Отбасы және Қазіргі заман


ОТБАСЫНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ



бет2/4
Дата10.11.2022
өлшемі0,74 Mb.
#157496
1   2   3   4
Байланысты:
5-лекция. ОТБАСЫ және қазіргі заман

ОТБАСЫНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ:

  • ЕРЕКШЕЛІКТІ (НЕГІЗГІ) ҚЫЗМЕТТЕРІ:
  • ХАЛЫҚТЫҢ ҰДАЙЫ ӨСІП-ӨНУІ; БАЛАЛАРДЫ АСЫРАП, САҚТАУ; БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ.
  • ЕРЕКШЕЛІКСІЗ (ҚОСЫМША) ҚЫЗМЕТТЕРІ:
  • ЖЕКЕ МЕНШІКТІҢ ЖИНАҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ОҒАН ИЕ БОЛУ МӘРТЕБЕСІ; ӨНДІРІС ПЕН ТҰТЫНУ; ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ АМАНДЫҒЫ МЕН САУЛЫҒЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ;

ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ БОЙЫНША ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСҚАН БІРНЕШЕ СТЕРЕОТИПТЕРІ БАР. ОЛАР МЫНАЛАР: 1. БАЛА ЦЕНТРИЗМІ; 2. БАЛА ПРОФЕССИОНАЛИЗМІ; 3. БАЛА ПРАГМАТИЗМІ.

Әлеуметтануда ажырасудың себептері үш топқа бөлінеді: 1. тұрмыстық ахуал, баспана жағдайы; ерлі-зайыптылардың бірінің үй шаруашылығына икемі болмауы немесе оған деген ықыласының болмауы; материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі, т.б.; 2. махаббат сезімінің жойылуы; отбасындағы өрескелдік; өмірге деген көзқарастың әр түрлі болуы; ерлі-зайыптылардың бірінің ауруға шалдығуы; қызғаншақтық, күмәншілдік т.б.; 3. ерлі-зайыптылардың теріс жолға түсуі; көзге шөп салу; жаңа сезімнің пайда болуы және оның жаңа отбасын құруға итермелеуі; бұған ата-аналарының және т.б. туыстарының араласуы.

  • Отбасы
  • толық
  • толық емес
  • күрделі
  • ата-анасы және балалары бар отбасы
  • ата-анасының біреуі ғана бар отбасы.
  • ата-анасы, балалары және туыстары бірге
  • өмір сүретін отбасы.
  • -еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
  • -отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі;
  • -бөгде адамның отбасы ісіне араласуын болдырмау;
  • -балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;
  • -отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;
  • -отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;
  • -отбасы мүшелерінің бір-бірінің қамын ойлауы.
  • Отбасы - индивидті туыстарымен байланыстырып, жас ұрпақты тәрбиелеп,оның бойындағы эгоизмді жеңуге баулитын, аға ұрпақтың тәжірибесін, салт-дәстүрді сақтап, алға апаратын, индивидті әлеуметтендіріп, қоғамға қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді игертетін, табиғи индивидуализмнен арылтып, басқалар үшін өмір сүруге үйрететін, ұрпақтар арасындағы жақсы қарым-қатынасты, қоғамдық тепе-теңдікті, аға ұрпақ пен жастар арасындағы дәстүр мен жаңашылдық балансты сақтайтын әлеуметтік институт.
  • Отбасы атқаратын міндеттеріне, отбасындағы билікке, өркениетті даму типіне қарай дәстүрлі (авторитарлық) және эгалитарлы болып бөлінеді
  • Эгалитарлы отбасы – демократиялық қарым-қатынасқа, әйел мен еркек арасындағы теңдікке, әріптестікке негізделген.
  • Дәстүрлі отбасы – авторитарлық басқару үрдісіндегі сияқты бір адамның билігіне негізделеді. Яғни, отағасының беделі үстем, отбасылық өмірдегі барлық маңызды мәселелерді өзі шешіп, отбасы мүшелерінің қауым алдындағы тәртібіне де өзі жауап береді және сыртқы ортада отбасының өкілі болып есептеледі. Отбасылық қарым-қатынастар отбасы мүшелерінің қалыптасқан иерархиялық рөлі негізінде құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет