Орындаған: А. Е. Оспанова 2фк топтық динамика және жетекшілік



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі25,38 Kb.
#98436
1   2   3   4   5
Байланысты:
Топтық динамика

Билік ету – бұл адамдарға ықпал ету арқылы олардың іс-әрекеттерін өзгерту, ұйымның мақсатына жету жолына бағыттау.
Биліктің түрлері:
1) Мәжбүр етуге негізделген билік – қорқыту арқылы ықпал ету, ол мықты бақылау жүйесімен нығайтылады;
2) Көтермелеуге негізделген билік – қорқытып, билік жүргізуге қарағанда ықпалды, бірақ қандай көтермелеудің тиімді болатынын анықтау қиын;
3) Эксперттік билік – ықпал етушінің арнайы білімі барына, сондықтан да тиісті мұқтажын қанағаттандыратынына орындаушы сенеді;
4) Эталондық билік – үлгі билігі, ықпал етушінің мінез-құлқы басқа да қасиеттері ұнайтыны сонша, орындаушылар оған еліктеуге сондай басшы болуға тырысады;
5) Заңды билік – ықпал етушінің бұйрық беруге құқы бар екенін орындаушы мойындайды және оның міндеті бағыну екендігін түсінеді. Бұл дәстүрлі билік деп те аталады. Сондықтан басшының барлығы да заңды билікті қолданып, қарамағындағы адамдарға жұмыс орындауды міндеттей алады.
Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару функциясын жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль – ой дүниесі» Десе, Бьюфурон «стиль – адамның өзі» деп тұжырымдайды. Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түсінігі де дәлелдей түседі. Қазіргі кезде стильді басшының басқару функциясын тиімді орындау мақсатында өзінің қарамағындағыларға ықпал етуі бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық стилінің мәлі сол, басшы қандай әдістермен ұжымның қарқынды және творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ете алатындығына, қарамағындағылардың іс-әрекеті нәтижесін қалай бақылайтындығында. Қабылданған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым-қатынас туғызады.
Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың және іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі – бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
Стильдің қалыптасуы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі мақсатты процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларда алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.
Басшылық стилі - әрбір басшының жеке басының біліміне, қабілетіне, мінез-құлқына байланысты қолданылатын басқару ерекшелігі.
Басшылық стилінің 3 түрі бар:
Автократ басшы – «барлығын тек қана өзім білем» деген, басқалардың пікірімен санаспайтын, олардың ұсыныстарын ескермейтін басшы;
Демократ басшы – мәселелерді қарамағындағы адамдардың пікірімен санасу арқылы шешетін басшы;
Либерал басшы – білімі таяз, өзі шешім қабылдай алмайтын, тек жоғары деңгейдегі басшының үкімін күтіп отыратын басшы. 
3. Келіспеушілік екі немесе одан да көп адамдар арасында болатын пікір қайшылығы, мәмлеге келмей дауласу. Бір адам өз пікірін қалай да мақұлдатқысы келеді немесе екінші бір адамның пікірімен келіспейді.
Келіспеушілік дамудың қозғаушы күші, сондықтан өмірге қажетті жағдай. Жеке адамдар ролінің күшеюі, инициативасының, құқының экономикада, саясатта, тұрмыста күшеюі келіспеушілік жағдайын ұлғайта түседі.
Дау-дамайды келіспеушілікті басу үшін әуелі оның неден, қалай пайда болғанын білу керек. Келіспеушіліктің туындауына объективті және субъективті себептер болады. Мысалы, еңбек жағдайының нашарлығы қызметтегі міндеттер мен жауапкершіліктің айқын белгіленбейі келіспеушіліктің шиеленіске ұшырауының басты себептері болып табылады. Кейбір жағдайда адамдар арасында келіспеушіліктің әсерінен ұжым екі топқа бөлініп, бірі ресми басшыны жақтап, екінші бөлігі кемшілікті айтқанды жақсы көреді. Мысалы ұжымдағы адамдардың бір-біріне сыпайылық, қайырымдылық көрсетудегі кемшіліктері, біреудің қайғы мұңына немқұрайлы қарауы да келіспеушілік туғызады.
Келіспеушілік туындаған жағдайда шиелініске жеткізбей дер кезінде шешіп отыру қажет. Ол үшін келіспеушіліктің түрлерін білу керек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет