Оқушылардың әр түрлі категорияларымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында педагогикалық қолдаудың өзіндік өзгешелігі бар екендігін дәлелдеңіз



Дата08.02.2022
өлшемі20,99 Kb.
#124268
Байланысты:
Оқушылардың әр түрлі категорияларымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында педагогикалық қолдаудың өзіндік өзгешелігі бар екендігін дәлелдеңіз
1 ші аралық бақылау 88888, Task 9, Task 9, Task 9, Task 9

Оқушылардың әр түрлі категорияларымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында педагогикалық қолдаудың өзіндік өзгешелігі бар екендігін дәлелдеңіз.
Педагогигалық қолдау әсіресе қорғансыз әрі жараланғыш балаға қиын-қыстау жағдайда көмекке келу үшін қажет. Бұл қолайсыз әлеуметтік жағдайлар мен психологиялық күйзелістен ашық түрде және моральдық қорғау, жамандыққа өз бетімен қарсы тұра білуіне жағдай жасау. Бұл баланың денсаулығына, оқуда алға жылжуына, қарым-қатынастары мен өмірде өзін-өзі таба білуіне байланысты жеке басының проблемаларын шешуге бағытталған алдын алушылық және жедел көмектер. Педагогикалық әрекеттің мәні оқушыға басындағы кедергілерді жоюға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар оны өзінің проблемаларын тани білуге және оны шеше білу әдістерін меңгеруіне көмектесу. Педагогигалық қолдауды жүзеге асыруда өсіп келе жатқан адам бұл қолдауды қабылдауы үшін оны неге үйрету қажеттігін нақты білу өте маңызды. . Педагогикалық қолдау деп балалардың дене және психикалық денсаулығына, қарым-қатынасына, оқуда табысты алға жылжуына, сондай-ақ өмірлік және кәсіби болашағын таңдап ала білуге байланысты жеке басының проблемаларын шешуде кәсіби педагогтардың бірінші болып жедел көмек көрсету әрекетін айтамыз. Педагогигалық қолдау көрсетудің мәні: басқа біреуге сенімділік дарыту; оның бойында бар оң қасиеттерді бекіте түсу; дамуына кедергі келтіретін, ауырлық, жүк болып жүргендерінен арылуға жәрдемдесу.
Проблемалық жағдайда балаға қолдау көрсетудің педагогикалық шарттары:
Сынып жетекшісі өз тәрбиеленушісімен арасында «көмек көрсетушілік қатынас» орнаған жағдайда ғана оның жеке басына байланысты проблемаларын шешуге шынайы көмек көрсете алады. Көмек көрсетушілік қатынастар қалыптастырудың шарттары

1-шарт – баланың өзін проблемаға тап болған адам ретінде сезінуі


Баланың өмірінде өзі жеңуге күші жетпейтіндей қиындықтардың пайда болуы, және бала ол қиындықты менің проблемам деп мойындауы


2-шарт – педагогтың конгруэнттігі


Баламен қарым-қатынасында педагог өзінің кім екенін екенін ұмытпауы тиіс. Бала ересектердің мінез-құлқындағы жалғандықты тез аңғарып, танып қояды. Мұндай жағдайда тиімді педагогигалық қолдау көрсету мүмкін болмайды.


3-шарт – педагогтың балаға түзу көзқарасы


Педагог балаға, оның күші мен қабілетіне шын сенген жағдайда ғана педагог пен тәрбиеленушінің арасында жақын қарым-қатынас орнайды. Мұндай қарым-қатынастың негізі педагогикалық оптимизм болып табылады.


4-шарт – баланың эмпатиялық түсінуі


Педагог пен баланың арасында көмек көрсетушілік қатынас орнауы үшін екеуінде де жаны ашу, есіркеу, ниет білдірушілік сезімдері байқалуы керек.


5-шарт – бала педагогтың конгруэнттігін, қабылдауы мен эмпатиясын сезінуі тиіс


Жоғарыда аталған үш шарттың сақталуы соңғысының сақталуына да көмектеседі




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет