Сабақтың тақырыбы: Мен анама көмектесемін Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 4 сынып



Дата22.08.2017
өлшемі84,06 Kb.
#24701
түріСабақ

Мұғалімнің аты-жөні:

№61 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

ДОСАЕВА САУЛЕ КАДЕНОВНА


Сабақтың тақырыбы:

Мен анама көмектесемін

Пәні:

қазақ тілі

Сыныбы:

4 сынып

Мақсаты:

Оқушылар ана ардақты есім, мейірімі шексіз жан, аналарды құрметтеу, анамызға көмектесу деген ұғымдарды меңгерте отырып, оларды топтық жұмыс барысында қолдану арқылы өз ойларын білдіруге, ынтымақтаса оқуға машықтанады.

Сабақ міндеттері:

1.Оқушылар өздерінде бар ақпарат ресурстарына сүйене отырып,тақырып бойынша білім-біліктілігін диалогтік оқыту арқылы жетілдіреді.

2. Оқушылардың тақырып көлемінде өз ойларын білдіру, жұптық, топтық жұмыс барысында жағдаяттық сұрақтарға бірлесе отырып шешім қабылдау, өзгенің пікірін тыңдау және өз пікірін жеткізу дағдылары дамиды.

3. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру арқылы анаға көмектесуге, оны құрметтеп сыйлай білуге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиеленуге дағдыланады.


Сабақ қадамдары:

1.Жаңа сабақты игеру;

2.Тұжырымды ой айту;



Күтілетін нәтиже:

1. Топтық жұмыс барысында оқушылар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз ойларын айта алады. Бірлесе отырып, ортақ шешім қабылдайды.

2.Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды.

3.Топтық жұмыс барысында оқушылардың бір-бірін оқыту дағдылары артады.


Тапсырмалар:

Блум таксономиясына құрылған тапсырмалар.

Түйінді идея:

Нақты ойлау арқылы ой қорыту.

Сабақ түрі:

Жаңа сабақ

Сабақ әдісі:

Көбелек ойыны, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары: миға шабуыл, ой шақыру, диалогтік оқыту, жұптық, топтық жұмыс, ой толғаныс, кері байланыс.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, үлестірмелі парақша, кестелер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі;

ІІ.Үй тапсырмасы;

III.Жаңа сабақ;

IY. Блум таксономиясына құрылған тапсырмалар;

Ү. Рефлексия.

Yi. Үйге тапсырма

 

 


Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің рөлі

Қолданған модульдер:

Оқушының рөлі

Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылармен сәлемдесу.

- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Көбелек» ойыны

Таңертең көбелек оянды, тартылды,

Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алады,

Азғана айналып, барлығына күліп,

Қайта гүліне оралды.

Мақсаты: эмоциялық күйзелістерін түсіру, топта еркін ахуалды туғызу,

топтағы қарым-қатынасты жақсарту

Оқушыларды қызыл, жасыл, сары түрлі-түсті қағаз қиындыларын тарату арқылы топқа бөлу.

Әр топ өздеріне ат қояды және таныстырады.

Оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасайды.

Топ басшысы сайланады.

Өзін өзі бағалау әдісі бойынша өр тапсырмаға өз тобы және мұғалім формативті баға береді.Сабақтың соңында жиынтық ортақ баға қойылады.

Оқушыларға бағалау парақтары таратылады.




Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылардың топтағы қарым-қатынасын жақсарту



Оқушылар-

дың белсенділігі артады


Үй жұмысын тексеру


Үй тапсырмасы

1-тапсырма. «Миға щабуыл»

Оқушылар топпен бірге «Менің бөлмем» тақырыбында сызбаны толтырады.




Оқушылардың қызығушылығын ояту

Миға шабуыл әдісі арқылы өткен материалды еске түсіреді, қорытындылайды.



Жаңа сабақ


Түсіну

Қолдану

Талдау

Синтез


Бағалау

Кері байланыс



«Ассоциативті қатар»

2-тапсырма

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау тәсілін қолдана отырып, «Аналар» деген презентацияны көрсету арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.Оқушылар презентацияны көре отырып, ондағы басты тақырып ана тақырыбында және бізді жарық дүниеге әкелген ананың мейірімі, жалпы баланың анаға сүйіспеншілігі, оған сый-құрметпен қарау керектігі туралы өз пікірлерін білдіреді. Жаңа сабақтың «Мен анама көмектесемін» деген тақырыбы оқушылармен анықталады.



Бұл жұмыс түрінің мақсаты:

оқушы мен мұғалімге

ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субьекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.
3-тапсырма

«Мен кімге көмектесемін?» деген сұрақты қоя отырып, оқушыларға кластер толтырту.

Мен анама көмектесемін.

Мен әкеме көмектесемін.

Мен атама көмектесемін.

Мен әжеме көмектесемін.

Мен ағама көмектесемін.

Мен әпкеме көмектесемін.

Мен ініме көмектесемін.

Мен қарындасыма, сіңліме көмектесемін.

Толтырған кластерлерін тақтаға апарып іледі.

4-тапсырма

ЖИГСО стратегиясын қолдана отырып, оқушыларға 3 түрлі мәтін таратылады. Топтағы талантты және дарынды оқушылар немесе топ басшысы топ мүшелеріне мәтіннің мазмұнын түсіндіреді.



1 топқа арналған мәтін:

Мен үйде анама көмектесемін. Мен үй жинаймын. Мен гүлдерге су құямын. Еденді жуамын. Мен анамды жақсы көремін.



2 топқа арналған мәтін:

Мен ас үйде анама көмектесемін. Дәмді тамақ пісіремін. Дастарқан жасап, шанышқы, пышақ, қасық қоямын. Ыдыс-аяқтарды жуамын.



3 топқа арналған мәтін:

Бүгін күн жексенбі. Анам екеуміз базарға бардық. Уйге азық-түлік сатып алдық. Мен анама көмектестім.




5-тапсырма

Оқушылар таратылған мәтіннің мазмұнын түсінгеннен кейін өз топтарында мәтін ішіндегі етістіктерді тауып, оны жіктейді.

Етістіктер: көмектесемін, жинаймын,   пісіремін, жуамын,   барамын, сатып аламын.  
6-тапсырма. Ой толғаныс «Ана- қымбат жан»

«Жұлдыздар аллеясы».

Әр топтан бір оқушыдан шығып, «Ана- қымбат жан» тақырыбында ой қозғайды. Тақырыпты топпен бірге ақылдасып, топтың атынан бір оқушы шығып, қорғайды.

Сабақ соңында оқушы өзін өзі бағалайды.Талантты және дарынды баланы  пайдаланып  топты бағалау парағы арқылы бағалатамын. Формативті бағалау негізінде сабақ соңында жиынтық баға шығарамын.
Үй тапсырмасы:

Шығармашылық жұмыс: «Анамызға көмек көрсету» тақырыбында қысқа мәтін және сурет салып келу.



Рефлексия

«Майшам» ойыны арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан нені білді, не қызықты болғанын бір-бірлеріне шамды беру арқылы ойларын айтып шығады.       
Мұғалім сөзі:

Жалпы сабаққа белсене қатыстыңдар. Маған сендердің ұйымшылдықтарың, белсенділіктерің, тапқырлықтарың ұнады. Сабаққа қатысқандарыңа рахмет, сәттілік тілеймін.

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану

Мұғалім жұмыстарын тексеріп жүреді

Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету


Көшбасшыны анықтау

Ой толғаныс

Оқушылардың өз-өздерін бағалағаннан кейін, мұғалім жиынтық баға шығарады.

Мұғалім кері байланыс жасайды

Оқушылар жаңа тақырыпты ашу үшін сыни тұрғыдан ойланды.

 

Топтық жұмыс барысында дарынды оқушы белсенділік танытады



Бір-бірін оқытады,бір

лесіп ойланады,талдайды, ортақ шешімге келеді.


Қандай да болмасын

проблеманы шешу үшін

өз білімдерін

шығармашылықпен

қолданады.

Оқущылар өзара бағалайды.

«Майшам » ойыны арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін майшамды бір-біріне беру арқылы айтып шығады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет