Қосымшаны әдебиеттерді жөнде!!! Мүмкін болса 2015-2020 жж. әдебиеттер қосу керек


Профильдік колледждердегі сәндік қолданбалы өнер сабақтарында білімгерлердің көркемдік іс-әрекетін инновациалық технологиялар арқылы дамыту



бет16/36
Дата21.04.2022
өлшемі1,36 Mb.
#140227
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
ИнкарБ.Профильдік колледж.30.05.2020.02.06.
тестер каз 2020, № 1 Көне түркі жазбалары –баға жетпес құнды байлық
1.2 Профильдік колледждердегі сәндік қолданбалы өнер сабақтарында білімгерлердің көркемдік іс-әрекетін инновациалық технологиялар арқылы дамыту
Қазақ халқының ұлттық қолөнері мен сәндік қолданбалы өнері түрлерін бүгінгі жаһандық дәуір талаптарына сай оқыту, осы өнер түрлерінен білімгерлердің іс-әрекет, машықтарын, әдет-дағдыларын қалыптастырып жас буындарды, халқымыздың бай рухани және материалдық мұраларымен, тарихи жәдігерлерімен таныстырып ұлттық мәдениетке баулитындығы ғылыми әдебиеттерден белгілі.
Оқу барысында білімгерлер сәндік-қолданбалы қолөнерінің түрлі бұйымдарын өз шеберлігі мен шығармашылығы деңгейінде жасайды. Оның әр-түрлі техникалық, технологиялық әдіс-тәсілдерін меңгереді. Бұл жұмыста осы өнер түрінде жұмыс орындауды ұйымдастыруды реті, оған қажет техникалық құрал-жабдықтар, материалдар, орындау әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылып шығармашылық бейімділік тлаптары орын алады. Тәлімгерлер ұлтымыздың салт-дәстүріне тән бұйымдарды жасау әдіс-тәсілдерімен қатар, олардың теориялық, технологиялық негіздерін де үйренеді. Сондай-ақ жаңа өнер түрлерімен де танысып оның орындалу тәсілдерін меңгереді. «Еңбектің политехникалық, экономикалық және экологиялық аспектілеріне, ақпараттық және жоғары технологиялармен танысуға, жұмыстардың сапалы орындалуына, өзіндік білім алуға дайындауға жеткілікті көңіл аударылғанда ғана көзделген мақсаттарға жетуге болады» [27,3б].
Қалыптасқан педагогикалық ілімді түбірімен қайта қарастыру саралаудың қажеттілігі барма? Инновациялық технологиялар, біздің педагогика деп түсінетін дүниемізді үнемі жаңыртып отыруды талап етеме? деген сұрақтар туындайды.Білім берудегі ойлау дәстүрінің белгілі бір орныққан жүйесі бар. Біздің студенттерге сапалы білім беру жөніндегі түсінігіміздің қалайша өзгерту қажет екені турасында әлі ешкім қисынды нұсқаулық жасай алған жоқ. XXI ғасырда студенттерді оқыту процесін түбегейлі өзгертетін технологиялар мәселесі бойынша талпыныстарға қатысты жаңалық ашушылардың тарапынан кейбір оғаш мәлімдемелердің болғаны рас, алайда олар қалыптасқан ұстанымдардың теориялық негіздерін түбегейлі теріске шығара алмады. Педагогиканы қалыптасқан дәстүрге сай, білім алушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты бағыт-бағдар беретін ғылым саласы ретінде білеміз.Мұндағы басты міндет-түрлі технолгиялардың көмегімен қолданылатын амал-тәсілдері бейімделу емес, осы технологияны қолдану арқылы сәндік қол өнер саласын дамыту. Педагогика оқыту технолгияларымен тығыз байланысты болғандықтан, олардың дамуына орай, әлбетте, педагогикалық орта мен әдіс тәсілдер де өзгереді.
Оқу орындарында оқытудағы оқыту технологияларының алуан түрлілігі білім алудың жаңа тәсілдерін құруға мүмкіндік беріп отыр. Цифрлық технологиялар оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым–қатынастарды басқа техникалық тәсілдік түрде қалыптастыра бастады. Соған байланысты сәндік қолөнерін оқыту әдістемесінің стилі мен мазмұнын қайта қарастыру қажеттігі туындайды, себебі цифрлық дәуір бізге жаңа технологиялық сын тегеуріндерінде қарсы қойып отыр. Цифрлық ақпарат пен коммуникациялық дәуірде сәндік қолөнерін оқыту әдістемесін қайта зерделей отырып, осы пәннің қандай да бір жаңа қырын немесе саласын ойлап табуды мақсат етпейміз; біз осы пәнді түгелдей жаңа контексте, жаңа технологиялық мақсаттарға сай қайта түсінуге тырысамыз. Өз тиімділігін дәлелдеп шыққан цифрлық жаңалықтарды қолдана отырып, цифрлық технологиялар әдеттегі нормаларды бұзып болжамдардың жаңа белестерін көрсетіп, жаңа пәндер мен кәсіптерді енгізіп, білім алу қызметінің мүлде жаңа формаларын енгізу қажеттілігі туындап отырғанда, осы мәелені ескеріп жаңа оқыту технологияларын қолдану жолдарын анықтау маңызды. Өнер мектептеріндегі білім сапасы жалпы өнер саласындағы білім беру жүйесінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда оқытудың жаңа әдістерін іздеу жұмыстары жүргізілуде және дәстүрлі түрде талданады. Білім алушылар үшін қандай оқыту әдістері ең тиімді және бүгінгі күннің талаптарына сәйкес келетінін анықтау мақсатында төменгідей мәселелерді талдап қарастырамыз.
Зерттеу барысында біз жаңа инновацияларға байланысты мынадай түсініктерді талдап алуымыз қажет «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «жаңа педагогикалық технология», «жаңаша педагогикалық технология». Осы терминдерінің мағынасын түсініп, зерттеу жұмысымызға қажетіліктерін анықтап алдық. Педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгіртсек «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені байқалады: - өндіріс құралдары түрлері; - жұмыс, қызмет орындағанда қолданылатын тәсілдер.
Оқытудың дәстүрлі әдістерін талдай отырып, келесілерді атап өтуге болады. Әрбір технология қолданатын дидактикалық принциптер мен жалпыға танылған оқыту әдістерінің негізі мен нақтылы мазмұнын құрайды. Кәсіптік колледж студенттеріне сабақ беру тәсілдерінің бірден бір жақсы әдісі әңгімелесу, оқу дискуссиясы мен қатар көрнекі техникалық, модельдік тәжірибе болып табылады. Сәндік қолданбалы өнер туындыларын интерактивті тақта арқылы яғни (АҚТ), кітаппен жұмыс, демонстрация, бейне әдісі, сонымен қатар бүгінгі интернет желісі арқылы дайындық тапсырмаларын жаңа формада дайындаған дұрыс. Қазіргі студенттерді өздері оқып жатқан мамандықтарға қызығушылықтарын арттыруда, тәлімгерге көп жағдайлар байланысты, егер ол жақсы дайындалып өз пәнін тереңдетіп, бар ынтаммен беретін болса, олардың болашаққа деген жарқын көз қарасын аша біледі деп ойлаймыз. Білімгелер өздері алдағы айтылған әдістер бойынша көріп білгендерін практикалық әдіс, жаттығу арқылы кері байланыспен нәтиже бере алады. Шығармашылық сипаттағы жаттығулар орындай біледі. Осының нәтижесінде қолөнері туындыларын ннновациялық технология арқылы жасау ынтасы артып өздеріне мақсат қоя отырып білім негіздерін игереді. Тәжірибе барсында оқу нәтижелерін бақылап, студенттердің белгілі бір нәтижеге жету кезінде түрлі тәсілдер қолдануға ізденіс жасайтынын байқадық.
Инновациялар (анг.innovation-жаңалық) ішкі жүйенің өзгеруі. Инновациялар педагогикалық жүйедегі оқу-тәрбие үдерісінің барысы мен нәтижелерін жақсартатын жаңашылдықтарды білдіреді. Инновация өзінің меншікті ресурстары (резервтері) есебінен жүзеге асырылатын жаңалықты білдіреді. Демек, сырттан келетін барлық нәрсе– инновация емес. Педагогикалық жүйені жетілдіру екі жол мен бағыттарда реттеліп көрсетіледі: қарқынды және экстенсивті. Қарқынды - ішкі резервтер есебінен дамуды көздейді, ал экстенсивті құрал-жабдыққа, технологияларға, капитал салымдарына жаңа қаражат тартуға негізделеді және т.б. Қарқынды даму мүмкіндіктері оқу жүйесінің барлық жұмыс істеу кезеңінде толық сыналды деп саналады. Инновацияларға қандай зерттеу мәселелері ұшырайды? Әрине, бұл оқу мотивациясын арттыру, оқу материалының үлгерімін арттыру, уақыт шығынын жою. Егер заманауи инновациялық әдістерді осы қырынан қарайтын болсақ, онда оларда жаңа ештеңе жоқ.
Дамудың психологиялық процестері, бұрын пайдаланылмаған теориялық тәсілдер, жоғары нәтижелері бар нақты технологиялар, жаңа білімде пайда болатын идеялар мен әдістерді ғана инновациялық жаңалық деп тануға болады. Барлық инновациялық жобалар мен технологиялар, жұмыс әдістері "белгілі немесе белгісіз" принципі бойынша, сондай – ақ педагогикалық практикада "болған жоқ" принципі бойынша іріктеуден өтуі тиіс.Оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері тұрақты өзара байланыста болуы және бір-бірін толықтыруы маңызды. Тәжірибе көрсеткендей, әмбебап әдістер жоқ, оқу іс-әрекеті барысында оқу жұмысының түрлі әдістері қолданылуы тиіс. Бұл екі ұғым бір деңгейде болуы керек. Әлемдік зерттеулердің нәтижелері бойынша автоматтандыру қаупі төніп тұр, шамасы, келесі екі он жылдықтың ішінде-ақ мұндай сипатқа ие болатын мамандықтар ауқымы әлдеқайда кеңейетін сыңайлы. Олардың жойылу қарқыны алдыңғы индустриялық революция­ларға қарағанда еңбек нарығындағы ығысу процесінен әлде­қайда жыл­дамдайды деп айтылады. Одан бөлек, еңбек нарығында кереғарлықтың асқыну үрдісі етек алуда. Жұмыспен қамту–жоғары табысты когнитивті (cognitive), шығармашылық мамандықтарда, табысы төмен қол еңбегінде артады. Ал ол орташа табысты бірқалыпты стандартты мамандықтарда анағұрлым төмендейді деп ойлаймыз. “Бір қызығы, мұндай ауыстырулардың еңбек ресурстарынан өзгешеленетін алгоритмдердің, роботтар мен басқа да активтердің мүмкіндіктерінің артуына ғана байланысты емес екенін атап айтқан жөн.”[28]. деген пікірлерге сенер болсақ, бұл басқа елдерде қаралып жатқан мәселе, бірақ біз бұл бағытты алмаймыз, тек қол өнермен айналысамыз деген шешімге келетін болсақ, әлемдік ағымға тендецияға үлегермей қалатыныда бар. Осыдан туындайтыны экономикада, өндірістік кәсіпте цифрландыру болып жатқандықтан, Қазақстан қол өнеріне де инновациялық технология түбегейлі өзгерістер қажет деген тұжырымға келеміз. Себебі маман даярлауда әлемдік нарыққа керекті мамандық шығаруға тиістіміз. Қазіргі таңда көптеген салалар шет елдердің көмегімен ғана нарықта тұрғанымыз өте өкінішті. 3D принтерде қажетті нәрселерді жасау үшінде, оны басқа елдің мамандарынан сатып алуға мәжбүрміз. Профильдік колледждердегі осы жәйіттерді ескеру арқылы жаңа инновациялық технологиялар қолдану арқылы оқытып жаңа тұрпатты мамандар шығарумыз қажет. Әрине қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы өнері өз алдына біздің қазынамыз, байлығымыз, тарихымыз оның орнын ештеңе басуы мүмкін емес. Сәндік қолданбалы өнер шығармашылық бағыттағы өнердің алды болып қалмақ. Сондықтан сәндік қолданбалы өнерді туындап отырған жаһандық өзгерістерге байланысты шығармашылық бағыттағы оның орындалу техникалық, технологиялық тәсілдерін жаңа педагогикалық инновациялық әдістермен оқыту қажеттілігі туындап отыр.
Кейбір ағылшын ғалымдары «Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс», - деп тұжырым жасайды. Ал, өткен кезеңде орыс ғалымдары Денпрова В.И., Золвязинский, Лазареваның еңбектерінде «инновация» ұғымы туындады. Бұл ғалымдар «инновация» ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деген түсінік береді. М.М.Поташник, А.С.Лоренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде (яғни, жаңа әдіс, жаңа технология) қарастырып ал, «иновацияны» осы тәсілдерді меңгеру деп көрсетеді.
«Инновация» ұғымын алғаш рет ұлттық педагогикамызда қазақ тілінде дәлелді түрде анықтаған профессор Немеребай Нұрахметов. Ғалым «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» - деген анықтама мен практикада қолдану қажеттігін айтады.
Ұлттық педагогикада инновация ұғымының қазақша аудармаларын жасаған, Қ.Құдайбергенова оны қолдану жолдарын да көрсетеді.
Осы мәселелерге байланысты сәндік қолөнері пәндерін оқыту процесінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану пәннің өнертанымдық, көркем шығармашылық үрдісіне негізделіп отыруы тиіс. Сәндік қолданбалы қолөнерінің шығармашылық табиғаты мен көркем педагогиканың танымдық шарттары жаңа технологияларды қолдануға мол мүмкіндіктер туғызып отырады. Сәндік қолданбалы қолөнерін оқытудағы жаңа технологиялардың дидактикалық маңызы мен ерекшеліктері төменгідей қарастырылады:
- сәндік қолданбалы қолөнерін оқытуда жаңа технологиялар қолдану білімгерлердің шығармашылық ой-қиялына, техникалық орындау әрекетіне күш түсіретін міндеттерді, қызықты тапсырмаларды қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді;
- сәндік қолданбалы қолөнерінде көркемдік бағытта қолданылған оқыту технологиялары білімгерлердің мәдени дүниетанымын қалыптастырады;
- сәндік қолданбалы қолөнеріндегі көркемдік мәндегі технологиялар білімгерлердің бейнелік зейінін тұрақтандырады, есте сақтауын іс-әрекетке икемділігін, шығармашылық қабілетін дамытады;
- сәндік қолданбалы қолөнерінде практикалық жұмыс мазмұнына сай қолданылған технология қолөнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертуге, пішінді, сұлулықты сезінуге, көркемдік талғамды арттыруға ықпал етеді;
Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі деңгейде түсініп, өз анықтамаларын береді:

  1. жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі.

  2. өзгеріс.

  3. Құрал, әдіс.

Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісін мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруы, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» деп өз түсініктері мен тұжырымдарын береді. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі мағына мен пайымдау арқылы анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсініріледі.
Ал А.И.Кочетков өз зерттеулерінде «инновация» ұғымына төмендегідей анықтама береді: «Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы».
Н.Нұрмағанбетов «Инновация» білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырылып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге немесе жікке бөледі:
1) жеке түрі;
2) модульдік түрі;
3) жүйелі түрі.
Ал жалпы педагогикада инновацияны модификациялық комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі:
Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен, түрлендіру тәсілдерімен айналысу. Комбинаторлық инновация – жаңа, бұрын қолданыста болмаған, белгілі немесе жаңа әдістеме элементтерін өзіндік жаңаша құрау. Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу мен мемлекеттік заңдылықтарға тән негіздегі жаңашылдықтар жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастыратындығы белгілі.
Педагогикалық жүйе құрылымын кей ғалымдар (И.П.Подласый, В.П.Беспалько, т.б.) оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы тәрбие мақсаты, тәрбие мазмұны, тәрбие үрдісі мұғалімдер тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың түрлі жаңашыл формалары түрінде қарастырады.
К.Ангеловский, М.Поташник, В.Я.Ляудие т.б. ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабілеттілігі мен икемділігіне ерекше көңіл бөліп жаңа тосын бағытта талдайды. Авторлардың көбі педагогикалық инновациялық негізгі міндетті енгізіп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу, шоғырландырып топтау синтездік талдау деп өз дәлелдерін ортаға салады.
О.Т.Хонерин инновацияны мынандай түрлерге жіктейді:

  1. модификациялы, яғни жаңашыл бағыттағы педагогтардың ізденістері негізінде жаңаша идеяларынан туындаған инновация. Олар педагог ғалымдар И.В.Волков, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов;

  2. комбинаторлы, түрлі жағдайлардағы өзгермелі ауыстырулар;

  3. радикалды, иннвациялық жолмен оқытудың модельдері, колледж, гимназия, лицей сынды дәстүрлі мектептерге альтернативтер мен нақты тәсілдер.

Біздің түсінігімізде көркем білім мен тәрбиенің жаңа оқыту технологиялары өнері түрлері мен оқылатын пәннің білім мазмұны мен дүниетанымдық шығармашылық табиғатына қарай түрлі бағыттарда қарастырылуы тиіс.
Өнер пәндерін оқыту тәжірибелері көрсеткендей сәндік қолөнері шығармашылық, өнертанымдық, жалпы білімдік пән болғандықтан оны оқытуда жаңа технологияларды қолдану түрлі ғылыми педагогикалық, көркем танымдық әдістемелік ізденістерді қажет етеді.
Айтылғандарды қортындылай отырып, жас ерекшелігі, психологиялық, физиологиялық даму ерекшеліктеріне сәйкес, қолөнерінің көркемдік мазмұнында шығармашылықтың түрлі тәсілдері қамтылған, мақсатты түрдегі оқыту, кәсіптік колледж білімгерлерінің шығармашылық ой-өрісін, қиялын, талғамын қалыптастырудың бірден-бір кепілі деуге болады.
Түсіндірме сөздікте: «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» деп айтылған. Ал ғалым Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсатты көздеп бағыт беретін педагогикалық ықпал тәсілдері деп дәлелдейді. Жаңа педагогикалық технология әдістемеден, тәсілдерден оқыту әрекеттерінің өңдеп оқыту мазмұнына сай лайықты қолдануға болатындығымен ерекшеленеді.
Жаңа технология арқылы оқытуда педагог білімгерлердің қолөнерін меңгеру барысында өзін-өзі қалыптастыруын, қолөнерінің жаңа техникалары мен инновацияларын қолдануын, шығармашылықтың жаңа бағыттарын игерудің теориялық негіздерін зерттеп жүйелі принциптік негізде ұғынып, мәнін түсінуден бастаған жөн, олар:

  1. Қолөнерін оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және басқаруда, оны үйлесімді, қолайлы түрде оның жаңа техникалары мен технологияларын үйретуде дамытудың ұтымды бағытына сүйену.

  2. Қолөнерін оқытуда білімгерлер шығармашылығын басқарудың үлгісі мен атқару тәртібін қайта қарау.

  3. Қолөнерін оқыту процесін ұйымдастыру кезіңдегі жоспарлауда бағдарламалар, оқулықтар негізінде жаңа техникалық технологиялық тәсілдерге жүгіну;

  4. Қолөнерін оқытудың жоғарғы нәтижелеріне жетуде қажетті оқу, көркем шығармашылық жаңа технологияларын бір-бірімен өзара тығыз байланыста болуын ескеру;

  5. Қолөнерін оқытуда студенттерді шығармашылыққа ынталандырып, білім деңгейін тереңдету, олардың ой-өрісін кеңейтуде, оқыту уақытын үнемдеп бағдарламалық мәліметтерді толық меңгеруді әдістемелік іске асыру.

Оқу еңбегінің жоғарғы деңгейдегі мөлшеріне сәйкес, оның көлемі жүйелі түрде қолайлы қызмет атқаруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде қолөнері мамандықтары студенттері жоспарланған жалпы білімдік дайындықтың негізгі деңгейіне барынша толық жете алады. Ал осы жағдайда оқыту қарқынын, шығармашылықты белсендірудің негізгі бағыттары мыналар.

  1. Жоспарланған сабақ уақыты барысында мамандық бойынша өтілетін тақырып мазмұны мен берілетін білім мөлшерін ұтымды және жүйелі орналастыру технологиясы;

  2. Қолөнері қызмет процесін әрбір студенттің көркем қызмет мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сай ұйымдастыру;

  3. Қолөнерін оқытудың дидактикалық модульінің әр кезеңдерінде көркем қызмет шығармашылық процесс кезеңдерінің әдістеме мен технологияның сабақтастығы үйлесімін ескеру;

  4. Студенттің көркем білім деңгейін болжау және бағалауда, қарқынды бақылау тәсілін қолдану.

Сәндік қолданбалы қолөнері сабақ үрдісін ұйымдастырудың модульдік технологиясымен оқыту технологиясы оқу процесінің жаңа оқыту технологиясы арқылы іске асырылатын және мұғалім іс-әрекетін жоспарлайтын дидактикалық модульдердің жобасын жасауды көздейді. Білімгерлерге базалық және көркем шығармашылық білім беру жүйесі, олардың жеткілікті қолөнерінен іскерлік деңгейін қалыптастыру, оқуға, шығармашылық ойлауға үйрету, білімді өздігінен ізденулерін дамыту, яғни олрды танымдық әдістерімен қаруландыру, оларды өз жұмыстарына сын көзбен қарап, талдауға үйрету, сонымен қатар, өздерінің ой тұжырымдарының дұрыстығын негіздеп дәлелдеуге үйртуге мүмкіндік туады. Сәндік қолданбалы қолөнері сабақтарында оны орындау техникалары мен технологияларын жаңа педагогикалық инновациялар негізінде іске асырудың қажетті шарттары ретінде мынандай әдістемелік принциптерді орындауға көңіл аудару аса маңызды;

  1. Сәндік қолөнері сабағында оқу процесінің модульдік жобалау принципін қолдану;

  2. Сәндік қолданбалы қолөнері сабақтарын ұйымдастыруда оқыту технологияларын сабақ мазмұны мен мақсатына сай іріктеп таңдау;

  3. Студенттердің жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік біліктілік әдісін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру принципін сақтау;

  4. Сәндік қолданбалы қолөнерінің техникалары мен технологияларын педагогикалық инновациямен ұштастыра қолданудың жаңа технологиялық тәсілін жобалаудағы мазмұндық бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі сақтау;

Бұл принциптер қолөнерін оқытуда дамыта оқыту жүйесінде оқытушы мен білімгер арасындағы қарым-қатынастың жаңа қағидаларына негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, шығармашылық түсіністік сияқты қасиеттер оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, білімгердің шығармашылық-ойының дамуына зор ықпал етеді.
Сәндік қолданбалы қолөнері сабақтарында жүргізілген тәжірибе сабақтарының нәтижелерін саралай келіп зерттеу барысында қалыптасқан түсінік, білім, шығармашылық деңгейлерінің сапалық көрсеткіштерін салыстыра отырып төменгідей қорытындыға келеміз:

  1. Жаңа технологияларды үйлесімді қолдану арқылы көркем тәрбие барысында білімгерлерге көркемдік қасиеттерді сіңіруде
    қолөнер туындыларын қолданудың мазмұны айқындалды;

  2. Қолөнері сабақтарында өнер туындыларын пайдалана отырып шығармашылыққа белсендіру білімгерлердің көркемдік талғамын қалыптастыруға зор ықпал ететіндігі байқалады;

  3. Ұлттық қолданбалы қолөнерінің тәлім-тәрбиелік мәні мен эстетикалық мазмұны оның өзіне тән көркемдік қасиеттері мен өз бойына жинақтаған ішкі мазмұнымен де аса
    құнды көркем тәрбие құралы екендігі айқындалады.

Жалпы педагогика ғылымында жаңа педагогикалық технология басты үш деңгейде қолданылатындығы айтылады:
Жалпы педагогикалық – педагогикалық жүйе ұғымындағы: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен объектілерінің әрекет алогритімі кіріп қолданысқа енеді.
Салалық, пәндік - жеке пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға бағытталған әдіс-тәсілдер мен құралдар жиынтығы.
Локальдік немес модульдік – пәнді оқытудағы жеке әрекеттер мен тәсілдер технологиясы; жеке дара шығармашылық қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы; жаңа материалды игерту технологиясы; белсендіруді ұйымдастыру технологиясы; жеке көркемдік жұмысты ұйымдастыру технологиясы.
Ғылыми әдебиеттерде педагогикалық технология құрамы төменгідей түрде көрсетіледі:

    1. Концептуалдық негізі.

    2. Мазмұндық бөлігі: жалпы оқыту мақсаты; нақты оқыту материалдық мазмұны.

    3. Процесуалды бөлігі – технологиялық процесс: оқыту процесін ұйымдастыру; оқушының оқу әрекетінің әдістері мен түрлері; ұстаздың оқу материалын меңгеру процесін басқару әрекеті; оқу процесін диагностикалау.

Сонымен бірге, кез келген педагогикалық технология негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек екендігі мәлім. Сондықтан біз өз зерттеуімізде жалпы педагогика ғылымында зерттеліп көрсетілгенг әдіснамалық мынадай: концептуальдық негізінің болуы мен қандай технология болса да философиялық ғылыми тұжырымдамаға негізделуі; жүйелілігі, педагогикалық жүйенің барлық бөліктерінің логикалық байланыста болу шарты; басқаруға оңтайлылық, диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға, нәтижені өңдеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігіболуы; тиімділік,білім беру стандартын қанағаттандыруы тиістілігі; қайталап өңдеуге жарамдылығы, басқа оқу орындарында осы күйде қолдануға мүмкіндіктің болуы сияқты талаптарына да жүгініп отырдық.
Педагогика ғылымында ғалымдар педагогикалық технологияларды мынадай топтарға жіктеп қарастырады, олар:
1.Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық және ізгілік педагогикалық технологиясы;
2.Білімгер әрекетін ынталандырып жандандыру және жетілдіру технологиясы;
3.Сабақта оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігі технологиясы:
4.Оқытуды әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу технологиясы;
5.Білім берудегі табиғаттәнділік, ұлттық педагогика әдістері технологиясы:
6.Оқытудың альтернативті технологиясы;
7.Оқытудағы кешенді технологиялар;
В.Т.Лихачев педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым, өзгермелі құбылыс дейді.
Оқушылардың білімін және дағдыларын қалыптастырумен ғана шектелетін жүйелер мен әдістер ғана емес, білім беру арқылы тәрбиелеу, дамыту жүйелері мен әдістері П.Гальперин, Д.Эльконин, В.Давыдов, т.б. ғалымдардың есімдерімен дүниеге екелді. Л.Занков, В.Шаталов әдістері де өз орындарын табуы керек.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж.Қараеевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүргендігі белгілі жайт.
Л.В.Занков, Б,Д.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұсыныстардан құралады:

  1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.

  2. Теориялық білімнің жетекші ролі.

  3. Оқу материалдарын жеделдете оқыту.

  4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.

  5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Л.Н.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасының іргетасы қаланды. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағытаушы ретінде көрінеді.
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрамы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Бұл үрдісті ұйымдастыру: біріншіден, педагогикалқы технологиялар банкіне, яғни олармен қамтамасыз етілуге, екіншіден, жоғарыда көрсеткеніміздей, педагогикалық технологияларды таңдай білуге, үшіншіден, оны іске қосу мехнизіміне негізделеді.
Қазіргі педагогиканың оқушылардың бойында шығармашылықпен қызмет ету сапасын қалыптастыруға бағытталуы педагогикалық іс-әрекеттің ұстамдарыныңда өзгеруіне соқтырып, отыр. Жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде және бейнелеу өнері сабақтарында қолданудың өзіндік көркем танымдық және әдістемелік жолдары болады. Өнерді оқыту және ол арқылы тәрбие беру көп жағдайда әртүрлі қисынды, қисынсыз педагогикалық қатаң заңдылықтар мен шектеулерге иліге бермейді. Сондықтан мұнда аса айырықша тәсілдер мен ерекше білім және көркем танымдық,әсерлі сезімдік тәсілдер жүйесі қолданылады.
Білімгердің өмірді шығармашылықпен игеруге қажетті ой-қиялын, таным өрісін қалыптастыру, дамыту заңдылықтарын айқындау, одан соң практикалық іс-әрекеттері барысында шығармашылық жұмыстар жасауға белсенділік арттыру жолдарын іздестіру, ұйымдастыру, жүзеге асыру, аса маңызды міндеттер болып табылады.
Колледж білімгерлерінің қолөнері және басқа өнер түрлері саласындағы шығармашылық іс-әрекеттерінің қалыптасуы, дамуы, көркемдік білім мен тәрбие жүйесіндегі өнер пәндеріне тән түсініктердің, дағды мен іскерліктің, қабілеттіліктің бекуіне сүйенбей жүзеге аспайтынын педагогтар, психологтар, олардың көркемдік іс-әрекеттерінің мән-мазмұнын зерттеу барысында айқындап береді.
Технологияларды ұштастыра отырып үйлесімді қолдану колледж білімгерлерінің сәндік қолөнеріне тән өзіндік көркемдік тілін игеру, көркем бейнелі образдары мен бұйымдарын жасауға баулу, дағдыландыру, көркемдік қиялы мен шығармашылық қабілетін дамыту, олардың эстетикалық талғамына, танымына, рухани қалыптасуына ықпал жасап терең білім алуына мүмкіндік береді.
Қабылдау - өнер арқылы тәрбиелеудің, көркемдік іс-әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулудың бір жолы және тәсілі. Сондықтан, өнерге баулу мен оқытудың бір формасын екіншісінен бөлек алып қарауға болмайды.
Өнерге араласу, әсіресе мамандық білімгерлерінің өнер туындыларымен қауышуы, олардың қоршаған өмір шындығы мен шығармашылық өзара қатынастың ерекше құбылысы ретінде қаралуы тиіс. Бұл құбылыс, педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруды, психологиялық жағынан дайындауды талап етеді және оны жүзеге асыру білімгерлердің жас ерекшеліктеріне сәйкес, өте сапалы, көркемдік оқу құралдары мен дидактикалық материалдары тиімді, пайдалану арқылы өтуі тиіс.
Педагогика ғылымы теориясында дидактикалық оқу- тәрбие үрдісінде педагогикалық жаңалықтар мен технологияларды енгізу басты төрт кезеңінен тұратындығы көрсетіледі, олар төменгідей:
Жаңа идеяны іздеу: Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
Жаңалықтарды ұйымдастыру: Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.
Жаңалықтарды енгізу: Оқу - тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
Жаңалықтарды бекіту: Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі инновациялық білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Оқыту технологиясы оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланады. Ол білімгерлердің оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне ықпал ететін оқытушылардың интелектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, нақты ғылыми компоненті.
Сәндік қолданбалы қолөнері сабақ үрдісін ұйымдастырудың модульдік технологиясымен оқыту технологиясы оқу процесінің жаңа оқыту технологиясы арқылы іске асырылатын және мұғалім іс-әрекетін жоспарлайтын дидактикалық модульдердің жобасын жасауды көздейді. Білімгерлерге базалық және көркем шығармашылық білім беру жүйесі, олардың жеткілікті қолөнерінен іскерлік деңгейін қалыптастыру, оқуға, шығармашылық ойлауға үйрету, білімді өздігінен ізденулерін дамыту, яғни олрды танымдық әдістерімен қаруландыру, оларды өз жұмыстарына сын көзбен қарап, талдауға үйрету, сонымен қатар, өздерінің ой тұжырымдарының дұрыстығын негіздеп дәлелдеуге үйртуге мүмкіндік туады. Сәндік қолданбалы қолөнері сабақтарында оны орындау техникалары мен технологияларын жаңа педагогикалық инновациялар негізінде іске асырудың қажетті шарттары ретінде мынандай әдістемелік принциптерді орындауға көңіл аудару аса маңызды;

  1. Сәндік қолөнері сабағында оқу процесінің модульдік жобалау принципін қолдану;

  2. Сәндік қолданбалы қолөнері сабақтарын ұйымдастыруда оқыту технологияларын сабақ мазмұны мен мақсатына сай іріктеп таңдау;

  3. Студенттердің жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік біліктілік әдісін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру принципін сақтау;

  4. Сәндік қолданбалы қолөнерінің техникалары мен технологияларын педагогикалық инновациямен ұштастыра қолданудың жаңа технологиялық тәсілін жобалаудағы мазмұндық бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі сақтау;

Бұл принциптер қолөнерін оқытуда дамыта оқыту жүйесінде оқытушы мен білімгер арасындағы қарым-қатынастың жаңа қағидаларына негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, шығармашылық түсіністік сияқты қасиеттер оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, білімгердің шығармашылық-ойының дамуына зор ықпал етеді. Мысалы, жаңа технологияларды қолдану барысында біздің тәжірибемізде көркем шығармашылық тапсырмаларды орындау нәтижесінде білімгерлердің 69,2 %-і көркем нақышты жұмыс орындады, ал, 85,5%-і қолөнері түрлерінің мазмұнық ерекшеліктерін анықтады, 96,7%-і қолөнері туындысының көркем мазмұныны мен техникалық тәсіліне сипаттама бере алды.
Сәндік қолданбалы қолөнері сабақтарында жүргізілген тәжірибе сабақтарының нәтижелерін саралай келіп зерттеу барысында қалыптасқан түсінік, білім, шығармашылық деңгейлерінің сапалық көрсеткіштерін салыстыра отырып төменгідей қорытындыға келеміз:
1. Жаңа технологияларды үйлесімді қолдану арқылы көркем тәрбие барысында білімгерлерге көркемдік қасиеттерді сіңіруде
қолөнер туындыларын қолданудың мазмұны айқындалады;
2. Қолөнері сабақтарында өнер туындыларын пайдалана отырып шығармашылыққа белсендіру білімгерлердің көркемдік талғамын қалыптастыруға зор ықпал ететіндігі байқалады;
3.Ұлттық қолданбалы қолөнерінің тәлім-тәрбиелік мәні мен эстетикалық мазмұны оның өзіне тән көркемдік қасиеттері мен өз бойына жинақтаған ішкі мазмұнымен де аса
құнды көркем тәрбие құралы екендігі айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет