаларда бір-біріне мейірімді қатынасты қалыптастыру. 

Ойын  жүрісі:  бала  өзі  ұнататын  көршісіне  есімін  атап,  ойыншық  береді.  Әр  бала  атап 

шыққанға дейін ойын жалғасады. 

«Ақпарат жинау» ойыны 

Мақсаты: дұрыс қатынасу дағдыларын қалыптастыру. 

Ойын жүрісі: 5 мин. аралығында танысу, әрқайсысы кезекпен көршісіне кез-келген сұрақ 

қойып, ақпарат жинайды немесе өзі жайлы ақпарат береді (алған жауаптарын суретке түсіру).  

«Досыңа не сыйлайсың?» сурет салу. Сурет көрмесін ұйымдастыру.  

«Өзімде маған----------ұнайды» және «Сенде маған----------ұнайды» ойыны 

Ойын  жүрісі:  жүргізуші  допты  көршісіне  тастап,  «Өзімде  маған------------ұнайды»  деп, 

өзінде  қандай  жақсы  қасиет  бар  екенін,  «Сенде  маған------ұнайды»  деп,  көршісінің  қандай 

тартымды  қасиеті  бар  екенін  айтады.  Көршісі  допты  қағып  алып,  өзінің  де,  келесі  баланың  да 

жағымды қасиеттерін айтады. Ойын жалғаса береді. Барлық бала айтып шығуы керек. 

«Менің ең сүйікті кейіпкерім» жаттығуы 

Көздерінді  жұмып,  ертегі  әлемінде  жүрмін  деп  елестетіңдер.  Ертегі  әлемінде  барлық 

кейіпкерлер жүр, өздерің  ұнататын бірнеше кейіпкерлерің бар.  Олар сенімен амандасып, қарсы 

алуда. Бірақ сен, олардың ішінен ең жақын, өзің жақсы көретін кейіпкеріңді алып қаласың. Енді 

көзімізді ашамыз.  

-  Қандай кейіпкерді таңдадың?  

-  Неге дәл сол кейіпкер саған ұнайды?  

Осылайша барлығынан сұрап, анықтап болған соң, төмендегі тапсырма ұсынылады:  

Енді осы таңдалған кейіпкерлер арқылы, барлықтарың бірігіп бір ертегі құрастыруларың 



керек, кейіпкерлер бір-бірімен үйлесімділік табу қажет.  

Талдау: Құрастырған ертегінің негізгі идеясы қандай? 

 


«Көңілді құртақандар» ойыны 

Мақсаты: қимылын және өзін бақылай білуін қалыптастыру. 

Ойын жүрісі: балалар орындарынан тұрып, өлең жолдарын қайталап, қимылмен көрсетеді. 

Құртақандар үйде тұрды,                         Құртақандар күліпті: 

Бір-бірімен дос болды.                             Хи-хи,хи-хи,хи-хи! 

Оларды қызық атайды:                           (билейді) 

Хи-хи, ха-ха, хо-хо!                                     Сен қозыға ұқсайсың, 

Құртақандар таң қалады:                         Саған өлең оқимыз. 

Хо-хо, хо-хо, хо-хо!                                     Ашуланып ит, құлағын сілкейді. 

(иықтарын көтереді)                                  Құртақандар күледі: 

Алдынан ит шығыпты                                Ха-ха,ха-ха,ха-ха! 

Терең тыныс алыпты.                              (қол соғады) 

Рефлексия:  Бүгін  не  білдің?  Балалармен  қатынасуда  не  сездің?  Қай  кезде  саған  қиын 

болды? Не ұнады? 

Қоштасу салты «Достық эстафетасы» 

Балалар шеңберде тұрады. Қол ұстасып, бір-бірінің  қолын қысады. 



Жүргізуші:  Мен  өз  достығымды  сендерге  беремін,ол  менен  -----,-------,--------,-------,------,------ 

барып, ең соңында қайта өзіме келеді. Балалардың барлығы айтып шығуы тиіс. 



Жүргізуші:  Мен  достығымыздың  үлкейгенін  сеземін,  себебі  әрқайсыларың  өз  достық 

пейілдеріңді  қостыңдар.  Осы  сезім  сендерден  ешқашан  кетпей,  әрқашан  жылытсын.  Сау 

болыңдар. 

№2 Сабақтың тақырыбы: «Біздің есімдер» 

Сабақтың  мақсаты:  Әр  адамның  ерекшелігі  жөнінде,  өзіне  де,  өзгеге  де  жағымды 

қатынасты  қалыптастыру;  айналасындағыларға  қатынасын,  эмоциясын  білдірудің  тиімді 

түрлерін үйрету. 

Құрал-жабдықтар: әуен, қағаз А4, жіп, түрлі түсті қарындаш, орындық. 

Сабақ барысы: 

Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін сабақта біз өзімізді, 

өзгені сыйлауға, сезімімізді білдіре білуге үйренеміз. Ал қазір «кәне, амандасайық!» атты ойын 

ойнайық.  Ол  үшін  орнымыздан  тұрамыз.  Ойын  шартын  сендер  білесіңдер,  яғни  ерекше 

амандасамыз. Алдымен мұрнымызбен, маңдайымызбен, аяқпен, арқамен, бетімізбен. Енді бірге 

айтамыз: 

(балалар шеңбер құрып, қол ұстасып, бірге айтады ) 

Қол ұстасып кәне, достар, 

Күлімдейік бәріне. 

Жақсылық тілеп, баршаға, 

-Сәлем, дейік күнге біз! 

 «Достық күлімдеуден басталады» жаттығуы 

Балалар бір-біріне қарап, күлімдейді. Балалар шебер құрып отырады. 

«Сиқырлы жіп» жаттығуы 

Жүргізуші  қолына  жіпті  орап,  баланың  атын  еркелетіп  атайды  да,  келесі  балаға  береді. 

Бала өз қолына жіпті байлап, көршісін еркелетіп атап, береді т.с. Жіп қайта жүргізушіге айналып 

келгенше ойын жалғасады. 



Психолог:  Балалар,  қараңдаршы,  сендер  қандай  керемет  тоқыма  тоқыдыңдар. 

Достықтарың да осы жіп сияқты мықты болады деп сенемін. Ал қазір өз есімдеріңмен кездесуге 

барасыңдар. Ол үшін алдымен үстелге жақындаймыз. 

Тапсырма: көздеріңді жұмып, өз есімдерің неге ұқсайтынын елестетіп көріңдерші,  іштен 

айтып, қалай дыбысталады екен, қалай көрінеді, неден жасалған, қандай түстер бар, иісі қандай, 

қалай қозғалады? (әуен ойнап тұрады) Көзімізді ашайық. Енді маған көрген, сезгендеріңді айтып 

беріңдерші. Менің де білгім келеді (балалар ауызша айтып береді, болғасын сурет салады). 



Шығармашылық жұмыс  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет