1. Жеке адамның келіспеушілігі - әр адам өзінің жасаған іс-әрекетіне қанағаттанбаудан, өзіне және ұйымға сенбеуден пайда болады.
2. Жеке адамдар арасындағы келіспеушілік – бұл келіспеушілік әр түрлі жағдайда туындауы мүмкін. Мысалы, мінезі, жұмыс сапасы әр түрлі адамдар көбіне бір-бірімен келісімге келе алмай жатады. Әдетте мұндай адамдардың мақсаты мен мүддесі әр түрлі болып келеді.
3. Топ аралық келіспеушілік
4. Топтың жеке адаммен келіспеушілігі
Басшы мінез-құлқына , тәрбиелілігіне, біліміне, іскерлігіне байланысты келіспеушілік пен дау-дамайды шешіп отыруы тиіс.
Жеке адамдар арасындағы келіспеушілікті шешудің мынандай жолдары бар:
1. Жалтару - кейде адамдар келіспеушіліктен жалтаруға тырысып, араласпай, өз басының тыныштығын ойлайды...
2. Тігісін жатқызу – адамдар арасындағы келіспеушілікті өршітпей, татуластыруға, іштегі дау-дамайды сыртқа шығармауға тырысады.
3. Мәжбүр ету стилінде басшы қалайда өз көзқарасын өткізуге, соған еріксіз көндіруге тырысады. Мұның тиімсіздігі мәжбүр ету кезінде тек басшының ғана пікірі үстем болғандықтан тағы наразылық тууы мүмкін.
4. Ымыраға келу стилі – адамдарды ауыз бірлікке, татулыққ шақырады, екінші жақтың пікірі де аз да болса қабылданып бір шешімге келеді.
5. Мәселелерді шешу – келіспеушілік болатынын мойындай отырып, оның себептерен түсіне білу, мәліметтің нақты болуын қадағалайды. Бұл жағдайда әділ шешім қабылдауға мүмкіндік туады, екі жаққа да қолайлы ұсыныстар бағаланады.
Келіспеушілікті дер кезінде шешіп отырмаса, ол стресске әкеліп соғады.
Стресс бұл ағылшын тілінен енген атау, қазақша мағынасы шиеленісу деген мағынаны білдіреді.
Стресс – сыртқы немесе ішкі ортаның қолайсыз факторларының әсеріне организмнің физиологиялық реакциясы.
Стресс көзі:
- құқы төмен жеткіліксіз, өзі ойлағандай әрекет ете алмайды;
- жұмысшының алдына қойылған міндеттерінің нақты көмескілігі;
- қызметінің болашағы белгісіз, басшының пікірі де беймәлім;
- шектен тыс жұмыс бастылық;
- өзіне жүктелген жұмысты орындауға біліктілігінің жетіспеуі;
- жұмыс жағдайының қолайсыздығы – жарық аз, бөлме температурасының ауытқуы, коммуникацияның нашарлығы, бір-біріне негізсіз талап қою, жеке басындағы түрлі себептер, т.б
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Мескон М., Альберт М. И др. Основы менеджмента, М., 2000 год
2. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері, Алматы, 1993 ж.
3. Ахметов К. Ғ. Менеджмент негіздері, Ақтөбе-Орал 2005 ж.
4. Бердалиев К. Менеджмент: лекциялар курсы- Алматы, 2005 ж
Достарыңызбен бөлісу: |