Орындаған:Қамысбек Гүлзат Тексерген: Исаева А. Тобы: 5В011400-тарих



бет21/28
Дата07.02.2022
өлшемі4,7 Mb.
#83260
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
Орталық және Шығыс Азия халықтары

Корея түбегі – Азияның шығыс бөлігіндегі, шығысында Жапон теңізімен, Корея бұғазымен, оңтүстігінде Чеджу бұғазымен және батысында Сары теңізбен қоршалған. Ауданы 150 мың км кв жуық. Жер бедері таулы болып келеді. Ең биік нүктесі – Пэктусан тауы, 2744м. Түбектің теңізбен шектесетін жағалаулары жазықты келеді. Климаты – қоңыржай муссондық, оңтүстігінде субтропиктік. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -20 С, оңтүстігінде +4 С; шілденің орташа температурасы солтүстігінде +24 С, оңтүстігінде +26 С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм. Түбектің 2/3 бөлігін ормандар мен бұталар алып жатыр. Көптеген ұлттық парктер ұйымдастырылған. Корея түбегінде Корея Республикасы мен Корей Ұлттық Демократиялық Республикасы орналасқан.


КОРЕЯ ТҮБЕГІ
КОРЕЯ ҰЛТТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ
КҰДР немесе Солтүстік Корея – Корея түбегінің солтүстік бөлігінде орналасқан Шығыс Азия мемлекеті. Солтүстігінде Қытаймен, солтүстік-шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Корея Республикасымен шектеседі. Батысында – Сары теңіздің, шығысында – Жапон теңізінің суларымен шайылып жатыр. Астанасы – Пхеньян. Халқы – 23 113 019 адам (2006ж). Ауданы – 120 540 км кв, дүние жүзінде 97-орында. 2004 жылы Солтүстік Корея жері әкімшілік жағынан 9 провинция, 2 қала, 3 аймаққа бөлінді. Елдің аумағы таулы болып келген, көптеген жазықтармен тілімденген. Солтүстік Кореяда қорықтар, ұлттық парктер, таулар мен ормандар, сарқырамалар көптеп кездеседі. Климаты – муссонды. Қысы құрғақ, салқын, ал жазы ыстық, ылғалды болып келеді. Пхеньяндағы қаңтардың орташа температурасы күндіз -3 С, түнде -13 С; ал тамыздың орташа температурасы күндіз +29 С, түнде +20 С.
Сары теңіз – Азияның шығыс жағалауында Корея түбегінің батысында жартылай қоршалған Тынық мұхитының шеткі теңізі болып табылады. Сары теңіз Қытай, Солтүстік Корея және Корея Республикаларының жағалауларын шайып жатыр. Солтүстік-батысында Бохай бұғазымен бірігеді, ал солтүстігінде Батыс Корея шығанағымен, оңтүстігінде Шығыс Корея теңізімен шектеседі.
Ауданы – 416 мың км кв. Ең терең нүктесі -106м. Аралдары: Чеджудо, Чиндо, Чаншаньдао, Люгундао т.б. Шығанақтары: Батыс-Корея, Ляодун, Бохайвань, Лайчжоувань т.б. Құятын өзендер: Хуанхэ, Хайхэ, Ляохэ, Ялуцзян және Луаньхэ.
Климаты - қоңыржай, муссондық. Қантардың орташа температурасы солтүстігінде -10 С, оңтүстігінде +3 С; шілдеде +23 С, +26 С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 600-1000 мм аралығында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет