Мектеп: Мерзiмі



Дата07.09.2020
өлшемі398,59 Kb.
#77534
түріСабақ


Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп:

Мерзiмі: 21.04.2020

Тақырып: Денсаулыққа апарар жол

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ақниеттілік, саналылық, сергектік, тазалық

Мұғалiм: Кольчубеева З.

Сынып: 1


Сабақ мақсаты: оқушылаға адамның жаны мен тәнінің үйлесімділігі туалы түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға жан саулығын ұғындыру арқылы ақниеттілік туралы түсінік беру.

- оқушыларды жан тазалығына мән беруге үйрету арқылы саналылық қасиетін дамыту..

- оқушыларды жан мен тән сұлулығын дамытуда ақниеттілік, саналылық, сергектік қасиеттеріне тәрбиелеу.



Ресурсы: суреттер,

Компьютер,интерактивті тақта

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Балалар сабағымызды бастамас бұрын “Менің көңіл-күйім” тренингін жасайық.

Мысалы: Менің көңіл-күйім тамаша!


Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жаны саудың – тәні сау»

халық мақалы

- Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?



Денсаулық – баға жетпес байлық. Ниеті түзу, ойы таза адамның денсаулығы жақсы болады.Денсаулығың жақсы болу үшін денені шынықтыру керек. Ол үшін уақытыңды, күшжігеріңді аямай жұмсау керек. Денсаулықты күте білсең, ұзақ өмір сүресің. Жанның саулығы тәнді сұлуландырады.




3. Әңгiмелеу

«Өсиет әңгіме» әңгіменің мәнің ашу.

Сұрақтар:

  • Қарттың жаны мен тәнінің саулығының сыры неде деп ойлайсыңдар?

  • Қарт неліктен бірінші орынға ой – сана тазалығын қойды?

Өздерің ой – сананы тазарту үшін не істеп жүрсіңдер?

4. Сергіту сәті

Бейнероликке қарап бой жазып алайық !

Өте тамаша балалар ал,енді отырыңыздар!?

5. Мұғалімнің сыйы

«Алтын бала»

- Күләш апай ас дайындап жүр. Тамақтың қамырын жаймақ боп дайындаған суының тұзын көрдi де, қабағын шытты:

Қап, ұмытып кетiппiн-ау... Зәукен, тез Нағима апаңның үйiнен тұз әкеле қойшы!..

Зәукен «жарайды» деп, тұра жөнелдi. Күләш апай қамырын илей алмай тосып отыр. Зәукен келмедi. Әрi күттi, берi күттi. Ақыры шыдамы таусылды.

- Әлгi жүгермек қайда жоғалып кеттi? – деп далаға шығып едi, масаттанып келе жатқан ұлына ұшырасты. – Тұз қайда?!

– Апатай, ұмытып кетiппiн... – дедi де, қайта жүгiрдi. Екеуiнiң сөзiн естiген Бейсен Ақсақал дәуiрлеп қоя бердi:

– Зәукенге кейiме, келiн! Ол азамат болады. Оны кешiктiрген мен едiм. Үш-төрт күннен берi радиомыз сөйлемей қалған. Бала-шағаға «сендер бүлдiрдiңдер» деп кейiп жатыр едiм. Зәукен жетiп келдi. «Радионың ұстасы қайда?» деп сұрадым. Ол: «Мен жөндеймiн» дедi. «Қой, бұзып аласың» деп сенбеп едiм, ол радионы айналдыра қарады да: «Жөндеуге болады, ата. Мен осыны жөндейтiн үйiрмеге қатысамын» дедi. Рационың қобдиын ашып көрдi. Жiңiшке қызыл сымды бiр бұрандаға қосып бекiтiп едi, радиом саңқылдай жөнелдi. Ой, азамат екен өзi!..

– Зәукендей бала жоқ, алтын бала! Өмiрi ұзақ болсын! – деп Нағима апай да, ақ тiлеуiн айтып жатыр. – Кеше су ала алмай жатыр ем, жүгiрiп келiп су алып, үйге жеткiзiп бердi.

Күләш апайдың көңiлi судай тасыды. Қуанышы қойнына сыймай, шаруасы есiнен шығып кеттi.

– Неге келiп ем, осы? – деп сасқалақтады.

– Тұзға! – дедi Зәукен қолындағы тұзды шешесiне ұсынып.
6. Бейнеролик

Бұл бейнеролик арқылы балалар қалай дұрыс тамақтану керек екені жайында мәлімет алады.



ttps://youtu.be/OXrR2xzr_5Y

https://youtu.be/CyFVKd6Bcdw


7. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

  • Денсаулық тақырыбына сурет салу.


Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі суретті бояңдар.







8. Хормен тақпақ айту

Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

-Балаларға жатқа айтқызу.




Көрнекіліктер







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет