Тәрбиеші: Балалар біз бір ойын ойнсақ қалай қарайсыңдар?
Ойынымыздың аты «Көже,сусын дайындау»деп аталады.
Олай болса,мен сендерді ойын шартымен таныстырып кетейін.
Алдарыңда көже мен сусын дайындауға арналған ыдыстардың суреті тұр. Сендер көжеге не қосатынын білесіңдер ме?Қане естеріңе түсіріп,көже мен сусынға қосатын дәрумендердің суретін тауып жапсырып шығыңдар.
-Жарайсыңдар,балалар.Өте тамаша орындап шықтыңдар.
Балалар,біздің денсаулығымыз мықты болу үшін дәрумендерді қабылдаумен бірге дене қозғалысына мән беруді естен шығармауымыз керек. Ендеше қане,барлығымыз бірге денемізді қыздырып,сергіту жаттығуын жасап алайық.
Сергіту сәті:
Аяқпенен топ-топ-топ
Ал қолменен хлоп-хлоп
Бір оңға,бір солға
Айналайық кел мында
Қолымызды бір сілтеп
Басымызды шайқайық
Бір оңға,бір солға,
Секірейік кел мында.
Жарайсыңдар,ал енді балалар менің сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.Сендер ойланып,тауып көріңдер.
Жұмбақтар:
.Бұйра шашы желменен ойнап тұрады,
Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады.
Бұл не?
-Иә,дұрыс айтасыңдар.Бұл сәбіз.
*Әрі қызыл,әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты.
Қане ойланайық?
-Өте тамаша.Бұл алма екен.
Балалар,сендер білесіңдер ме,сәбіз бен алма тіске өте пайдалы екен.Тістерің мықты,сау болады.Тіске күтім жасау керек.Ол үшін мына ережені ұстану қажет:
1.Тісті екі рет жуу керек.Таңертең және кешке
2.Тіс дәрігеріне жылына екі рет тексерілу қажет
3.Тәттіні көп жемеу керек
4.Қатты заттарды тіспен шақпау керек
5.Әр адамның жеке тіс жуатын щеткасы болу қажет
Тістің негізгі қызмеі-тамақты шайнау.Сондықтан тісті тамақтан соң тазалап,жуып тұру керек.Ендеше балалар,сендермен тағы бір ойын ойнап көрсек.Ойынымыздың аты «Сау тістер»
Сендерге шартын түсіндіре кетейін.
Тіске пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратып,орналастыру керек.
-Жарайсыңдар,балалар.Өте керемет орындадыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |