« Қарым- қатынас» тренинг сабағы
Мақсаты : Оқушылардың бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа , достыққа , шындыққа , тәрбиелікке үйрету.
I Сәлемдесу.
Менің тренингтік есімім.
Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады. Жүргізуші оқушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап,қортындылай келе тренин сабақтың ережесін түсіндіреді.
ЕРЕЖЕ:
1. Құпиялылық
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз
3. Белсенді боламыз
4. Бір-бірімізге ренжімейміз
5. «қазір» және «осында» принціпі
«Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы
Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек. Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек. "
II Ұқсастық шегі ." жаттығуы
Шарты : Қатысушылар жұптасып отырады , А 4 қағаз беті және қалам қажет . Жанындағы жұбына қарап , ұқсастықты тауып , " Біздің ұқсастығымыз ." деп А 4 қағаз бетіне жазады . Ұқсастық табу үшін 4 мин уақыт беріледі . Жаттығуды орындағаннан кейін , жұп бір – бірінің жазған ұқсастығын оқып ,өз ойларын айтады .
III «Пульс" ойыны
Дөңгеленіп отырамыз . Қатысушылар бір – бірінің қолынан ұстайды . Бір ойыншы ортаға шығады . Жүргізуші " басталды " деген белгі бергенде ойыншылар кезекпен қолдарын қысады . Ортадағы ойыншы пульстың қайда кетіп бара жатқанын табу қажет . Жүргізуші "тоқта "деген белгі береді.
«Қатып қалу »жаттығуы. Топтың бір мүшесі қозғалыссыз бір қалыпты қатып қалуы тиіс. «Реаниматордың»мақсаты оның рөлінде топ мүшелерінің бірі болады «тірілту» бұл адамды еріту болып табылады. Бұл үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады мимика, көзқарас, сөздер және т.б ескеретін жайт «қатып қалған» адамға қол тигізбеуі тиіс. Сәтті жұмыстың белгілері- «қатып қалғанның» еріксіз күлкісі және т.б болады.Содан кейін ортаға басқа біреу шығып, қатып қалады да жаңа «реаниматор» оны тірілтеді, бұл әрекет ары қарай жалғаса береді.
IV «Суретті аяқта» жаттығуы
Оқушыларға алдын ала даярлаған плакатта немесе тақтада бір нүкте салынады. Оқушылар кезек -кезек шығып,сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап ,әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.
V «Менің құндылықтарым» жаттығуы
Біз көптеген асыл қасиеттерді табиғат иелерінен де үлгі қыла алмыз. Мысалы: Ара, құмырсқа, көбелек, құстар. Осылардың ішіндегі араға тоқталайықшы. Олар өте еңбекқор, ынтымақшыл, қайырымды. Адамдар да сол сияқты әр түрлі жақсы қасиеттерді игерген, ал қазір жағымды қарым қатынас орнату үшін адамға қандай қасиеттер мен біліктілік қажет екенін айтыңдаршы! Барлығының ойын тыңдап қортынды жасалады. Қоштасу Бір-бір бетке қатысушы балалардың аты-жөні жазылады. Сол бетке кез келген бала сол балаға тілектерін және не сыйлайтынын мысалы: «Қанат мен саған үлкен бақыт сыйлаймын немесе саған ашық мінез сыйлаймын!» деп жазуы керек.
VІ Рефлекция
Тренингтан алған әсерлерін жеткіху
« Қарым- қатынас» тренинг сабағы
Мақсаты : Оқушылардың бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа , достыққа , шындыққа , тәрбиелікке үйрету.
I Сәлемдесу.
Балалар сәлемдеседі. Өздерінің атын атап, өз бойларында жақсы қасиеттерін атап шығады. Сосын балалар 5 түрлі ережелермен таныстырылып шықты.
«Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы
Балалар үштен бөлінді. Балалардың екеуі шатыр, ал біреулері адам болды. Балаларға «адамдар» деген команда берілгенде, шатыр астындағы адамдар орын ауыстырды. Ал «жер сілкінісі» деген команда берілгенде барлығы орын ауыстырды.
II Ұқсастық шегі ." жаттығуы
Балалар өз орындарына жайғасып, оларға қағаз таратылды. Қағазға жанындағы көршісімен ұқсастықтарын тауып, қағазға жазды. Қағаздағы ұқсастықтарды балалар тұрып, кезектерімен оқып шықты.
III «Пульс" ойыны
Балалар дөңгеленіп отырды. Қатысушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, " басталды " деген белгі берілгенде, балалар кезекпен бі-бірінің қолдарын қысады. Ортадағы ойыншы пульс кімде екенін табуы қажет болатын. "Тоқта " белгісі берілгенде балалардың біреуі «Қатып қалу »жаттығуын орындады. «Реаниматор» қатып қалған баланы тірілту үшін түрлі мимкаларды, іс-әрекеттерді қолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |