Ә мәтіні: газет мақаласынан үзінді Табиғатты сақтау – болашақты сақтау Сенатор Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, қоршаған ортаны қорғау
бағытында мемлекеттік бағдарламаларымыз баршылық. Алайда, бұл мәселеде
дабыл қағарлық жағдай көптеп орын алуда.Ресми мәліметке сүйенсек, жерімізде
мекендейтін аң мен құстың 300-ден астам түрі толық жойылып кету қаупінің
алдында тұр. 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылдың көктемінде
Қазақстандағы құстар саны 2 млн-ға кеміп кеткен. Осыған орай, Ауыл
шаруашылығы министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі»
комитеті 16 ақпан мен 14 маусым аралығында көктемгі аң-құс аулау маусымына
тыйым салды. «Комитет шешімі дұрыс емес, жануарлар дүниесіне аңшылардың
еш қиянаты жоқ,» - деп қаптаған аңшылық мақсаттағы шаруашылықтар ашық хат
жазып, өре түрегелуде.
Эколог Сәдібек Түгелдің мәліметінше, заңсыз аң аулаушылар «Қызыл
кітапқа» енген аң-құсты аулау кезінде олардың арнайы кітапқа енгенін, ерекше
қорғауда екенін біле тұра, табиғатқа залал келтіруге тырысады.