Шығармашылық есеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Утемисова Раушан Бигараевнаның шығармашылық есебі.
Мен Утемисова Раушан бастауыш сынып мұғалімімін, білімім – арнаулы орта. Біліктілігім – бірінші санат. Пед жүктемем – 23 сағат. Менің проблемам: Оқушылардың дамыта оқыту мен тәрбиелеуде оқушыларға әдемі, таза, сауатты жазуға және оқуға тәрбиелеу.
2015-2016 оқу жылында 1 Ә сыныбын қабылдап алдым. Онда 14 -қыз, 12 – ұл бала қабылданды. Барлығы 26 оқушы.
1-қыркүйек күні « Менің Отаным» атты тәрбие сағатын өткіздім. Ондағы мақсатым: Отанды сүюге, рәміздерді қастерлеуге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1-сыныптарға арналған сыйлығымен марапатталды.
Қыркүйек айының ортасында ата-аналар жиналысын өткіздім. Ата-аналармен жақын танысып, ата-аналар комитет төрайымын және мүшелерін сайладық.
Қазан айында ұстаздар мерекесіне арнап сынып сағатын өткіздім.
Қараша айының 23-30 аралығында бастауыш сынып апталығының онкүндігі болды. Әліппе сабағынан «Гг дыбысы мен әрпі» ашық сабақ өттім. Ондағы мақсатым оқушыларға Г г дыбысын таныту. Г дыбысы бар сөздерді дұрыс оқыту, дыбыстық талдау жасауға үйрету, оқушылардың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Әсемдікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Желтоқсан айында «Рахмет саған Әліппем» атты тәрбие сағатын өткіздім. Оқушылар төрт айда алған білімдерін көрсете білді. Тақпақ, ән, әкелерімен би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Желтоқсан айының соңында «Жаңа жыл» мерекесін өткіздік. Оқушылар әр түрлі ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп, тақпақ,өлеңдер,жұмбақтар айтты.
Қаңтар, ақпан айларында сынып сағаттары уақтылы өтілді.
Наурыз айында «Ана – өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбие сағатының мақсаты: аналарды құрметтеу, қадірлеу, сыйлауға тәрбиелеу.
1 «Ә» сынып оқушылары «Қашықтық монопәндік» жарыстарға қатысты.I – II дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олар: Шырынхан Аянат, Дарыбай Қайыржан, Ораз Мөлдір, Шайдуллаева Алтынай, Ержанова Айгүл, Есбосын Раушан.
Сәуір айында бірінші сыныптар арасында «Командалық Интеллектуалды чемпионаты» сайысына қатысып I – II дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олар: Ержанов Айбек, Иманмади Абдурахман, Қуанов Рамазан, Дүймеханова Аянат, Тойлыбай Сұлу.
Мамырдың 13-і күні ана тілі сабағынан «Жайлау» тақырыбына ашық сабақ өттім. Мақсаты: а) Оқушыларға сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы
түсінік беру.Жаттығу жұмыстарын орындату арқылы
білімдерін бекіту.Жайлау туралы түсініктерін пысықтау.
ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту ,сөйлеу тілдерін
дамыту.
б) Үй жануарларын құрметтеуге тәрбиелеу.
2015-2016 оқу жылының соңында 1 «Ә» сынып оқушылары төмендегідей пайызбен оқу жылын аяқтады.
Оқушы саны – 25
Үздік – 5
Екпінді – 9
Қанағаттанарлық – 10
Сапа – 60%
Үлгерімі – 100%
Достарыңызбен бөлісу: |