Орман типологиясыныѕ ќўрылуы


Дәріс 2. Орманның табиғи сиреуі және құрамының өзгеруі



бет5/28
Дата25.12.2021
өлшемі127,2 Kb.
#105227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
.archivetempлесоводство дәріс

Дәріс 2. Орманның табиғи сиреуі және құрамының өзгеруі
Ағаш бітімінің морфологиялық маңызды айырмашылық белгілері бар және ол тұқымдар құрамымен, нысанымен, жасымен, шығу тегімен, бонитетімен, толықтылығымен, қабысуымен, қалыңдығымен, қорымен, өнімділігімен, даму жағдайымен топтастырылады.

Ағаш бітімінің құрамы – қалыптастыратын ағаш тұқымдарының тізбесі және әр тұқымның бітіміне қатынас дәрежесі. Егер ағаш бітімі бір ағаш тұқымынан немесе бірлі – жарым қоспадан құралса, онда ол таза, ал егер екі немесе одан көп тұқымнан құралса аралас деп аталады. Ағаш бітімінің құрамы 10 – балдық жүйемен белгіленеді. Егер ол 7\10 қарағайдан және 3\10 қайыңнан құралса, онда құрамы 7ҚЗАҚ деп бөлінеді, бас әріптер тұқымдарды көрсетеді, ал сандар қосындысы 10 болу керек.

Ағаш бітімінде бір ағаш тұқымы көп болса, ол басым түскен деп аталады. Ал егер бітімдегі тұқым шаруашылықта бағалы болса оны басты деп атайды.

Ағаш бітімінің нысаны, ең маңызды кейіпі, бір биіктіктегі ағаштар қалыптастыратын қатарлар санымен анықталады. Егер ағаштардың бөрікбасы жалпы қатар құрастырса, онда ол ағаш бітімі қарапайым, немесе бір қатарлы деп аталады, ал егер екі немесе бірнеше қатар құрастырса, онда ол күрделі немесе көп қатарлы. Егер қатар толықтығы 0,3 кем болмаса, онда ағаш бітімін күрделіге жатқызады. Олар топырағы және климаттық жағдайлары қолайлы жерлерде қалыптасады. Жоғарғы қатарда тез өсетін, жарықты жақсы көретін тұқымдар өседі, ал екінші және үшіншіде жарықтың, аздығына көнетін ағаштар. Күрделі ағаш бітімінің мысалы ретінде мына ағаш бітімін келтіруге болады - қайың бірінші қатарда өседі, ал екінші қатарда – шырша.

Іс жүзінде өсімдіктердің нысанын бөледі, оған қатарлар саны, ағаштар, бұталар, мүктер, қыналармен қалыптасқан. Бұл жағдайда ең жоғарғы қатарда ағаштар, сосын бұталар, ең төменінде – шөптер, мүктер, қыналар, олар топырақты жауып тұрады.

Ағаш бітімінің жасы – ол қатарды қалыптастыратын ағаштардың жасы, оның биологиялық және шаруашылық маңызы зор. Егер ағаштардың жасы жас классының шамасында болса бір жастағы болады, ал егер ол шамадан шықса, онда әр түрлі жастағы деп аталады.

Ағаш бітімінің жасына байланысты бөледі – жас, орта жаста, пісіп қалған, піскен, тұрып қалған деп. Жас ағаш бітімі – ағаш бітімінің қабысуынан екінші класстағы жасының аяғына дейінгі кезең. Бұл орманның ұрпағына жатады - өзі себілгенненөскендер, жаңа өсулер, балақ шыбықтар, олар қабысқаннан кейін шатқал қалыптастырады, яғни өте жиі және толық орман участогі, күтілмейді, I класс жасындағы балаусаға жатады. Ағаштар жылдам жіктелу, биіктікке тез өсу, қарқынды бұтақтанып және жапырақтану кезеңінде жас ағаш бітімі II классқа өтіп сырықтанады.

Ағаштардың жіктелуі саябырлау кезеңі басталады, бірақта өсуі қарқындап сүрекдіңнің қоры көбейіп тұқым беру кезеңі басталады. Ондай ағаш бітімін орта жастағыға жатқызады, яғни III класс басынан пісу жасына дейінгі кезең. Пісіп қалған ағаш бітімі, класс жасымен пісу жасын алдын – алады. Бұл кезеңде ағаштардың шаруашылық және техникалық белгілері анықталып, жақсы өнім беріп, биікке өсуді саябырлатып, диаметрі үлкейуі мен сүрегі жуандауы азаяды. Яғни табиғи сиреу және жіктелу төмендейді.

Пісу жасына келген ағаш бітімінің сандық және сапалық көрсеткіштері белгіленіп шаруашылық мақсаттарына сәйкес болады. Ол кесуге дайын, негізгі ағаш сортименттерінің шығымы мен қоры өте жоғары. Ондай ағаш бітімдерінде дәндердің өнімі өте болуы байқалады. Тұрып қалған ағаш бітімдерінің жасы, пісу кезеңінің басталу уақытынан, екі немесе одан көп жас класстарымен жоғары. Ол уақытта өсу бәсеңдейді, жел сұлатпасы және зақымдану, ауыру әсерімен ағаштар өледі. Ағаш бітімі көп сирейді.

Ағаш бітімінің пайда болу тегі деп қалыптасу жасын айтады. Егер ағаш бітімі дәндер егумен немесе арнайы өсірілген жас ағаш өсімдіктерімен отырғызылып өсірілсе, онда ол қолмен жасаудан пайда болған ағаш бітімі. Егер ағаш бітімі дәндер қонумен немесе өзінен көбейсе, онда оның пайда болуын табиғи дейді. Қолдан жасалатын ағаш бітімдері орман шаруашылығы қарқынды дамитын жерлерде жиі болады. Ал табиғи ағаш бітімдері тұқымдық және балақ шыбықтық болып бөлінеді.

Дәндерден өскен ағаштардан пайда болған ағаш бітімі тұқымдық деп аталады. Тұқымдық жолмен барлық қылтықтық тұқымдар пайда болған, сонымен қатар көптеген жапырақтылар (емен,қайың,көктерек ж.т.б.). Дәннен өскен ағаштардың діңі тік болады.

Түбіртек балақ шыбықтан қалыптасқан ағаш бітімін балақ шыбықтық деп атайды. Балақ шыбықтық ағаштар топтасып өседі, ал діңдері қисық болады. Балақ шыбықтық жолмен жиі жапырақтылар өседі. Мысалы, қайыңдар – түбірден, көктерек – тамыр атпадан,хөке ағаштары – сұлама бұтақтардан.

Ағаш бітімдерін түпкілікті және туынды деп ажыратады. Табиғи жағдайларында қалыптасқан, белгілі орман өсімдіктері жағдайларына сәйкес басымды тұқыммен сипатталатын ағаш бітімін түпкілікті дейді. Адам әрекеттерімен немесе табиғи өзгерістердің әсерімен бұзылған түпкілікті ағаш бітімінің орнында қалыптасқан ағаш бітімін туынды деп атайды. Ол ағаш бітімдері, ереже ретінде, өнімділігімен нашар, төзімділігі және өміршеңдігімен, шаруашылық құндылығымен төмен.

Ағаш бітімінің бонитеті – орманның өсіп және даму сапасын сипаттайтын көрсеткіш, және онымен байланысты - өнімділік. Ол ағаш бітімінің негізгі қатарының орта биіктігі және жасымен анықталып класстарға бөлінеді. Егер ағаш бітімі биік және жас болса, онда орманның бонитет классы мен өнімділігі жоғары болады. Іс жүзінде бонитеттің 7 класстарын (5 негізгі және 2 литерлық) бөліп рим цифрларымен белгілейді (Iа,I,II...Vа), кейбір жағдайларда оларды көбейтеді. Бонитеттің I классы жоғары және жақсы топырақта өсетін, жоғары өнімді орманды сипаттайды. Бонитеттің келесі класстары топырақтың нашарлауын және сүректің саны азайуын көрсетеді. Бонитет классын анықтау үшін арнайы шкалалар дайындалған. Мысалы, дәннен дамыған қарағай ағаш бітімі келесі көрсеткіштермен сипатталады (кесте).


Кесте – бонитет класстарына сәйкес (Орлов және Тюрин бойынша) қарағай өсімдіктерінің биіктігі және жалпы өнімділігі



Жасы,


жыл

Биіктігі, м (алымы), жалпы өнімділігі, м3/га (бөлгіші)



Бонитет классы




I

II

III

IV

V

20

40



60

80

100






9-8

127
17-15

402
23-20

662
27-24

860
30-27

1015



7-6

103
14-13

329
19-17

555
23-21

730
26-24

867



6-5

75
12-10

254
16-14

447
20-17

604
23-20

726



4-3

53
9-8

189
13-11

343
16-14

472
19-16

571



2

33
7-5

125
10-8

249
13-11

350
15-13

427

Ағаш бітімінің толықтығы - өсіп тұрған ағаштардың тығыздық дәрежесі, яғни алып тұрған көлемін қолдануын сипаттайды. Егер тұрған ағаштардың тығыздығы өте жоғары болса, онда ол көлемді ағаштарды араларына орналастыруға болмайды, яғни тығыздығы өте жоғары деп 1,0 белгіленеді. Егер бар ағаштар санына сондай көлемді және санды ағаштар қосу мүмкін болса, онда толықтық 0,5 болады.

Толықтықты бірдің оныншы дәрежесімен белгілейді. Ағаш бітімі 0,8…1,0 толықтықпен өте жоғары толықтыларға жатады, 0,6…0,7 толықтықпен – орташа толықтыларға, 0,3…0,5 толықтықпен – төмен толықтыларға, ал 0,2…0,1 толықтылықпен – сиректерге.

Ағаш бітімінің толықтылығы – мүмкішілігін, өнімділігін, қорды және шаруашылық іс-шараларын анықтауды сипаттайтын маңызды көрсеткіш.

Шымылдықтың қабысуы ағаш тұқымдарының орман шаруашылық қасиеттерімен, ағаш бітімінің бонитет классымен, құрамымен және жасымен, орман өсімдіктері жағдайымен және орман өсу аймағымен байланысты, сондықтан ағаш бітімінің бөрікбасының қабысу дәрежесін анықтайды. Кең бөрікбасын дамытатын ағаштарда шымылдық қабысуы биік болады. Оны бөрікбасының кескінімен анықтайды және бірдің оныншы дәрежесімен белгілейді. Шымылдық қабысуымен толықтықтың мәні мен мағынасы бірдей емес, бірақта екеуінің арасында тығыз қатынас бар. Егер қабысу жоғары болса, онда ағаш бітімінің толықтығы көп болады. Қабысуда да толықтағыдай ағаш бітімінің жоғары қабысқан, орташа қабысқан және төмен қабысқандығын анықтайды, сондықтан ол күтім кесуін жүргізгенде маңызды көрсеткіш болып есептеледі.

Ағаш бітімінің жиілігі – бір көлемдегі ағаштар саны.Бұл көрсеткіш ағаштардың биік және жуан өсуіне, жапырақтануына, бұтақтардан тазаруына әсер етеді.Жиі ағаш бітімінде ағаштардың жапырақсыздануы қарқынды, биіктігі мен диаметрі кіші, бұтақатрдан тазаруы жақсы.Оның ағаш бітімінің толықтығы және қабысуымен айқын байланысы бар. Көлеңкені ұнататын ағаш тұқымдарында (жөке ағашы) перде қабысуы жоғары болады, ал жарық сүйгіштерде (қарағай,қайың) керісінше. Жиілік ағаш бітімініңжасы мен орман өсу жағдайлары өзгеруімен өзгереді. Бонитеттің I классында ең төмен, ал V класста – ең жоғарғы. Ал өсу жағдайлары жақсарса ағаштарда көлемді болып өседі.

Ағаш бітімінің қоры – бір көлемдегі сүректің жалпы саны, әсіресе 1 га. Ағаш бітімінің қоры, маңызды экономикалық көрсеткіш болып есептеледі, өйткені екпе ағаштардың өнімділігін көрсетеді. Ал өнімділік тек ағаш діңінің қоры емес, ол бұтақтар, жапырақтар, тамырлар, сонымен қатар бір көлемдегі жаңа өсулер, майда тоғай, бүркеме дақылдар. Ағаш бітімінің қоры көлемдік дәрежеде (м3), ал өнімділік массасымен (т) есптеледі.

Халық шаруашылығында қолдану көз қарасымен ағаш бітімінің ағаш қорының сапасы ағаш бітімінің тауарлылығы. Ол іскерлік және отындық діңдердің арақатынасымен анықталады, сосын қорды сапалық және сандық категорияларға бөлумен, яғни іскерлік сүрек ірілік және сорттар категорияларымен, шикізат технологиялық өңдеумен, отын, қалдық. Барлық ағаш діңдері тауарлылық класстарға бөлінеді, оның негізі іскерлік сүректің шығымы.

Ағаш бітімінің таксациялық сипаттамасының маңызды көрсеткіштерінің біреуі диаметр, яғни тамыр мойынынан 1,3 м биіктікте немесе кеуденің биіктігінде өсіп тұрған ағаштардың жуандығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет